Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Manapova_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
224.26 Кб
Скачать

5.1 Кәбілдер мен сымдарды төсеу әдістері

 Электрэнергиясын өндірістік кәсіпорындарының тұтынушыларына жеткізу, таратуы электр желісі арқылы іске асады. Электр қабылдағыштар цех ішінде қосалқы станция мен тарату құрылғыларына қорғаныстық, қосқыш аппараттар арқылы қосылады.

Өндірістік кәсіпорындарында электр желісі ішкі (цехтік) және сыртқы болып орындалады. Ішкі желі ашық болуы мүмкін: қабырға, төбе және басқа элементтерінің (құбырларда, коробкаларда, лотокторда) бетінде орналасады және де жасырылған болуы мүмкін: ғимараттардың конструктивті элементтерінің ішінде орналасады (қабырға ішінде, еденнің астында, фундаментте, т.б). Ал сыртқы желі ғимараттың сыртында орналасады, ғимараттар арасында және тіреулерде.

Электр желісінің өткізгіштері оқшауланған және оқшауланбаған болуы мүмкін. Оқшауланған өткізгіштер қорғалған және қорғалмаған түрде орындалады. Қорғалған өткізгіштер оқшауламасының сыртынан металл қаптамамен қапталады, ол механикалық бұзылудан қорғау үшін қажет. Қорғалмаған өткізгіштерде ондай қаптамалар болмайды.

Сымның, кәбілдің маркаларын, желінің түрін, орындау әдісін таңдау қоршаған ортаның сипаттамаларына байланысты анықталады, цех ішінде технологиялық жабдықтардың орналасуына және корек көзімен, басқа да сипаттамалармен анықталады.

Өндірістік кәсіпорындардың электр желісінде шинаөткізгіш кеңінен қолданылады. Олар құрылымы бойынша - ашық және жабық, тағайындалуына қарай - радиальды таратушы (ШМА, ШРА) және  магистралды болады.

5.2 Сымдарды қорғаныс құбырларда төсеу

 Бұл қорғаныс механикалық зақымдалудан қорғайды, ол құбырлардың қосымша шығынымен байланысты.

Кемшілігі: мұндай төсеу, әсіресе болаттан жасалған құбырларда, оқшауламаның зақымдану мүмкіндігімен байланысты және зақымданған сымдарды ауыстыруға қажеттілік туғанда ыңғайлы болады. Мұндай төсеу ПУЭ-ға сәйкес жарамысқа қауіпті бөлмелерде жасау қажет және арнайы ВБВ,  АВБВ типті кәбілдер қолданылады.

5.3 Сымдарды ашық жағдайда төсеу

Бұл кезде сымдар арнайы роликтерде, құрам оқшаулағыштарда, тростарда төселеді, ол өте қарапайым және арзан, бірақ сымдарды механикалық зақымдаудан қорғау сенімділігі жеткіліксіз.

Сымдарды лотоктар мен қорабшаларда төсеу күдіктірек болып табылады, әсіресе күрделі көпқозғалтқышты агрегаттар мен автоматты жолдар үшін сымдар мен кабельдер саны өте көп болған кезде мұндай төсеу ынғайлы болып табылады.

Жарықтандыру желісінде ШОС түрлі шина өткізгіштер кеңінен қолданылады, ол алюминий немесе мыстан жасалған төрт  өткізгіштен тұрады. Шамдар штепселді терезе арқылы қосылады.

5.4 Күштік және жарықтық тораптардың сұлбалар және құрылымдық орындалуы

 Сұлбалар қолданысқа ыңғайлы және электрэнергиясымен қоректелетін тұтынушылар үшін сенімді болуы керек. Электрэнергияның шығыны, өткізгіштерге кететін  шығындар, желіні салуға кететін шығындар минималды болуы керек.

Цех желілері қоректенуші және таратушы болып бөлінеді. Электржелілерінің сұлбалары радиалды, магистралды және аралас болып орындалуы мүмкін.

5.5 1 кВ – қа дейінгі сымдар мен кәбілдердің қорғанысын және олардың қимасын таңдау

Талсымдары Al және Cu жасалған сымдар мен кәбілдер үшін ұзақ мерзімді мүмкін болатын ток жүктемелерінің мәндері кестелерде келтіріледі. Бұл кезде ауа температурасы 250С деп қабылданады; 0,7 м тереңдіктегі жердің температурасы - 150С. Температуралардың мәндері белгіленгеннен басқа болса және негізгі траншеяда салған кезде кестелерде көрсетілген ток жүктемелерге түзету коэффициенттерді еңгізеді: температураның коэффициент және салу коэффициенті.

1000 В-қа дейінгі кәбілдер мен сымдардың қимасын қызу шарты бойынша ұзақ мерзімді өткізетін ток жүктемесінің есептік мәніне байланысты қалыпты жағдайда төселген кезде кестеден мынандай екі түрлі қатынас шарттары бойынша  алады:

а) ұзақ мерзімді есептік тогы мен қызу шарты бойынша:

Iсым.мүмк.бол. = ;

б) алынған аппараттарға максималды токтық қорғанысының  сәйкес келу шарты бойынша

Iсым.мүмк.бол. =  

мұндағы Ктүзету - сымдар төселуіне байланысты түзету коэффициенті;

Кқ - қорғаныс коэффициенті, яғни ол Iсым.мүмк.бол. /Iапп  ном немесе Iапп. іс.қос

Балқымалы қыстырғы үшін:

Кқ = 1,25 – жарылысқа және өртке қауіпті жерлер, сауда орындары;

Кқ = 1 - жарылысқа және өртке қауіпсіз өндіріс орындары;

Кқ = 0,33 - асқын жүктемеден қорғауды қажет етпеген жағдай.

Автоматтық ажыратқыштар үшін:

Iу авт - шапшаң ағытқышы бар Кқ = 1,25; 1,0; 0,22;

Iу авт - реттелмейтін кері тәуелді сипаттамасымен Кқ  = 1,0; 1,0; 1,0;

Iу.авт - реттелетін сипаттамасымен Кқ  =  1,0; 1,0; 0,66.

Қалыпты жағдайда Ктұзету = 1.  Онда

Iмүмк.бол. ≥ Iұз.мерз,  Iмүмк.бол. ≥кқ∙ Iқорғ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]