Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Manapova_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
224.26 Кб
Скачать

5.6 Электр торабын кернеу шығыны бойынша есептеу

ΔUф = I∙r∙cosφ + I∙x∙sinφ = I∙(r∙cosφ + x∙sinφ),

ΔUл = ΔUф = (I∙r∙cosφ + I∙х∙sinφ) или

ΔUл = .

5.7 Электрлік жарықтандыру тораптары

 ГОСТ 13109-87 сәйкес  жұмысшы жарықтандыру тораптарында U-дің ауытқуы 2,5-тен 5 % -ға дейінгі аралығында  болуы мүмкін.

U = 380/220 В тораптарында жарықтандыру және күштік желілерді бір жерден қоректендіру барысында қозғалтқышты іске қосу кезіндегі кернеудің толқуын ескеру керек. Егер кернеудің толқуы 1 сағат ішінде 10 реттен көп  қайталанса, олар шамның Uном кернеуінен 4%-дан аспауы керек. Сондықтан қыздыру шарты бойынша алынған электр жарықтандыру тораптары мүмкін болатын кернеу шығынына тексеріледі.

Жарықтандырудың жүктемесі активті  және ол бірқалыпты таратылған  кезде тораптың кез келген  бөлігі үшін (cos=1) келесі формуланы қолданады

ΔU% = ∑M/CS  немесе S = ∑M/CΔU%

мұндағы M = pL - жүктемелер моментінің соммасы;

С= - электрэнергияның  тарату жүйесіне, Uжелі, сымның материалына  тәуелді коэффициент, (С – кестеден алынады).

Сым материалы аз болуы үшін жарықтандыру торабының сымының қимасы келесі өрнекпен анықталады

S = (∑M + ∑αm)/CΔU

мұндағы ∑M - берілген бөліктің (участок)  және энергия бағыты бойындағы бөліктердің моменттерінің қосындысы, кВт/м. Желідегі өткізгіштер саны берілген біліктіктегі өткізгіштердің санына тең.

∑αm - берілген учаскіден қоректенетін, бірақ сымдар саны басқа, барлық тармақтардың моменттерінің қосындысы;

α - учаскідегі және тармақтағы сымдар санына тәуелді моменттерді келтіру коэффициенті;

ΔU - есептелетін учаскінің  басынан ең қашықтықта орналасқан шамға мүмкін болатын кернеудің  есептік шығыны. Есептік формула тізбектеліп тораптың барлық бөліктері үшін  қолданылады (ҚС-ың шинасынан шығатын қоректендіруші магистралдан бастап ең соңғы шамға дейін).  Сымның таңдалған есептік  қимасы бойынша соған жақын үлкенірек стандартты сым қимасы таңдалады. Содан соң таңдалған  қима бойынша және оның нақты моменті бойынша кернеу шығыны есептеледі.

6.1 Сақтандырғыштар

 Олар электр қондырғыларды токтардың қысқа тұйықталуынан  қорғау үшін қолданылады. Сақтандырғыштар арқылы асажүктелуден қорғаныс қондырғының қорғалатын элементтері өткізу қабілеті бойынша Іном.балқ.-тан      ≈ 25% жоғары болған шарт кезінде ғана мүмкін. [ПН және ПР құрылғылары].

Балқышылар бір және одан жоғары сағат ішінде номинал токтан 30-50% токтарға шыдайды. Iном.балқ-дан 60-100% жоғары токтар кезінде олар бір сағаттан аз уақыт ішінде балқийды.

1000 В дейінгі кең таралған сақтандырғыштар: ПР-2 жиналмалы сақтандырғыштар; НПН - құм себілген жиналмалы емес сақтандырғыш; ПН-2 - құм себілген жиналмалы сақтандырғыш.

Сақтандырғыштың негізгі типтері Iном  15 А-ден 1000 А-ге дейін болады.

Құрылымы  бойынша сақтандырғышты 2 топқа бөлуге болады:

а) кварцты құммен толтырылған ( ПН-2, НПН, ПП17, ПП18);

б) толтырылмайтын (ПР-2).

Балқымалы сақтандырғыштар мынандай болып  бөлінеді:

а) инерциялық - жылулық инерциясы үлкен, яғни біршама үлкен қысқа уақытты ток жүктемесіне төзімді;

б) инерциялық емес - жылулық инерциясы аз, яғни асқын жүктемеге төзімділігі шектеулі.

Сақтандырғышты таңдау шарты

Iном.сақт. ≥ Iұз.мерз.,  Iном.балқ ≥ Iесеп.балқ

мұндағы Iұзақ  - есептік ұзақ уақытты ток, ол былай есептеледі

.

Іске қосу токтары үлкен (номиналды токтардан асатын) ЭҚ үшін балқышаны (вставка) таңдаған кезде іске қосу тоғын төмендету коэффициенті α енгізіледі. Ол іске қосу жеңіл кезінде α=2,5 деп қабылданады, ал іске қосу кезде α=1,6.

Қосылуы жеңіл жалғыз қозғалтқышқа баратын желіні қорғағанда (станоктар, желдеткіштер, насостар, т.б)

Iесеп.балқ ,    Iі.қ = Кі.қ∙Iном.қ.

Қосылуы жиі немесе қосылу уақыты ұзақ жалғыз қозғалтқыштарға баратын желіні қорғағанда (крандар, ұнтаққағыштар, центрифугалар т.б.)

Iесеп.балқ .

Күштік немесе аралас жүктемені қоректендіретін магистралды қорғағанда

Iбалқ

мұнда Iқысқ.уақ - желінің максималды қысқа уақытты тогы.

Iқысқ.уақ = I/і.қ + I/ұзақ,  [Iқысқ.уақ = Iұлкен ЭҚ і.қ+ ],

мұнда  I/і.қ - бір уақытта қосылатын электр қозғалтқыштардың қосылу тогы. Бұл кезде желінің қысқа уақыттағы тогы максималды мәніне ие болады;

I/ұзақ – бір немесе ЭҚ-ыр тобының іске қосылу моментіне дейінгі желінің ұзақ уақытты есептік тогы, А.

Пісіру аппаратына баратын желіні қорғау үшін Iном.балқ.  келесі қатынастан таңдайды.

Iбалқ ≥ 1,2∙ Iдәнек ,

мұндағы Iдәнек - номиналды қосылу ұзақтығы ПВ бойынша дәнекерлеу аппаратының номиналды тогы, А.

Пісіру аппаратына баратын желінің қорғау үшін алынатын Iном.балқ сол аппаратқа баратын өткізгіштің Iмұмк -на тең деп алуға болады.

Тармақталған магистралды желіні балқымалы сақтандырғыштар мен қорғаудың селективтілігі ток көзіне жақындаған сайын Iном.балқ -ның өсуімен іске асырылады. Егер келесі сатыдағы сақтандырғыштың тогы алдыңғы сатыдағы сақтандырғыштың тогынан 2 сатыға көп болса, селективтілік қамтамасыздандырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]