Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Manapova_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
224.26 Кб
Скачать

3 Сурет

6) Тұтынушылардың жұмыс режімдері бойынша бөлуден басқа жүктеменің симметриялы еместігін немесе фазалардың жүктемеленуінің бір қалыпты еместігін ескеру керек.

7) Қорек көзінің сенімділігі /ПУЭ 1998 ж/.

Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету барысында электрлік қабылдағыштары келесі 3 категорияға бөлінеді:

I категориялы электрлік қабылдағыштар - электр жабдықтаудың уақытша тоқтап қалуы келесі жағдайларға әкелетін электрлік қабылдағыштар жатады: адам өміріне қауіп төнсе, ауыл шаруашылығына зиян келсе, негізгі қымбат жабдықтар бүлінсе, өнім сапасы бұзылса, күрделі технологиялық процестер нашарласа.

I категориялы электр қабылдағыштардың тобынан ерекше топ бөлінеді: олардын тоқтаусыз жұмыс істеуі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарылыс, өрт және қымбат жабдықтардың бүлінуінен қорғайтын өндірістің апатсыз тоқталуы үшін қажет;

II категориялы электр қабылдағыштар - электрмен жабдықтау тоқтаған кезде өнімнің толық берілуін азайып, жұмысшылардың, механизмдердің және өндірістік көліктердің жұмыссыз тұруына, қала және ауыл тұрғындардың тұрақты қызметтерінің бүлінуіне әкелетін электр қабылдағыштар;

III категориялы электр қабылдағыштар - 1 және 2 категорияларға жатпайтын барлық қалған электр қабылдағыштар.

III категориялы электр қабылдағыштар екі тәуелсіз бір-бірімен резервте болатын корек көздерінен электр энергиясымен қамтамасыз ету керек және бір қорек көзінің электр жабдықтауы бүлінген кезде электр жабдықтардың үзілісі қоректенуді автоматтық түрде қайта қосу уақытына ғана мүмкін.

Электр жабдықтаудың I категориялы электр қабылдағыштардың ерекше тобы үшін қосымша  үшінші тәуелсіз резервті қорек көзі қарастырылу керек.

2.2 Өнеркәсіптік өндірістің электрлік жүктемелері

 Электр жабдықтауды қазіргі заманға сәйкес жобалау кезінде өндіріс орындарында бүкіл күрделі техника-экономикалық сұрақтар комплексінің рационалды шешуінің негізі болып күтілетін электрлік жүктемелерді дұрыс анықтау табылады. Кез келген электрмен жабдықтау жүйесін жобалаудың бірінші кезеңі электрлік жүктемелерді анықтау болып табылады.  Электржабдықтаудың жобалаған барлық элементтерінің таңдалуы электр жүктемелердің мәнімен анықталады. Күтілетін жүктемелерді дұрыс бағалаудан капиталды шығындар, түсті металдың шығыны, электр энергияның шығыны және эксплуатациялы шығындар тәуелді болады. Егер есептеулерде электр жүктемелердің азаю жағына қарай қате жіберілсе, онда ол электрмен жабдықтау жүйесінде электрэнергияның шығындарында (потери) кететін артқан шығындарды (расход) тудырады, электржабдықтардың тозуын жылдамдатады, агрегаттардың және жалпы кәсіпорынның өнімділігін шектеуі мүмкін.

Жобалау кезінде негізгі параметрлер болып мыналар табылады: электрқабылдағыштардың номиналды қуаты; токтың номиналды, активті қуаты; номиналды реактивті қуат; орташа жүктемелер; кез келген уақыт интервалы ішінде ортаквадратты жүктемелер Рск, Qск, Іск; максималды жүктемелер; есептік жүктемелер; орташа жүктеменің максимумы және басқалар.

2.3 Электр қабылдағыштарды және олардың жүктеме графиктерін сипаттайтын көрсеткіштер

 Жүктемені есептеу және зерттеу кезінде жүктеме графиктерінің кейбір өлшемсіз көрсеткіштері (коэффициенттері) қолданылады, олар электр қабылдағыштардың уақыт немесе қуат бойынша жұмыс режімін сипаттайды. Оларды анықтау жобаланатын жүйенің параметрлеріне, жоба жүргізілетін өнеркәсіптің саласына және т.б. тәуелді болуы мүмкін. Негізгі көрсеткіштер болып мыналар табылады:

қолдану коэффициенті;

қосылу коэффициенті; активті және реактивті қуат бойынша жүктелу коэффициенті;

жүктеме график түрінің коэффициенті;

активті қуаттың максимум коэффициентті Кма;

сұраныс коэффициенті, жүктеме графигінің толу коэффициенті;

жүктемелер максимумдарының түрлі уақыттың коэффициенті;

жыл бойғы энергия қолдануы бойынша ауысым коэффициенті және қабылдағыштардың келтірілген (эффективті) саны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]