
- •8. Ас қорыту, энергия алмасуы, тамақтану физиологиясы
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Vіi. Сабақтың мазмұны:
- •Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Viі. Сабақтың мазмұны:
- •Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •Оксиспирограмманы талдау және негізгі алмасу деңгейін шығару.
- •Vіi. Сабақтың мазмұны.
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •1 Кесте
- •Қосымша
- •2 Кесте
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту, зат және энергия алмасуы, тамақтану физиологиясы тақырыптары бойынша тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
Студент білуі қажет:
Қарынның, ішектің қимыл әрекетін, олардың түрлерін, реттелуін.
Ішектегі өтетін ас қорыту түрлерін.
Ішек-қарынның қимыл әрекетін зерттеу әдістерін.
Ас қорыту үрдістеріндегі ұйқы безі мен бауырдың маңызын.
Асты сіңіру және ас сіңіру механизмдерін.
Студент орындауы қажет:
Тәжірибе жүзінде ішектің қимылын тіркеу, ішектің қозғалысына адреналин мен ацетилхолиннің әсерін бақылау.
Вертгеймер тәжірибесінде биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиетін бақылау.
10%-дық күкірт қышқылының ерітіндісіне малып алынған "тері қапшықтардың" бір бағытта өткізу қасиетінің жойылуын көру.
Тәжірибелердің нәтижелерін суреттер, қорытындылар түрінде көрсету.
V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеттерін зерттейтін әдістер.
Мастикациография әдісі, мастикациограмманы талдау (стом. ф-ті).
Шайнау еттерінің түрлері (стом. ф-ті ).
Қарынның қимыл әрекеті, астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі.
Аш ішектің жиырылуы, ішек қимылдарының түрлері.
Ішек қимылдарының реттелуі.
Ішектегі астың қорытылуы. Балалардағы ерекшелігі (бала емдеу ф-ті).
Ұйқы безі мен бауырдың ас қорыту үрдістеріндегі маңызы.
Қуыстық және мембраналық ас қорыту.
Ас қорыту жолының әр түрлі бөлімдерінде өтетін астың сіңірілуі. Балалардағы ерекшеліктері (бала емдеу ф-ті).
Астың сіңірілу механизмдері.
Бақа ішегінің қимыл әрекетінің реттелуін зерттеу әдісі.
Биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізуін зерттейтін әдіс – Вертгеймер тәжірибесі.
Ішек қозғалысын зерттейтін әдістер.
Бақа тік ішегінің қимыл әрекетін, реттелуін зерттеу әдістері.
Vі. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.
Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті арқасында оларға барып түскен тағам бөлшектері жаншылып, сығылып ұсақталады, ас қорыту сөлдерімен араласып, ішек-қарын түтігімен ілгері қарай жылжып отырады. Ішек-қарын қозғалысын (жиырылуын) оның қабырғаларындағы бірыңғай салалы тегіс ет қамтамасыз етеді.
1а-жұмыс. Бақа тік ішегінің қимыл әрекетінің реттелуін тіркеу
Жұмысқа
қажет заттар:
ілгек, қалам, құрал саймандар, Рингер
ерітіндісі, адреналин (1:1000), ацетилхолин
(1:1000), пипеткалар, эфир, мақта.
Жұмысты орындау: Наркоз (эфир) берілген бақаның екі көзінің артынан жоғарғы жағын тіліп жіберіп тақтайшаға бекітеді.
Қ
ұрсақ
қуысын ашып, тік ішегін клоакадан бастап
шажырқайдан босатады. Тік ішек пен
жіңішке ішектің арасынан екі лигатураны
байлап, олардың ортасынан кеседі. Тік
ішектің бос ұшын ілгекке іліп, қаламға
бекітіп, ішектің қимылдарын кимографқа
жазып алады. Қалыпты жағдайдағы ішектің
қимыл әрекетін жазып алғаннан кейін
ішекке 1-2 тамшы ацетилхолин тамызады,
сонда ішектің жиырылуы күшейеді. Ішектің
қимылының қисық сызығын жазуды жалғастыра
беріп, ішекті Рингер ерітіндісімен жуып
шаяды. 1-2 тамшы адреналин құяды, нәтижесінде
ішектің ширақтық (тонустық)
қимылы тежеледі.
Жұмыс нәтижесін көрсету:
Тәжірибе схемасын суретке салыңыз.
Ішек қимылдарына ацетилхолин мен адреналин әсерін көрсетіп кимограммасының (қисық сызықтың) суретін салыңыз.
Ішек моторикасына симпатикалық және парасимпатикалық жүйке медиаторларының әсері жайлы қорытынды жазыңыз.
1б-жұмыс. Үй қоянының бөлек кесіліп алынған аш
ішегінің қимыл әрекетін Магнус әдісімен жазып алу
Жұмыстың мақсаты:
Бөлек кесіліп алынған ішектің өзінен өзі (автоматтық ырғақпен) жиырылуын бақылау.
Бөлек кесіліп алынған ішектің жиырылуын көрсететін қисық сызықты жазып алу.
Арденалин мен ацетилхолиннің ішек қызметіне (моторикасына) әсерін бақылау.
Жұмысқа қажет заттар: үй қояны, хирургиялық аспап-құралдар, шыны ыдыс, бір ұшы бүгілген шыны түтік (Магнус ілгегі), қысқышты штатив, резеңке баллондар, Энгельман рычагі, кимограф, байлауыш жіп (лигатура), ацетилхолин, адреналин, Рингер-Локк ерітіндісі (жылуы 37-38оС).
Жұмысты орындау. Наркозбен ұйықтатылған үй қоянын шалқасынан жатқызып бекітеді де, оның ішін жарып аш ішегінен ұзындығы 3-5 см кесінді алады. Ішек кесіндісінің бір ұшын шыны ілгекке іліп, жіппен байлап тастайды да, екінші ұшын шыны ілгекке іліп, жіппен байлап тастайды да, шыныдағы Рингер-Локк ерітіндісіне (37-38оС) салады. Резеңке баллонды пайдалана отырып ерітіндіні оттегімен қанықтырады. Бөлініп алынған аш ішек кесіндісінің жиырылу қабілетін кимографқа жазып алады. Рингер-Локк ерітіндісіне ацетилхолин, кейін жаңа Рингер-Локк ерітіндісіне адреналин қосады да, осы заттардың ішек қызметіне (жиырылуына) әсерін байқайды.