
- •8. Ас қорыту, энергия алмасуы, тамақтану физиологиясы
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •Р. Гейденгайн әдісі
- •И.П. Павлов әдісі
- •Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері
- •Vіi. Сабақтың мазмұны:
- •Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі
- •Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
- •Магнус тәжірибесінің схемасы
- •Viі. Сабақтың мазмұны:
- •Энергия алмасуы. Тамақтану.
- •Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.
- •Оксиспирограмманы талдау және негізгі алмасу деңгейін шығару.
- •Vіi. Сабақтың мазмұны.
- •Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері.
- •1 Кесте
- •Қосымша
- •2 Кесте
- •3 Кесте Негізгі тағам өнімдерінің химиялық құрамы және қуаттылығы (100 г-ға шаққанда)
- •4 Кесте
- •5 Кесте Ерлердің негізгі алмасуын есептеуге арналған кесте
- •6 Кесте
- •1 Литр ауаны қалыпты жағдайларға (0о с 760 мм.С.Б.) келтіру
- •Мәселелік тапсырмалар
- •Ас қорыту, зат және энергия алмасуы, тамақтану физиологиясы тақырыптары бойынша тест сұрақтары
- •А. Белоктар.
- •А. Оң азоттық баланс.
- •А. Белоктар.
Мәселелік тапсырмалар
Иттің ауыз қуысына құм түскен. Оған сілекей бөліне ме?
Бір итті етпен, екіншісін нанмен тамақтандырады. Егер тағамдардың салмағы бірдей болса, олардың сілекейлерінің құрамы мен мөлшері бірдей бола ма?
Екі иттің итаяғына ет, бірақ біреуіне түйір, екіншісіне ұнтақ түрінде салады. Егер тағамдардың салмақтары бірдей болса, сілекей құрамы мен мөлшерінде айырмашылық байқала ма?
Өңеші зақымдалған итте қарын сөлі бөлінуінің таза 1 кезеңін бақылауға бола ма?
Екі иттің венасына басқа иттердің қаны енгізілген. Біреуінде қарын сөлі бөліне бастаған, екіншісінде жоқ. Донор иттер қан аларда қандай жағдайда болған?
Төменде көрсетілген заттардың қайсысы қарын секрециясының эндогенді ынталандырушысы болып табылады? Гистамин, гастрин, энтерогастрон, тұз қышқылы, аскорбин қышқылы, көкөніс шырындары, пептондар, энтерокиназа, секретин.
Иттің қарын қуысына фистула арқылы 500 г ұсақ моншақтар салады. Мұндай жағдайда қарын бездерінен сөл бөліне ме?
Жануар қарнының бетінен шырышты қорғаныс қабатын алып тастаса, қарынның шырышты қабығында қандай өзгерістер пайда болады?
Аш ішек қуысындағы глюкозаның мөлшері 20 мг%, ал қанда 100мг%, осындай жағдайда глюкозаның қанға сіңуі өте ме?
Зонд арқылы қарын сөлін алу үшін қолданатын тітіркендіргіштердің ішіндегі ең қолайлы затты анықтаңыз: құрамында алкоголь бар таңертеңгі ас, кофеинді таңертеңгі ас, гистамин, капуста сорпасы.
Қалыпты жағдайда ішек эпителиі бетінде микротүтіктерінің арасынан қанға микробтар өте ме? Неге?
Қарынның пилорус бөлімінің рН-реакциясы қышқыл, ал он екі елі ішектің реакциясы сілтілі болғанда, пилорикалық сфинктер қандай жағдайға келеді?
Жекеленген кіші қарынша операциясы жасалған итке тамақ беріледі, қарын сөлі 40 минуттан кейін бөлінеді. Жасалған кіші қарынша операциясының түрін анықтаңыз және қарынның сөл шығару механизмін түсіндіріңіз.
Екі пробиркаға ересек адам мен баланың қарын сөлін құйған. Бірінші пробиркада сүт құрамындағы майлардың 25% қорытылады, ал екіншіде олар өте аз қорытылады. Баланың қарын сөлі қандай пробиркаға құйылғанын анықтаңыз? Май гидролизін қандай фермент өткізеді?
5 айлық баланың сілекейі тоқтамай бөлініп тұрғаны ата-анасын мазасыздандырады, сіз қандай жауап бере аласыз?
Емшектегі бала тамақтанғаннан кейін сүтті құсып тастады. Бұл неге байланысты?
Зерттелетін адам 1 минутта 0,4 л О2 сіңіріп, 0,36 л СО2 шығарады, тыныс коэффициентінің мөлшерін есептеңіз.
Бойы 150 см, салмағы 60 кг әйелдің негізгі энергия алмасу мөлшері 1600 ккал тең. Бұл көрсеткіш нормаға сәйкес келе ме?
Ересек адам тәулігіне 70 г белок, 300 г көмірсулар, 100 г май пайдаланды. Осы көрсеткіштер тәуліктік энергия қажеттілігіне тура келе ме?
Тағам рационын құру үшін тәуліктік энергия шығынымен бірге тағы да қандай көрсеткіштерді есепке алу керек?
Негізгі энергия алмасуының мөлшерін 1 кг дене салмағына шаққанда баланың жасына сәйкес орналастырыңыз
-
Жасы
1 апта
1 жас
7 жас
Ересек адам
Негізгі алмасу ккал/кг
55-56 ккал
44-46 ккал
23 ккал
38-42 ккал