- •1.Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орны, атқаратын қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •4.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •5.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •6.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.
- •7.Ресурстардың сиректігі мәселесі.
- •8.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.
- •9.Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
- •10.Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
- •11.Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні өзіндік белгілері.
- •12.Тауар және оның қасиеттері.
- •13.Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.
- •14.Құн теориялары.
- •15.Рыноктың (нарықтың) мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктері
- •16.Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •17.Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдар
- •18.Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.
- •19.Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •20.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •21.Бәсеке рыноктық (нарықтық)механизмінің негізгі элементтері.
- •22.Бәсеке, оның типтері.
- •23.Баға, оның өндірістегі орны.
- •24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.
- •25.Жеке кәсіпкерлік, оның түрлері.
- •26.Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •27.Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •28.Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндірістік шығындар жіктемесі.
- •30.Табыс: мәні және оның түрлері
- •31.Фирма пайдасы.Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32.Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
- •33.Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы.
- •34.Капитал нарығы, пайыздық табыс.
- •35.Еңбек ақы формалары, мәні.
- •36.Ұдайы өндіріс, оның өсу факторлары.
- •37.Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері.
- •38.Ұлттық есеп жүйесі.Макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •39.Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер.
- •40.Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс.
- •41.Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсу типтері мен факторлары.
- •43.Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері.
- •44.Инфляция, оның түрлері.
- •45.Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат.
- •46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясат
- •47.Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.
- •48.Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері (үлгілері).
- •49.Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері
- •50.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •51.Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығыны.
- •52.Ақша жүйесі мен оның элементтері.
- •53.Несие жүйесі мен оның қызметтері.
- •54.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері.
- •55.Қр Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауы
- •56.Қр индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •57.Қр ауылшаруашылығын дамыту мәселелері
- •58.Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •60.Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру
57.Қр ауылшаруашылығын дамыту мәселелері
Сол себепті ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар ауылды көтеру, инвесторлар тарту, өндіріс көздерін ашу, мал тұқымдарын асылдандыру, мал басын көбейту, егіншілікті әртараптандыру қажеттілігі айтылды. Осы орайда әрбір ауылшаруашылық құрылымының басшысы, кәсіпкерлер оысмүмкіндіктерді пайдаланып, өз ауылдарында осындай бастамаларды жүргізу заман талабы екендігін атап көрсетті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Н.Демеуов қазіргі таңда егін, мал шаруашылығымен айналысатын құрылымдар мен азаматтарға берілетін субсидиялар мен жеңілдіктер, екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттарының беретін несиелері мен талаптары жөнінде хабарлама жасады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» акционерлік қоғамының өкілі Ғ.Жармаханов егін шаруашылығына 2 жылға дейінгі мерзімге 12 пайыздық үстемемен 3,0 млн. теңгеге дейінгі көлемде шаруа қожалықтарына несие берілетінін, ол үшін несиеленуші субъектінің міндетті түрде егістік жері мен суы болуы шарт, ал, мал, егін, сауда саласына 2 жылға дейінгі мерзімге 9,5 пайыздық үстемемен 400,0 мың теңгеге дейінгі көлемде несие берілетіні жөнінде айтып өтті. Алайда несие алған азаматтар қаржыны мақсатты түрде жұмсауы қажет, себебі 3 айдан кейін қаржы институтының өкілдері тексеру жүргізеді, сондықтан қаржы егін немесе мал шаруашылығын дамытуға жұмсалуы қажет. Егер де несие алушының еккен егіні шықпай, малдары ауырып немесе басқа да себептермен азайған жағдайда комиссияның шешімімен жеңілдіктер қаралатындығын түсіндіріп өтті.
Бұдан кейін кездесуге қатысқандар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті сала басшыларынан жауаптар алынды.
Кездесуді қорытындылаған аудан басшысы Аққыр, Аққұм ауылдарында қаржы институттарынан несие алу арқылы мал шаруашылығымен айналысып отырған азаматтардың жұмысын үлгі етіп, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерді өз жұмыстарын бастауға шақырды. Бұл жұмыстарға аудан басшылығы тарапынан қолдау көрсетілетіндігін және де осы жиында көтерілген ұсыныстар мен пікірлер аудан әкімінің тікелей бақылауында болатындығын атап өтті.
58.Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау саясатын жетілдіре түседі, бірақ "жаңаша әрі бәсекелі өндірістерді қолдауға" басымдық беріледі. Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.
Ол осы орайда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағытында үкімет тарапынан бірқатар шаралар қолданылып жатқанын еске сала кетті. Атап айтсақ, үкімет басшысы салық ауыртпалығының азайтылуын, қаржылық бақылаудың шектелуін атай отырып, "бизнеспен шұғылдануға ең тиімді жағдайлар жасалып жатыр",- деп атап көрсетті.
Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары кәсіпкерлік мәдениет деңгейінің артуы, өнім сапасының жақсаруы, тауарлар бағасы мен қызмет ақысының арзандауы, халыққа ұсынылатын тауарлар түрінің көбеюі тәрізді көріністер арқылы қолдауға тікелей парапар қайтарымын беруі мемлекет үшін қажет,- деді үкімет басшысы.
Қазір біз ел экономикасын дамыту мақсатын сапалық жаңаша деңгейге көтеруді талап ететін сатыда тұрмыз, бұл кезеңде Қазақстанның стратегиялық даму мақсаттарына лайықты артықша ойламды басқару тәсілі, өзгеше қаржылық-инвестициялық схемалар қажет.
59.«Қазақстан-2030» даму стратегиясы ондағы экономикалық өсуге аяқ басудың шарттарыҚазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
