Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

8.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.

Өндіріс- адам қоғамының өмір сүру негізі. . Өндірістің түпкі мақсаты- тұтыну. Ол әр түрлі мұқтаждықтарды қанағаттандыру үрдісі.Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді:шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар- бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы.Мұқтаждықтарды қанағаттантандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады, ал екіншісі шектеулі. Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады. Игіліктер:материалдық заттар және материалдық емес заттар болып бөлінеді. Өндірістің дамуын үш сатыға бөлуге болады: 1.Индустриялдыққа дейінгі өндіріс-ауыл шаруашылығы және қол еңбегі үстемдік етеді.

2.Индустриялдық өндіріс – ірі механикаланған машина өндірісі үстемдік етеді.

3. Постиндустриялдық өндіріс – ғылым, білім, денсаулық сақтау, қызмет көрсету.

Өндірістік факторлар- Өндіріс мүмкіндігіне және нәтижесіне әсер ететін өте маіызды объектілер. Өндірістік факторларды екі мектеп бөліп қарастырған:

Маркстік мектеп өндірістік факторды екіге бөледі: 1. жеке–еңбек үшін, яғни адамның еңбекке деген физикалық және интелектуалдық қабілеттерінің жиынтығы

2. заттық–барлық құрал –жабдықтардың жиынтығы. Олар еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Еңбек заттары–адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін заттар.Екі түрі бар: а)табиғи– руда,мұнай.ә)белгілі бір табиғи процестен, өңдеуден өткен–шикізат, материал. Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.Түрлері:а) аспаптар, құралдар, машиналар, механизмдер. ә)қндірістің ыдыс жүйесі. б)өндірістік объектілер. в) жер. г)электр қуаты, химиялы, ядролық реакциялар. Маржиналистік мектеп өндірістік факторларды төртке бөледі: 1.Жер–табиғаттың адамға берген сыйы, табиғи фактор

2.Еңбек –игілікті және қызметтерді өндіруге қабілеті бар адамдар жиынтығы

3.Капитал– тауарлар мен өызметтердің өндірісте қолданатын игіліктердің жиынтығы

4.Кәсіпкерлік қабілет– тәуелділікке, іскерлікке, ұйыдасулыққа, саналыққа, жауапкерлікке кең пайдалануды талап ететін қабілет. Өндіріс–адамның еңбегі арқылы кез келген өнімді жасау, оған ресурстарды өңдеу үрдісі.

9.Қоғамдық шаруашылықтың формалары.

Қоғамдық шаруашылық құрылымының күрделі құрылымын талдау үшін оның секторы, саласы, аясы деген ұғымдар пайдаланылады. Сектор белгілі бір әлеуметтік-экономикалық қатынастармен біріктірілген әлеуметтік-экономикалық бірліктердің жиынтығы болып табылады. Халық шаруашылық құрылымын секторларға меншік (мемлекеттік, кооперативтік, жеке, өзіндік меншік) нысандарына сәйкес бөлу кеңінен таралған. Халық шаруашылық құрылымында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ағысына жасалған талдау секторларға бөлудің тиімділігін қуаттайды. Бұл үшін Халық шаруашылық құрылымының бірліктері немесе элементтері кейбір ортақ экономикалық белгілері бойынша топтастырылады. Мәселен, шетелдік зерттеулерде ұлттық шоттар жүйесінде экон. үдерістердің жиынтық сипаттамасына негіз ретінде төрт сектор бөліп көрсетіледі. Олар: кәсіпорын, үй қожалығы (әңгіме тұтыну аясы туралы болып отыр), мемлекеттік (немесе үкіметтік) сектор, сыртқы сектор (Халық шаруашылық құрылымының сыртқы дүниемен экономикалық байланыстары). Макроэкономикалық үлгілерді құрылымдау үшін әлеуметтік-экономикалsқ бірліктерді, Халық шаруашылық құрылымы секторларын топтастыру үшін басқа белгілер де пайдаланылады. Сала Халық шаруашылық құрылымының негізгі құрылымдық бөлімшесі ретінде оның әлеуметтік-экономикалық мазмұнына қарай бірдей атқарымды орындайтын кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы болып табылады. Халық шаруашылық құрылымының қазіргі заманғы салалық бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы үдерісінің нәтижесімен сараланады. Біртекті салалар тобы Халық шаруашылық құрылымы аясын құрайды, ол өндірістік сала мен бейөндірістік салаға бөлінеді. Өндірістік салаға қоғамдық өнім (ұлттық табыс) жасалатын барлық салалар жатады. Бейөндірістік салаға түрлі қызметтер, мед. және мәдени қызмет көрсететін салалар, басқару, қорғаныс, тағы басқалар кіреді. Халық шаруашылық құрылымының дамуы мен келешегін зерттеу үшін оның құрылымдық бөлімшелері арасындағы арақатынастың, сондай-ақ жиынтық экон. көрсеткіштері арасындағы үйлесімдіктердің маңызы зор. Халық шаруашылық құрылымының негізгі үйлесімдіктеріне (арақатынастарына) өндіріс құрал-жабдығын өндіру мен тұтыну заттарын өндірудің, өнеркәсіп пен ауыл шарушылық, жалпы материалдық өндіріс пен бейөндірістік сала арасындағы үйлесімділік жатады. Халық шаруашылық құрылымының салаларының, секторларының, қоғамдық өндіріс элементтері мен көрсеткіштерінің өзара байланысы өнімді өндіру мен бөлудің халық шаруашылық теңгерімінде барынша толық болып келеді.