Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД новый бага белгилеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
972.8 Кб
Скачать

6. «Баға белгілеу» пәннің дәріс кешені

1-тақырып. Бағалық құрылымның теориялық негіздері

  1. Баға мен бағалық құрылымды анықтау

  2. Бағалық құрылымға әсер ететін факторлар

Сабақ түрі: жалпылама дәріс.

Дәрістің мақсаты: бағалық құрылымның теориялық негізі туралы білім жүйесінің қалыптасуына жағдай жасау.

Дәрістің негізгі мазмұны.

  1. Баға мен бағалық құрылымды анықтау

Баға, бағалық құрылым, баға саясаты бағалық құрылымныі негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға сатушы сатқысы келетін, ал сатып алушы тауарды сатып алғысы келетін ақша саласын білдіретін нарық категориясын сипаттайды. Тауардың белгілі мөлшерінің бағасы оның құнын құрайды. Сол себепті, баға – тауардың ақшалық құны. Нақ бірлігі басқа белгілі мөдшерде ауыстырылғанда, соңғысы берілген тауардың құны болады.

Баға – қиын экономикалық категория. Онда қоғамдағы барлық негізгі экономикалық қатынастар көрсетіледі. Бәрінен бұрын, ол тауарларды өндіру мен жүзеге асыруға, олардың құнының қалыптасуына, сонымен қатар ақша қорларын пайдалану мен бөлу, құруға жатады. Баға барлық ақша-тауар қатынастарын құралдандырады.

Бағалық құрылым – тауарлар мен қызмет көрсетуге бағаларды тағайындау процесі. Бағалық құрылымның екі негізгі жүйесі бар: ұсыныс пен сұраныстың әсерлесу барысында қызмет ететін нарықтық юаға құрылымы және орталықтандырылған мемлекеттік бағалық құрылым – мемлекеттік органдармен бағаны тағайындау. Бұл кезде шығындық баға құрылымы шегінде бағаны құру негізінде айналым мен өндірістің шығындары жатады. Барлық сатып алушылар үшін жалпы баға тағайындау – салыстырмалы жаңа іс.

Тарихи бағасын сатушылар мен сатып алушылар бір-бірімен келіссөз кезінде бекіткен. Сатушылар өздері сұрағысы келген бағадан жоғары сұраған.

  1. Бағалық құрылымға әсер ететін факторлар

Барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың алдындағы негізгі сұрақтың бірі ретінде өздерінің тауарлары мен қызметтеріне баға анықтау мәселесі туындайды. Нарық жағдайында бағалық құрылым қиын процесі сипаттайды, көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды. Олар өндіріс қызметімен және жекелеген жағдайда басшылықпен байланысты ішкі факторларға, сонымен қатар өндіріске тәуелсіз сыртқы факторларға бөлінеді.

Ішкі факторлар:

  • Жарнама (жарнама сәтті, ерекше болған сайын, тауардың бағасы да жоғары);

  • Өндірілген өнімнің спецификасы (оның өңделу деңгейі жоғарылаған сайын, бағасы да жоғары);

  • Өндіріс процесінің ерекшеліктері (ұсақ сериялық және жеке өндіріс өнімі жоғары өзіндік құнға ие, ал жалпы өндіріс тауарлары төмен шығындарға ие және бағасы да төмен);

  • Өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы;

  • Өнімнің өмірлік циклінің спецификасы;

  • Өндіріс процесінің жылжымалылығы;

  • Тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жылжуының ұзақтығы;

  • Сатудағы және келесі кезеңдегі сервистің ұйымдастырылуы;

  • Ішкі және сыртқы нарықтығы өндіруші имиджі.

Сыртқы факторлар:

  • Мемлекеттің саяси тұрақтылығы;

  • Қажетті ресурстың жоқтығы;

  • Экономиканы мемлекеттік реттеудің сипаты;

  • Инфляция деңгейі мен динамикасы;

  • Сұраныс көлемі;

  • Бәсекелестік деңгейі деп бөлінеді.