Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД новый бага белгилеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
972.8 Кб
Скачать

4. Қосымша құн салығы

Қосымша құн салығы (ҚҚС) тауар өндірісінің және айналымының барлық стадияларында жасалатын және оны өткізгенде, құн өсімінің бір бөлігі ретінде бюджетке төленетін алым нысаны.

Тауарлар өткізілгенде оның бағасы ҚҚС сомасына ұлғайтылған болып келеді. Бірақ есеп беру құжаттарында ҚҚС сомасы бөлек жолда көрсетіледі. Шикізатқа, материалдарға, жанармайға салынатын салықтар өндірістік мақсаттарға қолданылатындықтан өндіріс және айналыс шығындарына жатпайды, сондықтан да өнімнің бағасына да енгізілмейді.

Қосымша құн салығы тауар өткізілгенде оның өндіріс және айналыс процесінде жасалған қосымша құнының бір бөлігінің бюджетке алынатын алымы, сонымен қатар Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардан бюджетке төленетін төлемдер. Бюджетке төленетін қосымша құн салығы, өткізілген тауарлардан (қызметтерден) алынатын ҚҚС сомасымен және алынған тауарларға (қызметтерге) төленетін ҚҚС сомасының айырмасымен анықталады.

Бұдан, ҚҚС шекті тұтынушымен төленетін тауар (қызмет) бағасына қосылатын қосымша салық болып табылады. Бұл салық жері кәсіпорынға емес, тұтынушыға түседі. Кәсіпорын – ол тек бұл салықты жинаушы, сондықтан оның төленуіне мүдделі емес.

Салықтың алынуы бөлшектеп төлеу әдісімен іске асырылады. Тауар өндірісінің және айналымының технологиялық тізбегінің әрбір этабында ҚҚС, оның сатылғанда жне сатып алынғанда төленетін салықтардың айырмасына тең.

ҚҚС салынатын объекттер:

  1. Салық салынатын айналым;

  2. Салық салынатын импорт.

ҚҚС төлеушілері – Қазақстан Республикасының салық Кодексінің 208 бабына сәйкес, ҚҚС бойынша есепте тұрған, мемлекеттік мекемелерден басқа барлық тұлғалар. Импортқа салынатын ҚҚС-ң төлеушілері – Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларымен анықталған, Қазақстан Республикасына тауарларды (қызметтерді) импорттайтын тұлғалар.

Бюджетке төленетін ҚҚС сомасы салық Кодексінің 245-бабымен анықталған ҚҚС сомасымен, осы Кодекстің 235-бабымен анықталған ҚҚС сомасының айырмасымен анықталады.

ҚҚС мөлшерлемесі:

  1. ҚҚС мөлшерлемесі салық салынатын айналым мөлшеріне байланысты және 13%-тең.

  2. Салық кодексінің 222-224 баптарында көрсетілген салық салынатын айналымдарға ҚҚС нөлдік мөлшерлемемен салынады.

  3. Салық салынатын импортқа ҚҚС сомасы, тауар (қызмет) мөлшеріне байланысты 14%-ға тең.

  4. Тауарды(қызметті) импорттағанда салық Кодексінің 516-бабының 2 пунктіне сәйкес ҚҚС сомасы, Қазақстан Республикасының Кедендік заңнамасымен анықталып, жалпы кедендік төлем құрамында төленуі мүмкін.

1.Негізгі әдебиет

  1. И.Х. Салимжанов. Бағалық құрылым. Алматы-2000

  2. Т.А. Слепнева, Е.В. Яркин. Бағалар және бағалық құрылым. Оқу құралы- М. ИНФРА –М.2001.- 240 б

  3. В.А. Слепов, Т.Е. Николаева Бағалық құрылым. Оқу құралы. М. ИДФБК – Пресс -2000.-152 б.

  4. Тлеубердинова А.Т. «Цены и ценообразование» - Учебное пособие. Караганда 2008г.

  5. Касенов С.Д. «Цены и ценообразование» Учебное пособие. Астана 2002г.

  6. «Цены и ценообразование» под В.Е. Есипова СП.- 1999г.

  7. Самуэльсон П., Нордхаус В. Экономика,15-е изд.-М.: Бином, 1999,-799 с.

  8. Цены и ценообразование / Под ред. В.Е. Есипова: Учебник для вузов, 3-е изд. СПБ Питер, 2001

  9. Уткин Э.А. Цены. Ценообразование. Ценовая политика.- М.: ЭКМОС,2000