
- •Мектеп түлектерінің пікірі
- •Фонетика
- •Ассимиляция
- •Мысалдар:
- •15 Әріп, 15 дыбыс
- •Морфологиялық талдау үлгісі:
- •Етістік –глагол
- •Етістіктер көбінесе баяндауыш қызметін атқарады, кей жағдайда көсемше түрі –пысықтауыш, баяндауыш, есімше түрі анықтауыш, баяндауыш, бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Етістіктің түрлері
- •2) Көсемше – етістіктің негізгі түрі. Ол көбінесе күрделі етістіктің құрамында келеді.
- •Етістіктің шақтары- времена глагола
- •Етістіктің райлары – наклонения глагола
- •Есімдік -местоимение
- •Сын есім –имя прилагательное
- •Тұрақты белгілері:
- •Сын есімнің зат есімге айналуы.
- •Сын есімнің шырайлары- степени сравнения прилагательных
- •Сын есімнің синтаксистік қызметі
- •Сын есімнің морфологиялық талдау үлгісі
- •Үстеу (наречие)
- •Шылаулар (Служебные слова)
- •Жалғаулықтар
- •Септеуліктер (послелоги)
- •Демеуліктер (Частицы)
- •Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)
- •Оқшау сөздер (обособленные слова)
- •Синтаксис
- •Сөйлемдер синтаксисі – синтаксис предложений
- •Жай сөйлем түрлері –виды простых предложений
- •Сөйлем мүшелері –члены предложения
- •Құрмалас сөйлем-сложное предложение
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Пікір
Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» Жолдауында қазіргі заман мектебінің оқушыларының жалпы білім беру дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз етумен бірге, олардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруіне көп көңіл бөлуі қажет деген.
Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты – орта мектеп бітірерде қазақ тілін еркін түсінуге, тұрмыс деңгейінде қазақша сөйлеуге үйрету. Әрине, тілді түсініп, еркін сөйлеу үшін оқушы қазақ тілінің грамматикасын жақсы меңгеруі керек.
Осы мақсатты көздеген № 24 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімдері Р.М. Ескендирова мен Ғ.А. Мұқажанованың құрастырған қазақ тілі бойынша грамматикалық анықтағыш әдістемелік құралы оқушылардың грамматикалық білімдерін тиянақтауға, жүйелеуге арналған.
Бұл әдістемелік құралда берілген грамматикалық материалдар оқушылардың білімдерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, өз бетімен дайындалуға жол ашады.
Грамматикалық анықтағыштың құндылығы – оқушы өзіне қажетті тақырыпқа байланысты грамматикалық материалдарды өздік жұмысына, бақылау жұмысына дайындық кезінде қолдануға мүмкіндік беретін жүйелілігі. Әрбір бөлім бойынша барлық грамматикалық білім бір кестеге жинақталған. Бұл оқушының қазақ тіліне дайындық кезінде уақытын үнемдейді. Оқушы әдістемелік құралда ұсынылған фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау үлгілерін қолдана отырып, өз білімін тереңдетуге, бекітуге мүмкіндік алады.
Бұл құралдың өз бетімен әр түрлі тестерді шешу және олардың дұрыстығын тексеру кезінде де оқушыға берер көмегі зор.
Қорыта айтсақ, әдістемелік құралда берілген материалдар «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік стадартына» сәйкес жасалған. Жалпы мазмұны тілдік білім жүйесін танып білуге – тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып білуге бағытталған. Яғни, оқушыға дыбыс, сөз, олардың мағыналары, сөздердің сөйлем болып құрылуындағы тұлғалық өзгерістер мен сөзжасамдар, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, емлелік және тыныс белгілік сауаттылық сияқты тіл құрылысын білімдік сипатта біліп, игеруіне жасар ықпалы мол.
Бердібек Бияров
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің доценті,
филология ғылымдарының кандидаты
Мектеп түлектерінің пікірі
Менің аты-жөнім Нұрпейісова Дана. Мен № 24 орта мектептің түлегімін. Мектеп қабырғасында жүрген кезде осы әдістемелік құралдағы тірек сызбаларын қазақ тілі сабағында үнемі қолданып жүрдім. Қазақ тілі грамматикасын терең меңгеру үшін тірек сызбаларының көмегі зор екеніне көзім жетті. Бұл сызбаларда грамматикалық ережелер, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар үлгісі, бекіту жаттығулары жүйелі түрде берілген. Ұлттық бірыңғай тестілеуге осы тірек сызбаларының көмегімен дайындалдым, жақсы нәтижеге жеттім. Қазір университет қабырғасында да қазақ тілі пәні өтеді. Мектепте алған сызбаларды сабақта пайдаланып жүрмін. Өзіме сабақ берген ұстаздарыма алғыс айтқым келеді.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ,
экономика және менеджмент факультетінің
бірінші курс студенті
Мен 2007-2008 оқу жылы Өскемен қаласындағы № 24 орта мектепті бітірдім.
10 сыныптан бастап қазақ тілі пәнінің мұғалімі, әр грамматикалық тақырыпты өткен соң, осы тірек сызбаларын бере бастады. Сызбаларды талдай келе, олардың грамматиканы меңгеруге қаншалықты пайдалы екенін түсіне бастадық. Бұл тірек сызбаларының бізге жүйелілігі өте ұнады. Оқу барысында тестілерді шешуге, ауызша, жазбаша сөйлеу тілімізді дамытуға көп көмегін тигізді. Осы тірек сызбаларының Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде орасан зор пайдасының болғанын айта кеткім келеді.
Қазір мен Семей қаласындағы Медициналық Академияда оқып жүрмін. Қазақ тілі менің келешек мамандығым үшін өте қажет. Академияда да біз қазақ тілін оқимыз. Сабақта мен жоғарыда айтылған тірек сызбаларын қолданамын. Қазіргі ұстаздарым менің біліміме дән риза. Мектепте өзім дәріс алған ұстаздарыма шәкірттік алғысымды білдіремін.
Семей Медициналық Академиясының бірінші курс студенті
Махмұт Мерейлім
Алғы сөз
Тіл –адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын, пікір алысатын, өзара түсінісетін құралы, сонымен бірге оның заңдылықтары мен ерекшеліктерін, құрылысын оқытатын, зерттейтін ғылым. Тілдің қатынас құралы болу қызметін коммуникативтік қызметі дейді, ал оның ойды жүзеге асыру қызметі экспрессивтік қызметі делінеді. Тілдің бұл екі қызметі өзара бірімен-бірі тығыз байланысты.
Басқа тілді үйрену үшін адам ең алдымен сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынас жасап, тілдің коммуникативтік қызметінен бастайды. Әбден үйреніп алған соң ғана сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығарудың құралына айналдырады.
Бүгінгі өзгеріске толы дәуіріміз ұлтымыздың мәдениетін, тілін, оның өмірлік өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне айналғаннан бері, оның ішкі сырына үңіліп, ондағы заңдылықтарды саналы түрде білгісі келетіндер саны көбейіп келеді.
Мектеп мұғалімдерінің алдында сөздік қоры өте мол және қолданыста бейнелі де көркем тілдердің бірі –қазақ тілін тәуелсіз мемлекетіміздің ғылым және техникасына қызмет ететін ғылым тілі ету, оны жас ұрпаққа меңгерту міндеті қойылып отыр. Жоғарыда айтылған міндетті орындау үшін мұғалімдер аянбай еңбек етуде.
Қазақ тілін үйретудің бірден-бір жолы –қазақ тілі грамматикасын оқушыға меңгерту. Қазақ тілінің материалдары әр оқулықта жеке-жеке берілетіні белгілі. Соның нәтижесінде, әсіресе, жоғарғы оқу орындарына түсетін 11 сынып оқушылары өздеріне керекті материалдарды жинастыра алмай, көп қиналатыны анық. Сондықтан біз осы жағдайды ескеріп, қазақ тіліне қатысты мектеп бағдарламасында көрсетілген материалдардың көбін осы әдістемелік құралға жүйелеп сыйғызуға тырыстық. Сондай-ақ, жоғарғы сынып оқушыларымен қатар, орта буын оқушылары үшін де қолдануға мүмкіндік бар.
Бірнеше жылдар бойы қазақ тілі бірыңғай ұлттық тестілеуге енгізіп келеді. Жоғарыда айтылған әдістемелік құралдың оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық кезінде үлкен көмегі барына көзіміз жетіп отыр. Өздеріңізге ұсынылып отырған әдістемелік құрал оқушыларымыздың сөйлеу тілін дамытуға, оларға жоғарғы оқу орнына түсу кезінде пайдасын тигізер деген ойдамыз.