
- •1.Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орны, атқаратын қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •4.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •5.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •6.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.
- •7.Ресурстардың сиректігі мәселесі.
- •8.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.
- •9.Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
- •10.Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
- •11.Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні өзіндік белгілері.
- •12.Тауар және оның қасиеттері.
- •13.Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.
- •14.Құн теориялары.
- •15.Рыноктың (нарықтың) мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктері
- •16.Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •17.Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдар
- •18.Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.
- •19.Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •20.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •21.Бәсеке рыноктық (нарықтық)механизмінің негізгі элементтері.
- •22.Бәсеке, оның типтері.
- •23.Баға, оның өндірістегі орны.
- •24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.
- •25.Жеке кәсіпкерлік, оның түрлері.
- •26.Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •27.Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •28.Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндірістік шығындар жіктемесі.
- •30.Табыс: мәні және оның түрлері
- •31.Фирма пайдасы.Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32.Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
- •33.Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы.
- •34.Капитал нарығы, пайыздық табыс.
- •35.Еңбек ақы формалары, мәні.
- •36.Ұдайы өндіріс, оның өсу факторлары.
- •37.Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері.
- •38.Ұлттық есеп жүйесі.Макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •39.Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер.
- •40.Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс.
- •41.Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсу типтері мен факторлары.
- •43.Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері.
- •44.Инфляция, оның түрлері.
- •45.Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат.
- •46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясат
- •47.Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.
- •48.Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері (үлгілері).
- •49.Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері
- •50.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •51.Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығыны.
- •52.Ақша жүйесі мен оның элементтері.
- •53.Несие жүйесі мен оның қызметтері.
- •54.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері.
- •55.Қр Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауы
- •56.Қр индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •57.Қр ауылшаруашылығын дамыту мәселелері
- •58.Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •60.Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру
49.Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады
Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қаныстар жүйесіндегі ақша құрылысы қорының қалыптасуы, бөлінуі, қалыптасуы. Ақша құралдарын сәйкес мекемелер арқылы пайдалануға байланысты қатынастар жиынтығы иқаржылық жүйені құрайды.
Қаржы бірнеше қызмет атқарады:
5. топтастыру – құралдарды үйлестіру және атериалды негіз құру.
6. Реттеуші – шаруашылық субьектілерді ынталандыру.
7. Бөлу – ақша құрамының қалыптасуы және оларды бюджет, әлеуметтік сақтандыру арқылы пайдалану.
8. Бақылау – салық жинаудың дұрыстығын және оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету.
Қаржы қатынастарының тұлғалары: мемлекет, фирма, түліше бірлестіктер, ұйымдар және жеке азаматтар. Осылардың арасындағы байланыс ақша қорын пайдалануда келесі топтарға тіркеледі:
7. мемлекет пен кәсіпорын арасында: мемлекеттік бюджет төлемдер жүйесін және әр алуан мемлекетітк қор ұйымдарын қамтиды. Олардың негізінде мемлекеттің орталықтандырылған табысы қалыптасады.
8. Фирмалар арасында: келісімшарт негізінде құрылады, бұл міндетті төлемдерден тұрады.
9. Фирма мен банк арасында: несиені алу және пайдалану
10. Фирма және өндірістік құрылым арасында.
11. Мемлекет пен қоғамық ұйымдар арасында.
12. Мемлекет және халық арасында, халықтың әртүрлі трансферт алуы: зейнетақы, жәрдем ақы, стенпендия т.б. сонымен қатар бұған зәйім шығару, лоторея ұйымдастыру және т.с.с. жатады.
Қаржының 3 құрамдас бөліктері:
4. халық қаржысы
5. бірлестіктер, фирмалар, сала кешенінің қаржылары, яғни орталықтанбаған қаржы
6. мемлекетітк, яғни орталықтандырылған қаржы.
Халық қаржысы – табысты бөлімнене тұрады. Жанұялардың алғашқы табыстарынан, шығыс бөлімінен және халық қор жинауынан тұрады.
50.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Енді салықты енгізуден кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.
Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.