Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод пособ-послед.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
364.03 Кб
Скачать

Мысалдар:

Қыз ұшса қияға, ұл ұшса ұяға.

Жүнісбек жазғы ұйқыдан тез оянды. Жастардың өмірге деген көзқарасы кеңейе түсуде.

Ол қансыраған аяғын қайта-қайта сипай берді. Жанғазы ән десе ішкен асын жерге қоятын жігіт. Істің бәрі Тұрғанбек ойлағандай болмай шықты.

Фонетикалық талдау үлгісі:

Мектептерімізге деген сөзге фонетикалық талдау жаса.

  1. Мектептерімізге-жіңішке сөз, сөзді буынға бөлеміз: мек-теп-те-рі-міз-ге- 6 буын, мек, теп, міз –бітеу, жіңішке буындар, те, рі, ге – ашық, жіңішке буындар.

  2. м –дауыссыз, үнді

е –дауысты, жіңішке, езулік, ашық

к- дауыссыз, қатаң

т- дауыссыз, қатаң

е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

п- дауыссыз, қатаң

т- дауыссыз, қатаң

е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

р- дауыссыз, үнді

і- дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң

м- дауыссыз, үнді

і- дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң

з- дауыссыз ұяң

г- дауыссыз, ұяң

е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық

15 Әріп, 15 дыбыс

Бекіту

1-жаттығу

Сөздерді дауысты (езулік, еріндік,ашық, қысаң, жуан, жіңішке) және дауыссыз дыбыстардың (үнді, ұяң, қатаң) жіктелуіне қарай топтап жаз:

қала, жер, орындық, сары, адам, балық, цех, вагон, ілгек, фабрика, заң, ән, ұршық, өрік, парта, лашын, дүйсенбі, бас, қаһарлы, біз, фильм, педагог, тұз, әкім, асфальт, география, фонтика, шолақ.

№2-жаттығу

Мына сөздерді буынға бөл, буын түрлерін анықта: мал, өнер, ой, қала, аудан, жаздық, күзгі, қыс, көктем, ынталық, жігерлілік, достық, ұйқышыл, қант, ұлт.

3-жаттығу

Сөйлемдердегі сөздерге екпін қойып жаз:

Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Сен мені есіңе алма. Қызық әңгіме бастадым. Төбеміз көкке жеткенше қуандық. Жапырақтар қызыл сары түске боянды. Жадыра да - көп балалы ана. Жібек көйлекті қыз алдымнан шықпады. Көктемдей құлпырған көңілі де алас ұрды. Жайнап өскен баламыз.

№4-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз: Жаз...шы ащы шынды..ты жайып са..ды. Мен осы жағдайд.. толы...ырақ білгім келеді. Мына та...ырып мен үшін же...ілдеу екен. Сені ең жа..ын досым дер ед..м. Аспан боз...ыл тарта бастады.Қо...ыр күз де келіп жетті. Неге мына к...йлектің етегін қып-қыс...а етіп қидың? Бұл менің тұ...ғыш рет Астана қаласына келуім еді. Неге сенің жүз...ң қуқыл тартып тұр?

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін үндестік заңын қолданып, қазақшаға аудар: мое сердце, твой транспорт, её дверь, моё ведро, его расчёска, моя лодка, мои очки, мой мяч, закрыть дверь.

Шығармашылық диктант

Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс көшіріп жаз: Төртінші тоқсанда жақсы оқы(уға) уәде бердім. Мұғалім үйреткеннің бәрін көңіліме тоқы(уым) керек. Оңтүстіктен соққан желдің жылы(уы) қоймады. Қалың қар ері(уге) айналды. Өзенжегі мұз да жібі(уге) бет алды. Жақында су тасы(уы) мүмкін.

Сөздік диктант

н, ң дыбыстарын дұрыс жаз: шаңғы, шеңгел, үңгір, соңғы, қараңғы, әңгіме, дөңгелек, жауынгер, нанғыш, сенгіш, көнгіш, мәңгі, бұрынғы.

Бақылау диктанты

Тасымалданбайтын сөздердің астын сыз: Арада аз күн өткен. Жақып үйде жоқ. Кеш түнге ауысып барады. Аян жаңа ғана әзер ұйықтады. Шам қойып, Жаңылды шақырып келейін деп далаға шықтым. Түн тымық. Жұлдызды бұлт бүркеп, жайлау бүгін түндігін жапқан түнек тәрізді. Ту сыртымнан тықыр ете қалды. Жалт қарасам, Жақып екен. Ол атын байлағанша, үйге барып алайын дедім.

Зат есім

Зат есім – белгілі бір заттың, нәрсенің немесе оқиғаның атын білдіретін сөз табы. кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді

Тұрақты белгілері:

I. Мағынасына қарай

( по значению)

1.Жалпы (нарицательные)

2. Жалқы

(собственные)

3.Деректі (конкретные)

4. Дерексіз (абстрактные)

1. бала, адам, дала, үй

2. Болат, Өскемен, Ертіс

3. қалам, ағаш, айна

4. ой, қуаныш, бақыт

II. Тұлғасына қарай

( по способу образования)

1. Негізгі

(непроизводные)

2. Туынды

(производные)

1. ел, жұрт, от, қала

2. қойшы, балалық,

айтыс, оқушы (-шы/-ші,-ғар/-гер, -қар/-кер, -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік,-лас/-лес, -дас/-дес, -тас/-тес)

III. Құрамына қарай

( по составу)

1. Дара

(простые)

2.Күрделі :

(сложные)

1. оқушы, айтыс

а. Біріккен

(сокращенно-слитные)

Ақсу, бәйтерек, атамекен ,орынбасар

ә. Қосарлы, қос сөздер

(парные)

Ата-ана, салт-дәстүр, ел-жұрт, ой-қиял

б. Тіркесті

(словосочетания)

Сары май, аяқ киім, ыдыс аяқ, ауыл шаруашылығы

в. Қысқарған

(сложносокращенные)

ШКМТУ, ҚР, см, кг, кв

Тұрақсыз белгілері:

1.

Көптелуі (жекеше, көпше)

-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер

апалар, дәптерлер, сыныптар, қағаздар

2.

Септелуі (жеті септік)

апалардың – Ілік септік, сыныпқа – Барыс септік

3.

Тәуелденуі (1, 2, 3-жақ; жекеше, көпше түрі)

сыныбым – 1 жақ, жекеше түрі

оның дәптері – 3 жақ, жекеше түрі

апаларыңыз – 2 жақ, көпше түрі

4.

Жіктелуі (1, 2, 3-жақ;

жекеше, көпше түрі)

баламын – жіктік жалғау, 1-жақ, жекеше түрі

мұғалімсіздер – жіктік жалғау, 2-жақ, көпше түрі

Синтаксистік қызметі:

бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, ,пысықтауыш, толықтауыш.