Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД новый бага белгилеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
972.8 Кб
Скачать
  1. Бәсекелестік деңгейіне бағытталған бағаны анықтау

Әдістің мәні нарықтық бағалардың төменгі немесе жоғары шегіндегі бәсекелестік жағдайында тағайындалу болып табылады. Шығындар немесе ұсыныстарға баға тәуелді. Бұл стратегияны таңдаған фирма бәсекелестерінің бағаны өзгертпеуіне, тауарға сұраныс деңгейі немесе шығындардың өзгеруіне қарамастан өз бағасын сақтайды. Немесе, керісінше, фирма өзінің сұранысы мен шығындары өзгермесе де, бәсекелестерінің бағаны өзгертуіне байланысты бағасын өзгертеді. Бәсекелестік шарты бойынша тағайындаудың кең тараған екі әдісі бар:

  1. Ағымдағы баға әдісі;

  2. «мөрленген конверт» немесе тендерлік бағалық құрылым әдісі.

Ағымдағы баға әдісі негізінен біртекті тауар сатылатын нарықтағы баға саясатының құрамы ретінде қолданылады. Бәсекелестіктің жоғары деңгейімен біртекті тауар сататын компания бағаға әсер етудің шектеулі мүмкіндіктеріне ие. Бұл жағдайда фирмалар баға тағайындаудың үш әдісін қолдануы мүмкін:

  1. «басшының соңынан еру» әдісі;

  2. Баға бәсекелестігі әдісі;

  3. Бағалық емес бәсекелестік әдісі.

Бірінші жағдайда фирмалар басшының соңынан ереді; оларға баға бойынша шешім қабылдау керек емес: негізгі міндеті болып өндірістің шығынын бақылау және бәсекелестердің бағаларына зерттеу мониторингін жасау болып табылады. Егер фирма бәсекеге негізделген бағалық стратегия бойынша сату көлемін жоғарылатқысы келсе, бағалық және бағалық емес бәсекелестік әдістерін қолдануы керек.

Бағалық бәсекелестік кезінде фирма сұраныс көлемін өзгерте отырып, өз бағасын жоғарылата немесе төмендете сұраныстың бағалық факторларына әсер етеді. Бағалық емес бәсекелестік кезінде фирмалар бағалық емес факторларға әсер етеді: тұтынушылардың талғамы мен қалауы, олардың табысы және т.б. Осы мақсатпен сатушылар жарнама, сервистік, қызмет көрсету арқылы өз өніміне ерекше қасиет береді.

Мөрленген конверт немесе тендерлік баға құрылымы әдісі бірнеше фирмалар үкіметтік тапсырыс немесе келісім-шарт үшін бәсекелескен кезде қолданылады.

Тендерлік баға- бәсекелестердің бағасына бағытталған мөрленген конверттегі фирманың болжамды бағасы. Бұнда бағалар шығындар деңгейінде тағайындалуы мүмкін.

6. Бәсекелестік деңгейіне бағытталған бағаны анықтау. Бәсекеге негізделген баға стратегиясы.

Бағаның көлемін анықтағанда оның төменгі және жоғарғы шегін ескеруіміз керек. Төменгі шек өндірістің шығындарымен анықталады. Өзіндік құнның екі шегі бар: біріншісі толық шығыннан, екіншісі тіке шығыннан шығады. Көп жағдайда нарықтық баға орта салалық түсімге толық шығыннан жоғары болады. Бағаның жоғары шегі болып ең бай сатып алушының бағасы немесе кездеспейтін қасиетке ие тауар бағасы табылады.

1.Негізгі әдебиет

  1. И.Х. Салимжанов. Бағалық құрылым. Алматы-2000

  2. Т.А. Слепнева, Е.В. Яркин. Бағалар және бағалық құрылым. Оқу құралы- М. ИНФРА –М.2001.- 240 б

  3. В.А. Слепов, Т.Е. Николаева Бағалық құрылым. Оқу құралы. М. ИДФБК – Пресс -2000.-152 б.

  4. Тлеубердинова А.Т. «Цены и ценообразование» - Учебное пособие. Караганда 2008г.

  5. Касенов С.Д. «Цены и ценообразование» Учебное пособие. Астана 2002г.

  6. «Цены и ценообразование» под В.Е. Есипова СП.- 1999г.

  7. Самуэльсон П., Нордхаус В. Экономика,15-е изд.-М.: Бином, 1999,-799 с.

  8. Цены и ценообразование / Под ред. В.Е. Есипова: Учебник для вузов, 3-е изд. СПБ Питер, 2001

  9. Уткин Э.А. Цены. Ценообразование. Ценовая политика.- М.: ЭКМОС,2000