
- •1.Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орны, атқаратын қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •4.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •5.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •6.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.
- •7.Ресурстардың сиректігі мәселесі.
- •8.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.
- •9.Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
- •10.Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
- •11.Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні өзіндік белгілері.
- •12.Тауар және оның қасиеттері.
- •13.Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.
- •14.Құн теориялары.
- •15.Рыноктың (нарықтың) мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктері
- •16.Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •17.Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдар
- •18.Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.
- •19.Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •20.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •21.Бәсеке рыноктық (нарықтық)механизмінің негізгі элементтері.
- •22.Бәсеке, оның типтері.
- •23.Баға, оның өндірістегі орны.
- •24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.
- •25.Жеке кәсіпкерлік, оның түрлері.
- •26.Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •27.Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •28.Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндірістік шығындар жіктемесі.
- •30.Табыс: мәні және оның түрлері
- •31.Фирма пайдасы.Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32.Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
- •33.Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы.
- •34.Капитал нарығы, пайыздық табыс.
- •35.Еңбек ақы формалары, мәні.
- •36.Ұдайы өндіріс, оның өсу факторлары.
- •37.Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері.
- •38.Ұлттық есеп жүйесі.Макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •39.Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер.
- •40.Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс.
- •41.Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсу типтері мен факторлары.
- •43.Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері.
- •44.Инфляция, оның түрлері.
- •45.Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат.
- •46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясат
- •47.Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.
- •48.Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері (үлгілері).
- •49.Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері
- •50.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •51.Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығыны.
- •52.Ақша жүйесі мен оның элементтері.
- •53.Несие жүйесі мен оның қызметтері.
- •54.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері.
- •55.Қр Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауы
- •56.Қр индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •57.Қр ауылшаруашылығын дамыту мәселелері
- •58.Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •60.Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру
51.Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығыны.
Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Оның көмегімен сала арасында ЖҰӨ бөлінеді және қайта бөлінеді. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы (тепе-теңдігі). Бюджеттің қорлары (ресурстары) шаруашылықтардың табысы негізінде құралады. Бюджет бір жылға есептелініп жасалады және оны Республика Парламенті бекітеді. Мемлекеттік бюджет республикалық бюджет және жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық, ауылды) бюджет болып бөлінеді.
Бюджет мынадай үш қызмет атқарады:
- Бөлу қызметі. Мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың 20-60 % қайта бөлінеді;
- Бақылау қызметі. Бюджет ресурстарының қозғалысы экономиканың
қаржылай жағдайын көрсетіп, оны бақылау мүмкіндігі туады;
- Реттеуші қызметі мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысының өзгеруі, жұмыссыздық деңгейінің азаюын, өндірістің құлдырауын жеңілдетіп отырады, былайша айтқанда, экономиканы тұрақтандыруына жағдай жасайды.
Мемлекеттік бюджет екі бөлімнен тұрады, олар бюджеттің түсімі (кірісі) және шығыны. Бюджеттің түсім жағы барлық түсімдерді қамтиды. Олар негізінен салықтардан құралады (барлық түсімнің 85-90 %) – ол салықтар кәсіпорын табысына салық, сатудан түскен табысқа салық, жергілікті салық, сонымен қатар әртүрлі төлемдерден, алымдардан, мемлекеттік займдардан және мемлекеттік меншіктерді сатудан түскен пайдадан тұрады.
мемлекеттік бюджеттің шығындары экономиканы қаржыландыруға, мәдени-әлеуметтік салалардың бағдарламаларына (зейнетақы, жәрдемақылар, жұмыссыздарға беретін көмек), басқару жүйесіне, қорғанысқа, мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға, несие беруге басқа мемлекеттерге көмеккежәне т.б. жұмсалады.
52.Ақша жүйесі мен оның элементтері.
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақшаайналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[1] Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.дд. V—III ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан — XIX ғ.), алтын (Англия — XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер — XIX ғасыр аяғынан). Алтын метализмі алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол доуірде алтын монетасы еркін соғылған, қүн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын, алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында, алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесігі құнының мөлшерімен шектелген. Алтын девиздер стандарты тұсында алтынмен байланыс бұдан да алшақ болған: алдымен құйма алтын стандартын тұтатын елдердің валютасын жинақтау қажет болады, осыдан кейін дүниежүзілік нарықта оны алтынға айырбастап алуға болатын. Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар алтын айналымына жол бермейтін жүйелер болып табылды. 1944 жылы құрылған Халықаралық валюта қоры Тройская унция қүнын белгілеген (35 американ доллары 31,1035г. алтынға тең). Ресми түрде жарияланған алтынның құнын ұстап тұратын резервтік валютаның қызметі американдық долларға және ағылшын фунт стерлингіне жүктелді. Егер алтын стандарты кезеңінде валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, ұлттық ақша бірлігінің алтынға айырбасталу мүмкіндігі түсінілсе, жаңа жағдайда, валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі түсінілген. Бүгінгі күнге дейін валютаның еркін ауыса-тындық қабілеті, оның АҚШ долларына айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-ың өзінде 1971 жылы Орталық банктер ушін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылған. Осы кунгі несие ақшасын борыш куәліктері құрайды. бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы, олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы. XX ғасырда олар бірте-бірте өздерінің ерекше тауар қасиетінен айрылып келеді: олар нақты тауардың тұтыну құнымен тұтасып кете алмай отыр және көбінесе бухгалтерлік тіркеп-жазу формасында (чек, депозиттері несие карточкалары, ақшаны электрондық құралдарды пайдаланып аудару, т.б.) орын алады. Ақшаның ерекше табиғаты мен және оның атқаратын қызметтерімен қатаң айқындалған, ақша айналым зандары әрекет етеді.