Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД новый бага белгилеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
972.8 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғары мектебі

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Бекітемін

ЭБжӘҒЖМ директоры

Сабыров А.С.

«____» _______ 2012 ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(Syllabus)

Пәннің атуы «Баға белгілеу»

Мамандығы

Пәннің коды

«5В050700-Менеджмент», «5В050800-Есеп және аудит»

Tsen 2221

Оқу түрі

күндізгі

Барлығы

2 несие

Курс

2

Семестр

3

Дәріс сабақтары

Практикалық, семинар сабақтары

20 сағат

10 сағат

СОӨЖ

СӨЖ

15 сағат

45 сағат

Емтихан

2 семестр

Еңбек сыйымдылығы 90 сағат

Астана – 2012 ж. Оқытушы туралы жалпы мәліметтер

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, коммерция магистрі Керімқұлова Д.Т.

Ғылыми қызығушылығы: Магистрлік диссертациясы «Темекі өнеркәсібіндегі маркетингтік қызметті жетілдіружолдары» тақырыбында қорғалды.

Тілдерді игеруі: орыс, қазақ, неміс тілін сөздік арқылы игерген

«Экономика және менеджмент» кафедрасы, Қорғалжын тас жолы, 8. 417 ауд. Тел: 70-30-51

Кафедра туралы мәлімет: Қорғалжын тас жолы,8, «Экономика және менеджмент» кафедрасы, 417 ауд. Телефоны: 703051

3. Курс пререквизиті: «Баға белгілеу» пәнін меңгеруде студенттер «Жоғары математика», «Эономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Компьютерлік технология», «Маркетинг» курстарын оқу ұрдісінде алған білімдеріне сүйенеді.

4. Курстың постреквизиті : бағалы құрылымды оқу студентке экономиканы теорияның жалпы курсы, макроэкономика, менеджмент, маркетинг, қаржы және несие сияқты экономикалық пәндерді жақсы игеруге мүмкіндік береді.

5. Курстың қысқаша сипаттамасы: бағалық құрылым туралы ғылым қоғамдағы баға динамикасының құрылу заңдылығын,кәсіпкерлік қызмет пен өндірістің тиімділігін қамтамасыз етудегі шаруашылықты басқарудағы қолданыстар мен сілтемелерді зерттейді. Пәнді оқытудың мақсаты- студенттерде бағаның құрылымы мен деңгейі бағалық құрылымның принциптері мен факторлары, нарықтық экономикадағы бағалық механизмнің қолданылуының негізгі бағыттары туралы жүйелік білімді қалыптастыру.

Пәнді оқытудың мақсаттары:

  • бағалық құрылымның негізі ретінде шекті шығындар мен қажеттіліктердің, өзіндік құн, бағаның теориялық аспектілерін қарастыру;

  • нарықтық қатынас құрылу жағдайындағы бағаның жүйесі мен қызметін білу;

  • өнімнің белгілі түріне баға тағайындаудың ерекшеліктері мен негізгі қағидаларына бағытталу;

  • нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік реттеудің әдістері мен бағалық стратегиясын зерттеу;

  • осы мәселе бойынша шет мемлекеттердің тәжірибелерін қолдану және бағалық диспаритет мәселелерін білу.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • тауар нарығындағы баға қалыптасуының негізгі әдістемелік мәселелерін, бағалық құрылым аясындағы мемлекеттік саясатты, сонымен қатар компанияның баға саясаты мен стратегиясын білуі;

  • баға мен бағалық құрылымды анықтау;

  • өндірістің баға стратегиясын, бағалық құрылым стратегиясын таңдай білу;

  • бағаны мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігін талдау;

  • жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжам жасай білу;

  • құнды есептеу үшін жеке ғылыми зерттеушілік жұмыстарымен айналысу қабілетінің болуы.