
- •8. Ас қорыту, энергия алмасуы, тамақтану физиологиясы
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Vіi. Сабақтың мазмұны:
- •Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Viі. Сабақтың мазмұны:
- •Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •Оксиспирограмманы талдау және негізгі алмасу деңгейін шығару.
- •Vіi. Сабақтың мазмұны.
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •1 Кесте
- •Қосымша
- •2 Кесте
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту, зат және энергия алмасуы, тамақтану физиологиясы тақырыптары бойынша тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
Р. Гейденгайн әдісі
Асептика және антисептика талаптарын сақтай отырып, наркозбен ұйықтатылған итке операция жасалады. Құрсақ қуысындағы қарынды шығарып алады да, оны үлкен иінінің алдыңғы және артқы беттерін тіліп үш бұрышты кішкене қиық жасайды. Қарын тілігін тігіп қалпына келтірген соң, кесіп алынған қиықтан кішкене қарынша жасайды. Қарынша қарынмен тек қан тамырлары арқылы байланысады: қиықты тілген кезде жүйке талшықтары да кесіледі. Қарыншаның сыртқы ашық ұшын терінің сыртына шығарып, тігіп тастайды. Операциядан жазылған соң, тамақтанған иттің 30-40 минут өтісімен кіші қарыншадан сөл сыртқа шыға бастайды. Бұл қарындағы гуморальдық жолмен сөл шығару кезеңіне дәл келеді.
И.П. Павлов әдісі
Иттің құрсақ қуысынан шығарып алынған қарын түбінен үлкен иінге жарыстыра отырып тіледі де, қиындыдан кіші қарынша жасайды. Қарынша мен қарын арасында кесілмей қалған жер (көпір) арқылы бірімен-бірі байланысып тұрады: осы арада кезеген жүйке талшығы тарамдалады. Кесілген қарын түбін тігіп, қалпына келтіреді де, кесілген қиықты тігіп қарынша жасайды. Қарын мен кіші қарыншаның арасындағы көпіршенің кілегейлі қабығынан тығын жасайды. Кілегейлі қабықтан жасалған тығын қарындағы ас пен сөл қоймалжыңын кіші қарыншаға өткізбей екі қуысты бірінен-бірін бөліп тастайды. Кіші қарыншаның қалдырған ұшын терінің сыртына шығарып тігіп қояды. Павлов әдісімен жасалған кіші қарынша қарынмен жүйке арқылы және гуморальдық жолмен байланысады, сондықтан кіші қарынша мен қарын бір мезетте сөл шығарып отырады.
г) Аш ішекке Тири-Велла әдісімен фистула қою
Ішектің шырын шығару, жиырылу, қорек сіңіру қабілеттерін зерттеу үшін Тири 1865 ж. арнайы әдіс ұсынды, ал Велла 1888 ж. оны толықтырып, операция жасау әдісін жаңартты, сондықтан да бұл әдіс Тири-Велланың аш ішекке фистула қою әдісі деп аталады. Аш ішектен ұзындығы 25-30 см кесінді бөлініп алынады. Кесіндінің екі ұшы тері сыртына шығарылады. Ішектің қайтадан бүтін болуы, химусты одан әрі жылжытуы энтеро-энтеростомоз арқылы іске асырылады. Ішек кесіндісінің қоректенуін, организммен байланысын шажырқай қан тамырлары мен жүйкелері қамтамасыз етеді.
2-жұмыс. Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу
Адамның қарыны тәулігіне 2-2,5 л сөл шығарады. Сөл құрамында қышқыл-сілті тепе-теңдігін (рН) қалыптастырып отыратын тұз қышқылы мен белок ыдырататын ферменттер (пепсин, гастриксин, химозин) болады. Қарын сөлінің белок ыдырату қабілетінің шамамен 95%-ы пепсин мен гастриксинге байланысты. Мұнымен қатар қарын сөлінің құрамында май ыдырататын липаза деген фермент бар.
Жұмысты орындау:Жұмыс төрт пробиркада атқарылады:
№1 пробиркаға 2 мл қарын сөлі,
№2 пробиркаға 2 мл қайнатылған қарын сөлі,
№3 пробиркаға рН сілтілі реакцияға айналғанша (қызыл лакмус қағаз көкшіл болағнша) сода (NaHCO3) ерітіндісі қосылған 2 мл қарын сөлі,
№4 пробиркаға 2 мл 0,5%-дық тұз қышқылы құйылады. Пробиркалардың төртеуіне де 0,1-0,3 г фибрин қосып, температурасын 38о ұстайтын термостатқа қойылады. 30-40 минуттан соң пробиркаларды термостаттан алады да, ішіндегі фибринде қандай өзгерістер болғанын анықтайды. Тәжірибе нәтижесін кестеге жазу керек.
Пробирка № |
Пробирка ішіндегі заттар |
Фибриннің қалпы |
Фибриннің өзгеру себептері |
1 |
2 мл қарын сөлі + фибрин
|
|
|
2 |
2 мл қарын сөлі (қайнатылған) + фибрин |
|
|
3 |
2 мл қарын сөлі + NaHCO3 ерітіндісі + фибрин |
|
|
4 |
2 мл 0,5% HCl + фибрин
|
|
|
3-жұмыс. Электрогастрография
Электрогастрография дегеніміз қарын етінің қозғанда пайда болатын биотокты жазып алатын әдіс. Бұл әдіспен қарынға қабылдағыш енгізбей, оның қимыл әрекетін (моторикасын) зерттеуге болады. Бұл қарынның қызметтеріне, ас қорыту қабілетіне жағымсыз әсер етпейді.
Электрогастрограф биотокты күшейтіп арнайы құралдан (жиілігі 0,02-0,1 Гц шамасында) және сиялы қаламнан тұрады. Бір каналды электрогастрограф стационарда да, үйде де пайдаланылады. Оны кәдімге тұрғын үйде 110, 127, 220 вольттік айнымалы ток торабына қосуға болады. Лента минутына 10 мм жылдамдықпен жылжиды. Электрогастрографтың жұмыс тұтқалары оның бет жағында орналасқан.
Ж
ұмысты
орындау.
Электрогастрографпен жұмыс бастардың
алдында оның нұсқау ережелерімен танысып
алу керек. Жерге жалғап, ток күшін
реттегеннен кейін аспапты айнымалы ток
торабына қосады. Адам кереуетке
жатқызылады да, оның құрсағы мен балтырын
жалаңаштайды. Электрод жабыстырылатын
жерлерін спирт ерітіндісімен сүртеді.
Электр тогы өтетін электродты төспен
кіндік арасының жоғарғы үштен бір
бөлігінің үстіне,
яғни асқазан тұсына қояды. Индиференттік
(бейтарап) электродты оң аяқтың балтырына,
ал жерге жалғанған электродты сол аяқтың
балтырына қояды. Электродтар 10%
NaCl
ерітіндісіне малынған дәке салфеткаларының
үстіне қойылады. Сонан соң оларды
экрандалған сымдармен электрогастрографқа
жалғайды. Күшейтудің қажетті шамасын
қойып (мысалы, 0,2 мВ калибрлі сигнал
қойғанда қалам 10 мм-ге жылжиды), таспа
(лента) тартатын механизмді қосады да
электрогастрограмманы
жазып алуға кіріседі. Сау адам денесінің
асқазан тұсынан тіркелген биотоктің
мөлшері 250-350 мкВ болуға тиіс.
Электрогастрограмма
таңғы жеңіл
тамақтан кейін 20 мин өткен соң жазыла
бастайды.