Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ас орыту,энергия алмасу 8.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері

Жаңа туған балалардың, емшектегі сәбилердің тамақтануы – лактотрофты – сүтпен тамақтану түрінде болады. Бұл кезде ас қорытудың аутолитикалық түрі де байқалады. Аутолитикалық ас қорытуда қоректік заттардың ыдырауы тағамның құрамындағы ферменттер арқылы өтеді (ана сүтінің құрамындағы ферменттер).

Жаңа туған нәрестенің ауыз қуысындағы ас қорыту ерекшеліктері:

а) Ауыздың кілегейлі қабығында сілекей бездерінің шырыны аз мөлшерде болады, сілекей бездері өте кішкентай.

ә) Орталық жүйке жүйесінің реттелуінің қызметі толық жетілмеген.

б) Сілекейдің маңызы ас қорытуда әлсіз болады, себебі нәресте емшек сүтімен қоректенеді. 4-6 айдан бастап емшектегі балалардың сілекей бөлінуі күшейеді, бөлінген сілекейді жұтып үлгермейтіндіктен, сілекей ауыздан ағып тұрады – сілекейдің физиологиялық бөлінуі.

Саливацияның күшею себептері:

  1. Үшкіл жүйкенің тітіркенуі, сүт тістерінің өсуі (физиологиялық гиперсаливация – тіс шыққанда сілекей бөлінуінің күшеюі).

  2. Сілекей бездерінің салмағының көбеюі.

  3. Қосымша тамақтанудың қолданылуынан.

Жаңа туған нәрестенің сілекей құрамындағы -амилаза ферментінің белсенділігі әлсіз, кейіннен белсенділігі өсіп, 2-7 жасқа жеткенде ең жоғарғы дәрежесіне жетеді. 1 жастан кейін сілекейде мальтаза ферменті пайда болады. 1,5 айда сілекей бездері лизоцим бөле бастайды, оған дейін бұл бактериоцидтік зат ана сүтімен түседі.

Жұту, ему рефлекстері ұрық дамуының 5 айында пайда болады. Бұл шартсыз рефлекстер, бала туылғанда жақсы дамыған түрде пайда болады.

Қарындағы ас қорыту: Емшектегі балалардың асқазаны көлденең орналасады. Бала тұрып, жүре бастағанан кейін вертикалды орналасады. Жаңа туғанда қарынның көлемі 30-33 мл, 3 айда – 100 мл, 1 жаста – 250 мл-ге жетеді. Қарын бездерінің саны аз келеді, сөл бөлу қызметі әлсіз. Қарын сөлінің қышқылдығы мен ферменттік белсенділігі 1 жастан бастап өседі.

Қарын сөлінің құрамы. Жаңа туған нәрестелердің қарын сөлінің қышқылдығы сүт қышқылымен қамтамасыз етіледі. Тұз қышқылының синтезі 4 айдан басталады. 1-5 жасқа жеткенде қарын сөлінің рН-ы 1-2-ге тең болады (ересек адамдардікімен бірдей). Пепсин ферментінің белсенділігі төмен, сондықтан сүттен басқа белокты тамақты беруді шектеу керек. рН-ы 6,0-6,5 қарын сөлінің құрамындағы химозин сүт белоктарын гидролиздейді, сондықтан бұл ферменттің мәні өте жоғары. Сүттің құрамындағы майды, эмульсияланған майды липаза ферменті қорытады. Астың қарында болу уақыты: емшектегі балаларда 2-3 сағат, ал сиыр сүтін қолданғанда 3-4 сағат.

Vіi. Сабақтың мазмұны:

Студенттер өздері орындайтын жұмыстар:

  1. Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.

  2. Ас қорытуда зерттейтін фистулалаық оперциялармен танысу (суреттерді, муляждарды қолдану арқылы).

Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау (теориялық материалды, лабораториялық жұмыстарды талқылау):

Студенттердің бастапқы және қорытынды білімінің деңгейін тексеру (өздігімен дайындалуға араналған сұрақтар, тесттер, мәселелік тапсырмалар арқылы).

І. Тақырып: Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеті. Ішектегі астың қорытылуы. Астың сіңуі. Биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиеті.

II. Оқу сағатының саны - жоспар бойынша

ІIІ. Тақырыптың маңыздылығы: Ішек-қарынның қимыл әрекеті, олардың реттелуі, ішектің әр түрлі бөлімдерінде өтетін ас қорыту түрлері, астың сіңу үрдістерін түсінуге толық мәліметтер береді. Алынған мәліметтер болашақ дәрігерлердің білімін тереңдетіп, ішектің, бауырдың дерттерінің дамуын түсінуінде олардың алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік тудырады. Педиатрия факультетінде балалардың аш ішегіндегі ас қорыту ерекшеліктері мен астың сіңу ерекшеліктеріне көңіл аударылады.

ІV. Сабақтың мақсаты: