Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Manapova_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
224.26 Кб
Скачать

3.1 Орташа жүктемені анықтау

 Жұмыс режімдері бірдей күштік электр қабылдағыштар тобының ең үлкен жүктелген кезеңдегі орташа қуатын былай табуға болады

 

Рсм = Ки,а∙Рном

.Qсм = Ки,р.∙Qном;

Qсм = Рсм∙tgφ.

 

Ал тогы озатын қабылдағыштардың (СҚ, КБ) реактивті жүктемелері «-» таңбасымен алынады.

3.2 Есептік жүктемелерді анықтау

 Өндірістік кәсіпорындардың электр жабдықтау жүйесінде электрлік жүктемені анықтаудың бірнеше арнаулы орындары бар (4 суретті қара).

1   1000В-тан аспайтын бір қабылдағыштың есептік жүктемесін анықтау (1 жүктеме); берілген электр қабылдағышқа келетін сым немесе кәбілдің  қимасын анықтауға және қабылдағышты күштік тарату шкафына немесе тарату желісіне жалғауға арналған аппаратты таңдау үшін керек.

2  1000В-тан аспайтын қабылдағыштар тобының есептік жүктемесін анықтау (2 жүктеме); берілген қабылдағыштар тобын қоректендіретін тарату магистралының, радиалды желілерінің қимасын анықтау үшін және берілген қабылдағыштар тобын негізгі күштік тарату шкафына немесе трансформатор-магистраль блогының сұлбасындағы қоректендіруші магистралына жалғау аппаратын таңдау үшін керек.

3 Жеке қабылдағыштарды немесе қабылдағыштар тобын қоректендіретін күштік тарату шкафтары немесе жеке ірі қабылдағыштар кернеуі 0,69-0,4/0,23кВ цехтік қосалқы станцияның шиналарындағы есептік жүктемені анықтау  (3 жүктеме). Бұл жүктемені анықтау цехтік ҚС 0,69 немесе 0,4/0,23 кВ шиналарынан шығатын жоғарыда айтылған қабылдағыштарды қоректендіретін желілердің қимасын және цех ҚС төменгі кернеу шинасына желілерді қосатын аппараттарды таңдау үшін қажет.

4 Трансформатордағы шығындарды есепке ала отырып, жеке цехтік трансформаторлардың немесе жеке қабылдағыштардың тарату орындарының 6-20кВ шиналарында тудыратын есептік жүктемесін анықтау (4 жүктеме). Цехтік трансформаторлар мен жоғарғы кернеулі қабылдағыштарды қоректендіретін тарату пункттарының шиналарынан шығатын желі сымының  қимасын және сол желілерде орнатылған ажырату аппараттарын таңдау үшін керек.

5 Тарату пунктінің әрбір секцияларының шиналарындағы жалпы есептік жүктемені анықтау. Тарату пунктінің 6-20кВ шиналарының материалын және  қимасын, желінің қимасын, басты төмендететін қосалқы станция (БТҚС) (ГПП) шинасы жағындағы ажырату аппараттарын  таңдау үшін керек (5 жүктеме). Егер БТҚС-ның 6-20кВ шинасынан цехтік транформаторлар немесе қабылдағыштар қоректеніп жатса, онда 5-жүктеме 4-жүктеменің мағынасын білдіреді, тек БТҚС-ң 6-20кВ шиналарына қатысты.

6 БТҚС-ң әрбір секцияларында 6-20кВ шиналарындағы жалпы есептік жүктемесін анықтау (6 жүктеме). БТҚС-да орнатылған төмендеткіш трансформаторларының қуаты мен санын, БТҚС шинасының материалы мен  қимасын, БТҚС трансформаторларының 6-20кВ-тық төменгі кернеу жағында орнатылған ажырату аппараттарын таңдау үшін керек.

7 Трансформатордағы шығынды есепке ала отырып, БТҚС трансформаторларының 35-220кВ-тық жоғарғы кернеулі жағындағы есептік жүктемесін анықтау. БТҚС трансформаторларын қоректендіретін желілерді жалғайтын аппараттарды таңдау үшін керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]