
- •1.Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орны, атқаратын қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •4.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •5.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •6.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.
- •7.Ресурстардың сиректігі мәселесі.
- •8.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.
- •9.Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
- •10.Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
- •11.Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні өзіндік белгілері.
- •12.Тауар және оның қасиеттері.
- •13.Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.
- •14.Құн теориялары.
- •15.Рыноктың (нарықтың) мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктері
- •16.Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •17.Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдар
- •18.Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.
- •19.Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •20.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •21.Бәсеке рыноктық (нарықтық)механизмінің негізгі элементтері.
- •22.Бәсеке, оның типтері.
- •23.Баға, оның өндірістегі орны.
- •24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.
- •25.Жеке кәсіпкерлік, оның түрлері.
- •26.Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •27.Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •28.Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндірістік шығындар жіктемесі.
- •30.Табыс: мәні және оның түрлері
- •31.Фирма пайдасы.Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32.Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
- •33.Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы.
- •34.Капитал нарығы, пайыздық табыс.
- •35.Еңбек ақы формалары, мәні.
- •36.Ұдайы өндіріс, оның өсу факторлары.
- •37.Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері.
- •38.Ұлттық есеп жүйесі.Макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •39.Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер.
- •40.Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс.
- •41.Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсу типтері мен факторлары.
- •43.Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері.
- •44.Инфляция, оның түрлері.
- •45.Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат.
- •46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясат
- •47.Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.
- •48.Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері (үлгілері).
- •49.Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері
- •50.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •51.Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығыны.
- •52.Ақша жүйесі мен оның элементтері.
- •53.Несие жүйесі мен оның қызметтері.
- •54.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері.
- •55.Қр Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауы
- •56.Қр индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •57.Қр ауылшаруашылығын дамыту мәселелері
- •58.Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •60.Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру
12.Тауар және оның қасиеттері.
Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал-жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады.
Маркстік теорияда, тауар — сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар: а)тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады; б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады. в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады. II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді. Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін — экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды. Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан, олар тауар — еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы. Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар: а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды. б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді. Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады. Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар — айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.
13.Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.
Ақша-бұл қатысуымен қоғамдық қатынастар туындап пайда болатын экономикалық категория; ақша дербес формада құн өлшемi, айналыс төлем және жинақ құралы бола алады. Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар- бұл сату мен айырбастау ұшiн жасалынған еңбек өiнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар фирмасын қабылдайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын әртүрлi тауарлар қабылдады.Әрбiр тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентiн алға тартады. Бiр халықтың өзiнде әртүрлi уақыттарда және әртүрлi халықтарда бiр мезгiлде әртүрлi эквиваленттер болды. Сонымен, бiрiншi iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал айырбас құралына айналды. Олардың белгiлi-бiр түрлерi табиғи климаттық жағдайларда нақты сол отарда айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейiт аудандарда-тұйе; тундрада-бұғы жалпы құндық эквивалент қызметiн атқарды. Малды жалпы эквивалент ретiнде пайдаланғаны туралы нақты дәлелдер әртүрлi қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда кездеседi. Солтүстiк халықтары ең бiрiншi тауар ретiнде айырбас үшiн, жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойынша әртүлi тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды (ұкi және т.б.). Құс жүндерi Солтүстiк Сiбiр халықтарында, ал аң жүндерi Солтүстiк Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретiнде пайдаланылды. Жүн ақшалар Моңғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кеңiнен таралды.
ақшаның, мәнi оның үш қажетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.
• алпыға тiкелей айырбасталу;
• айырбас құнының жеке формасы;
• еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.
Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында ақшаның айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екенiн көрсетедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi.
Қазiргi кезде тiкелей айырбастау формасында ақшаның пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.