
- •Мектеп түлектерінің пікірі
- •Фонетика
- •Ассимиляция
- •Мысалдар:
- •15 Әріп, 15 дыбыс
- •Морфологиялық талдау үлгісі:
- •Етістік –глагол
- •Етістіктер көбінесе баяндауыш қызметін атқарады, кей жағдайда көсемше түрі –пысықтауыш, баяндауыш, есімше түрі анықтауыш, баяндауыш, бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Етістіктің түрлері
- •2) Көсемше – етістіктің негізгі түрі. Ол көбінесе күрделі етістіктің құрамында келеді.
- •Етістіктің шақтары- времена глагола
- •Етістіктің райлары – наклонения глагола
- •Есімдік -местоимение
- •Сын есім –имя прилагательное
- •Тұрақты белгілері:
- •Сын есімнің зат есімге айналуы.
- •Сын есімнің шырайлары- степени сравнения прилагательных
- •Сын есімнің синтаксистік қызметі
- •Сын есімнің морфологиялық талдау үлгісі
- •Үстеу (наречие)
- •Шылаулар (Служебные слова)
- •Жалғаулықтар
- •Септеуліктер (послелоги)
- •Демеуліктер (Частицы)
- •Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)
- •Оқшау сөздер (обособленные слова)
- •Синтаксис
- •Сөйлемдер синтаксисі – синтаксис предложений
- •Жай сөйлем түрлері –виды простых предложений
- •Сөйлем мүшелері –члены предложения
- •Құрмалас сөйлем-сложное предложение
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Сын есім –имя прилагательное
Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, көлемін, иісін, тағы басқа қасиеттерін білдіретін сөздер сын есім деп аталады.
Сын есімнің сұраулары- қандай? қай?
Тұрақты белгілері:
I.Мағынасына қарай (по значению) |
1.Сапалық-качественные
2.Қатыстық -относительные |
ақ, сары, үлкен, кіші, ауыр, тәтті, ащы шөпті, сулы, сөзшең, сүзеген, дарынды, балықсыз |
II.Тұлғасына қарай (по способу образования) |
1. Негізгі -непроизводные
2. Туынды- производные |
көк, сары, кең, жылы, терең.
балалы, қара көк, көкпеңбек, жібек көйлекті, ақшыл. ауызғы, төргі, көктемгі. /-қы,-кі, -ғы-гі, -сыз,-сіз, лық,-лық, -дай,-дей,-ық, ік -аған, -еген, -малы, -мелі./ |
III. Құрамына қарай (по составу) |
1. Дара –простые
2. Күрделі - сложные |
сары, күрең, қатты, түнгі, ұмытшақ, терең. аппақ, үлкен-үлкен, қара ала, қою қара сақалды, түлкі ішікті. |
Ескерту: 1. Сапалық сын есім - сын есімнің негізгі түп қазығы.
2. Қатыстық сын есім басқа есімдер мен етістіктерге жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.
Сын есімнің зат есімге айналуы.
Егер сын есімдерге жалғаулар (көптік, септік, жіктік, тәуелдік) жалғанса, ол зат есімге айналады.
Мысалы:ақтар – тар- көптік жалғау
ағы –ы – тәуелдік жалғау
аққа – қа –септік жалғау
ақпын – пын –жіктік жалғау
Сын есімнің шырайлары- степени сравнения прилагательных
жай шырай простая степень |
салыстырмалы шырай сравнит. степень |
мысалдар |
қысқа, толық, жеңіл |
-рақ, -рек, -ырақ, -ірек |
қысқа-рақ, толығ-ырақ, жеңіл-ірек |
қысқа, толық, жеңіл |
-лау, -леу, дау, -деу, тау, -теу |
қысқа-лау, толық-тау, жеңіл-деу |
Қу, боз, ақ, көк, қоңыр |
-қыл, -ғыл, -ғылтым,-шылтым, -аң, -қай, -ғыш |
қу-қыл, боз-ғыл, ақ-шыл, көк-шілтім, қоңыр-қай, боз-ғыш |
жай шырай простая степень |
күшейтпелі шырай превосходная степень |
мысалдар |
қысқа, толық, жеңіл |
күшейтпелі буындар усилительные слоги |
қып-қысқа, топ-толық, жеп-жеңіл |
қысқа, толық, жеңіл |
күшейткіш үстеулер усилительные наречия –ең, аса, тым, орасан, өте |
ең қысқа, тым толық, өте жеңіл |
жай шырай простая степень |
асырмалы шырай усилительная степень |
мысалдар |
қысқа, толық, жеңіл |
өте,тым, аса |
өте қысқа, тым толық,аса жеңіл |
Сын есімнің синтаксистік қызметі
Сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады.
Мен жіңішке ине алдым. – жіңішке –анықтауыш
Сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.
Қызылдар ақтардың тас-талқанын шығарды. -қызылдар -бастауыш
Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
Мен өте жүйрікпін. -жүйрікпін – баяндауыш
Сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.
Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат. -жақсыдан, жаманнан – толықтауыш
Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.
Жақсы студент үздік оқиды. –үздік –пысықтауыш