Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

5.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары

Өндіріс- адам қоғамының өмір сүру негізі. . Өндірістің түпкі мақсаты- тұтыну. Ол әр түрлі мұқтаждықтарды қанағаттандыру үрдісі.Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді:шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар- бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы.Мұқтаждықтарды қанағаттантандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады, ал екіншісі шектеулі. Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады. Игіліктер:материалдық заттар және материалдық емес заттар болып бөлінеді. Өндірістің дамуын үш сатыға бөлуге болады: 1.Индустриялдыққа дейінгі өндіріс-ауыл шаруашылығы және қол еңбегі үстемдік етеді.

2.Индустриялдық өндіріс – ірі механикаланған машина өндірісі үстемдік етеді.

3. Постиндустриялдық өндіріс – ғылым, білім, денсаулық сақтау, қызмет көрсету.

Өндірістік факторлар- Өндіріс мүмкіндігіне және нәтижесіне әсер ететін өте маіызды объектілер. Өндірістік факторларды екі мектеп бөліп қарастырған:

Маркстік мектеп өндірістік факторды екіге бөледі: 1. жеке–еңбек үшін, яғни адамның еңбекке деген физикалық және интелектуалдық қабілеттерінің жиынтығы

2. заттық–барлық құрал –жабдықтардың жиынтығы. Олар еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Еңбек заттары–адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін заттар.Екі түрі бар: а)табиғи– руда,мұнай.ә)белгілі бір табиғи процестен, өңдеуден өткен–шикізат, материал. Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.Түрлері:а) аспаптар, құралдар, машиналар, механизмдер. ә)қндірістің ыдыс жүйесі. б)өндірістік объектілер. в) жер. г)электр қуаты, химиялы, ядролық реакциялар. Маржиналистік мектеп өндірістік факторларды төртке бөледі: 1.Жер–табиғаттың адамға берген сыйы, табиғи фактор

2.Еңбек –игілікті және қызметтерді өндіруге қабілеті бар адамдар жиынтығы

3.Капитал– тауарлар мен өызметтердің өндірісте қолданатын игіліктердің жиынтығы

4.Кәсіпкерлік қабілет– тәуелділікке, іскерлікке, ұйыдасулыққа, саналыққа, жауапкерлікке кең пайдалануды талап ететін қабілет. Өндіріс–адамның еңбегі арқылы кез келген өнімді жасау, оған ресурстарды өңдеу үрдісі.

6.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.

Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе”және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты Экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен Экономикалық жүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:

мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;

адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);

елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;

өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;

әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;

табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);

технологиялық аяның жай-күйі;

ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;

қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.

Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:

1. Меншік типтері бойынша;

2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша;

Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:

а) дәстүрлі экономика;

ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;

б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық эконмика;

в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.