Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Manapova_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
224.26 Кб
Скачать

4.2 Реактивті қуаттың физикалық мәні

, квар

Q – реактивті қуат, квар;

I – фазалық ток, А;

Х – фазалық индуктивті кедергі, Ом;

Фм – айнымалы магнит ағынының амплитудасы, Вб;

Вт – магнит индукциясының амплитудасы;

μ – магнит тізбегінің магниттік өтімділігі, Гн/м;

V – магнит тізбегінің көлемі, см3;

U – кернеу, В.

Реактивті қуат тұтыну. Реактивті қуаттың жүктемеге байланысты 2 түрлі:  индуктивті немесе сыйымдылықты болатыны белгілі. Егер ток фаза бойынша кернеуден қалып отырса, онда жүктеме индуктивті болады, ал оның таңбасы оң (+) болады және мұнда реактивті қуат тұтынылады. Торап элементтерінде реактивті қуаттың шығыны да болып тұрады, олар электрэнергия қабылдағыштары тұтынған реактивті қуатпен өлшемдес. Өндіріс орындарындағы реактивті қуаттың ең негізгі тұтынушылары мыналар: асинхронды қозғалтқыштар (АҚ) (барлық тұтынылған қуаттың 60-65 % құрайды), трансформаторлар (20-25%), бұрандалы түрлендіргіштер, реакторлар, ауалы және кәбілді электр тораптары және басқа қабылдағыштар (10%).

Салыстыру үшін активті қуат P, реактивті қуат сияқты қабылдағыштармен тұтынылады және торап элементтері мен электр қондырғыларында шығынға ұшырайды.

4.3 Реактивті қуатты өндіру

Егер ток кернеуден озатын болса, онда жүктеме сыйымдылықты болады да, реактивті қуат өндіріледі және ол теріс («-») таңбалы болып келеді. Реактивті қуат – электр станциялардағы генераторлармен, синхронды қозғалтқыштармен, күштік конденсаторлар батареяларымен, тиристорлар және желілермен өндіріледі.

Салыстыру үшін: активті қуатты тек электр станциялардың генераторлары өндіреді.

4.4 Реактивті қуаттың теңдігі немесе балансы:

 ∑Qi = 0,  ∑Qтұтын = ∑Qқор.көзі,

∑Qтұтын = Qжүкт + ΔQ(шығын).

∑Qқор.көзі = Qген + Qсқ + Qкб + Qлэп + Qр.қ.тирист. қөр.көзі +….

 Салыстыру үшін: активті қуаттың балансы:

∑Рi = 0, Рген = Ржүкт + ΔР(шығын).

4.5 Қуат коэффициенттері

 Осы уақытқа дейін реактивті қуатты сипаттайтын негізгі нормативті көрсеткіш болып, активті қуаттың коэффициенті -  болып келеді. Өндірістік орындардың қоректенетін кірісінде бұл көрсеткіш 0,92 - 0,95-ке тең болуы қажет. Бірақ P/S деген қатынас реактивті қуаттың нақты өзгерісінің динамикасын көрсете алмайды. Мысалы, бұл коэффициент 0,95-тен 0,94-ке өзгерген кезде реактивті қуат 10% өзгереді, ал 0,99-дан 0,98-ге өзгергенде  -реактивті қуат 42% өзгереді.

Есептеу кезінде tgφ = Q/Р қатынасын қолданған ыңғайлы, бұл қатынасты реактивті қуаттың коэффициенті деп атайды.

4.6 Реактивті жүктемелерге арналған өтемелегіш қондырғылар

Негізгі қарышталаушы (компенсациялаушы) құрылғылар ретінде мыналар қолданылады: синхронды қозғалтқыштар, синхронды компенсаторлар (СК), статикалық конденсаторлар және т.б.

Конденсатор батареялары сұлбаларында, конденсаторға параллель қосылатын арнайы активті және индуктивті кедергілер қараластырады. Бұл кедергілер конденсаторлар өшкеннен кейін разрядтау үшін қажет, себебі конденсаторлардың өздік разрядталуы өте баяу жүреді (3-5 минут).

Разрядтық кедергілер конденсатор батареялары тораптан өшкен сайын сөніп тұруы қажет. Сондықтан конденсатор батареяларына әрқашан тұрақты түрде разрядтық кедергілер қосылуы қажет (бөлгіштерсіз, айырғыштарсыз және сақтандырғыштарсыз):

а) U>1000 В (2НОМ) кездегі екі КТ (кернеу трансформаторы) түріндегі берілген разрядты кедергілер;

б) U<1000 В кездегі омдық кедергі ОК түрінде берілген разрядты кедергі (қызу лампалары).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]