
- •1.Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орны, атқаратын қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •4.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •5.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •6.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.
- •7.Ресурстардың сиректігі мәселесі.
- •8.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.
- •9.Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
- •10.Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
- •11.Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні өзіндік белгілері.
- •12.Тауар және оның қасиеттері.
- •13.Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.
- •14.Құн теориялары.
- •15.Рыноктың (нарықтың) мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктері
- •16.Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •17.Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдар
- •18.Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.
- •19.Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •20.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •21.Бәсеке рыноктық (нарықтық)механизмінің негізгі элементтері.
- •22.Бәсеке, оның типтері.
- •23.Баға, оның өндірістегі орны.
- •24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.
- •25.Жеке кәсіпкерлік, оның түрлері.
- •26.Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •27.Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •28.Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндірістік шығындар жіктемесі.
- •30.Табыс: мәні және оның түрлері
- •31.Фирма пайдасы.Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32.Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
- •33.Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы.
- •34.Капитал нарығы, пайыздық табыс.
- •35.Еңбек ақы формалары, мәні.
- •36.Ұдайы өндіріс, оның өсу факторлары.
- •37.Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері.
- •38.Ұлттық есеп жүйесі.Макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •39.Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер.
- •40.Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс.
- •41.Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсу типтері мен факторлары.
- •43.Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері.
- •44.Инфляция, оның түрлері.
- •45.Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат.
- •46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясат
- •47.Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.
- •48.Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері (үлгілері).
- •49.Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері
- •50.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •51.Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығыны.
- •52.Ақша жүйесі мен оның элементтері.
- •53.Несие жүйесі мен оның қызметтері.
- •54.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері.
- •55.Қр Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауы
- •56.Қр индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •57.Қр ауылшаруашылығын дамыту мәселелері
- •58.Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •60.Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру
10.Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады. Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс). Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:
өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;
өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
11.Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні өзіндік белгілері.
Тауар өндірісі– өнімді сату үшін өндіретін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс, рынок арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық. Пайда болу себептері:
1. қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, айырбас қатынастарының дамуы
2. тауар өндірушілердің экономикалық тұрғыда оқшаулануы, осы арқылы тауарлы айырбастың орын алуы. Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен байланысты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады.екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір-бірінен экономикалық жағынан оқшаулануы нәтижесінде өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Натуралды өндірістің күйреуі таур өндірісінің пайда болуына және орнығуына маңызды алға басушылық болды. Тауар өндірісі жұмыс уақытын үнемдеу мен еңбек өнімділігін арттырудың тиімді механизмін жасады. Сондықтан да ол өзіне адамзат тарихының барлық кезеңдерінде өмір сүру құқығын қамтамасыз етті. Тауар өндірісі құл иеленушілік құрылыста да, феодализмде де, капитализмде де орын алды. Тауар өндірісн жай және капиталистік болып екіге бөлеміз.
Тауар өндірісінің белгілері:
1. қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі
2. өндіріс құрал–жабдығына және еңбек өніміне жеке меншіктің болуы
3. меншік иесінің жеке еңбегінің қатысуы
4. қоғамдық өажеттіліктерді еңбек өнімін сату арқылы қанағаттандыру
5. адамдар арасындағы экономикалық байланыс рынок арқылы жүзеге асырылады
Тауар өндірісінің негізгі категориясы, элементі- тауар.Тауарлы өндірістің модельдері:
1. дамымаған рыноктың тауар өндірісі– қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуына, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жау тауарлы өндіріс кезінде шығарылған өнімнің тек белгілі ғана рынокқа шығарылады.
2. еркін рыноктың тауар өндірісі–түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарға білдіреді:
a) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің орнына жалдамалы еңбек келді.
b) Қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рыннок арқылы сатуға арналған.
3. реттелетін рыноктың тауар өндірісі–экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталынады.
4. деформацияланған рыноктың тауар өндірісі–әміршіл–әкімшіл экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді. Бұның екі моделі: жоспарлы–директивалық және нормативті. Тауар өндірісі рыноктық экономикаға қарағанда анағұрлым кең болып келеді. Алтын – еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады. Әдеттегі тауар ретінде алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның тұтыну құны өнеркәсіпте