
- •1.1 Электрлік жабдықтауда қолданылатын негізгі анықтамалар мен шамалар
- •1.2 Электрэнергияны тұтынатын негізгі салалар
- •1.3 Электр қабылдағыштардың негізгі топтары
- •2.1 Электр энергияны өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалары, электр жүктемелерінің графиктері
- •3 Сурет
- •2.2 Өнеркәсіптік өндірістің электрлік жүктемелері
- •2.3 Электр қабылдағыштарды және олардың жүктеме графиктерін сипаттайтын көрсеткіштер
- •3.1 Орташа жүктемені анықтау
- •3.2 Есептік жүктемелерді анықтау
- •3.3 Электр жүктемелерді есептеу кезіндегі негізгі ережелер:
- •3.4 Есептік жүктемені анықтау әдістері
- •4.2 Реактивті қуаттың физикалық мәні
- •4.3 Реактивті қуатты өндіру
- •4.4 Реактивті қуаттың теңдігі немесе балансы:
- •4.5 Қуат коэффициенттері
- •4.6 Реактивті жүктемелерге арналған өтемелегіш қондырғылар
- •5.1 Кәбілдер мен сымдарды төсеу әдістері
- •5.2 Сымдарды қорғаныс құбырларда төсеу
- •5.3 Сымдарды ашық жағдайда төсеу
- •5.4 Күштік және жарықтық тораптардың сұлбалар және құрылымдық орындалуы
- •5.6 Электр торабын кернеу шығыны бойынша есептеу
- •5.7 Электрлік жарықтандыру тораптары
- •6.1 Сақтандырғыштар
- •6.2 Автоматты ауа ажыратқыштары
- •7.1 Өнеркәсіптік кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйесіне қойылатын талаптар
- •7.2 Қосалқы станциялардың электрмен жабдықталу сұлбалары
- •7.3 Қосалқы станциялардың тарату құрылғылары (қстқ) (ру)
- •7.4 Комплектті трансформаторлық қосалқы станциялар (ктп)
- •7.5 Электролизді қондырғылар үшін арналған қосалқы станциясы
- •7.6 Доғалы және рудотермиялық электр пештер (дсп, ртп) арналған қосалқы станциялар
- •7.7 Tрансформаторлардың саны мен қуатын және қосалқы стансалардың түрін таңдау
- •8.1 Электр магниттік тіркесушілік
- •8.2 Электрэнергия сапасының көрсеткіштері
- •8.3 Электрэнергия сапа көрсеткіштерін анықтаудың негізгі формулалары
8.2 Электрэнергия сапасының көрсеткіштері
1 Кернеу қалыптасқан аралығы бUу;
2 Кернеу өзгеруінің аралығы бUt;
3 Фликер дозасы Рt; фликер - адамның кернеу тербелісінен пайда
болатын жасанды жарық көздері ағындарының тербелісін субъективті қабылдауы;
4 Кернеудің синусойдалды еместік коэффициенті Ки;
Кернеудің n -ші гармоника құраушысының коэффициенті Кu(n);
5 Кері тізбек бойынша кернеудің симметриялы еместік коэффициенті;
6 Нөлдік тізбек бойынша кернеудің симметриялы еместік коэффициенті К2u;
7 Жиіліктің ауытқуы Коu;
8 Кернеу құлауының ұзақтығы Δf;
9 Кернеу түсуінің ұзақтығы;
10 Импульстік кернеу Uимп;
11 Уақытша асқын кернеу коэффициенті КакU.
8.3 Электрэнергия сапа көрсеткіштерін анықтаудың негізгі формулалары
Кернеудің ауытқуы (δUқ)
Кернеу ауытқуы қалыптасқан кернеу ауытқуының көрсеткішімен сипатталады. Оның келесі нормалары қарастырылады:
-электр энергиясы қабылдағыштардың қысқыштарында қалыптасқан кернеу ауытқуының δUқ қалыпты рұқсат етілетін мәні желінің номиналды кернеуінің ±5% құрауы тиіс;
δUқ ± 10%-дың шекті рұқсат етілетін мәні.
қалыптасқан
кернеу ауытқуы
мұнда
Uқ
=
орташаландырылған
кернеу В немесе кВ 1 мин. ішінде кернеудің
N U(1)i
рет бақылауы;
Ui -ші бақылаудың кернеу мән, В немесе кВ 1 мин. ішінде бақылау саны 18-ден аспауы тиіс.
Кернеу тербелісі.
Кернеу тербелісі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
- кернеу өзгерісінің аралығы δUt;
- фликер дозасы Рt (кернеу тербелісінің жиілігі).
Кернеу өзгерісінің аралығы - ол кернеудің әрекеттік мәндерінің бірінен кейін бірі болатын майысу экстремумдерінің айырымы.
Кернеу 0,38 кВ жүйеге қосылған жерде қалыптасқан кернеу ауытқуы δUқ мен кернеу өзгеруінің аралығының δUt шекті рұқсат етілетін мәні номиналды кернеудің Uн ±10% құрауы тиіс.
Кернеу өзгерісінің аралығы мына формуламен анықталады
мұндағы Ui, Ui+1 – бірінен кейін бірі болатын экстремумдердің және негізгі жиіліктің кернеуінің орта квадраттар мәндерінің әрбір жарты периодында анықталған кернеудің горизонталь бөлігінің мәндері, В.
Ки - кернеудің синусоидалды еместігі.
Кернеудің синусоидалды еместігі келесідей көрсеткіштермен сипатталады:
- кернеу қисылығының синусоидалылығының ығысу коэффициенті;
- кернеудің n -ші реттік гармоникалық құрауыштар коэффициентімен.
n реттік гармоникалық құрауыштар коэффициентінің мәні келесі формуламен анықталады
.
Кернеудің симметриялы еместігі
Кернеудің симметриялы еместігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
- кернеудің симметриялы еместігінің кері тізбегінің коэффициенті К2u;
- кернеу симметриялы еместігінің нөлдік тізбегі коэффициентімен К0u.
Рұқсат етілген қалыпты мән К2u тең 2,0%.
Рұқсат етілген шекті мән К2u тең 4,0%.
Рұқсат етілген қалыпты мән К0u-тен 2,0%; тең төрт жетекті электр жүйесіндегі 0,38 кВ ортақ нүктелеріндегі қосылым.
Рұқсат етілген шекті мән К0u 4,0% тең. Кернеудің симметриялы емес коэффициент мәнінің кері тізбегін 3с тең болатын уақыт интервалындағы Тs К2u орталандырылған бақылауынан алынған нәтижесін келесі формула арқылы есептейді
.
Бақылау саны N 9-дан кем болмауы керек. Кернеудің симметриялы еместік коэффициентінің нөлдік тізбегін 3с тең болатын уақыт интервалындағы Тs К0u орталандырылған бақылаудан алынған нәтижесі келесі формула арқылы есептеледі: К0ui
.
Бақылау саны 9-дан кем болмауы керек.
Жиілік ауытқуы Δ f
Электр жүйесіндегі айнымалы токта кернеу жиілігінің ауытқуы жиіліктің ауытқу көрсеткішімен сипатталып, келесідей нормаланады:
- қалыпты рұқсат етілетін Δf тең ± 0,2 Гц;
- шекті рұқсат етілетін Δ f тең ± 0,4 Гц.
Жиіліктің герцтағы орталандырылған мәнін уақыт интервалы 20 с тең бақылау нәтижесінде келесі формуламен есептеледі
.
Бақылау саны N 15-тен кем болмауы керек.
Жиіліктің герцтағы ауытқуын (Δ f) келесі формуламен есептейді
Δ f = fо – fном
мұндағы fном -жиіліктің номинал мәні.
Кернеу құлауы
Бұл көрсеткіш келесідей нормаларға ие кернеу құлауының ұзақтығының көрсеткішімен сипатталады - Δtқ;
- кернеуі 20 кВ-қа дейінгі электр желілерінде кернеу құлауының ұзақтығының шектік мүмкін болатын мәні 30 с -қа тең. Электр жүйеге кез келген қосылу нүктесіндегі автоматты түрде жойылатын кернеу құлауы релелік қорғаныс пен автоматиканың уақыт төземділігімен анықталады.
Кернеу құлауының ұзақтығы (секунд) келесі формуламен анықталады
Δtқ = tб – tс
мұнда tб, tс – кернеу құлауының басталуы және соңғы уақыт моменттері.
Кернеу құлауының тереңдігі
δUқ
=
мұнда
-
В-пен өлшенген кернеудің барлық орташа
квадратты мәндерінің минималдысы, кВ.
Кернеу құлауының пайда болу жиілігі Fқ (%)
Fқ = m(δUқ, Δtқ) / М
мұнда m(δUқ, Δtқ) – кернеудің Т уақыт периоды ішіндегі ұзақтығы Δtқ және тереңдегі δUқ кернеу құлаулар саны;
М – Т уақыт периоды ішіндегі кернеу құлауының қосынды саны.
Кернеу импульсі Uимп
Бұл көрсеткіш Uимп импульсті кернеу көрсеткішімен сипатталады. Олардың мәндері нажағайлы және коммутациялы импульстар үшін ГОСТ - 13109-97 келтірілген.
Uимп импульсті кернеуді (В, кВ) кенет өзгеруі кезінде кернеудің максималды мәні ретінде өлшейді (импульс фронтының ұзақтығы 5 мс аспайды).
Δtимп 0,5 = tб0,5 – tс0,5
мұнда tб0,5 , tс0,5 – микросекунд, миллисекундпен өлшенген кернеу импульсі қисығының микросекунд, миллисекундпен өлшенетін импульстін жарты амплитуда арқылы жүргізілген горизонтальді сызықпен қилысына сәйкес келетін уақыт моменті.
Уақытша асакернеулік
Бұл көрсеткіш мәндері ГОСТ-13109-97-та келтірілген уақытша асакернеулік коэффициент Как u көрсеткішімен сипатталады.
Уақытша асакернеулік коэффициенті
Как
u
=
мұнда
-
кернеудің өлшенген амплитудалы мәндерінің
максималдысы.