Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясат

. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтерді. Сондықтан инфлянцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігінен де асып кетті. Инфляция салдары бір мағыналы емес. Кейнс біркелкі инфляция экономика үшін пайдалы екенін, ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті ынталандыратынын, экономикалық өсуге мүмкіндік беретінін, инвестиция процесін тездететінін дәлелдеген және ол тәжірибе де растаған. Экономикалық дамудың жалпы заңдылығы – ақшаны шектен тыс шығару теріс салдарды туғызады:

-халықтың жағдайы қатып қалған жалақымен нашарлайды, олардың тұтынуы шектеліп, қор жинаулары қысқарады.

-ақша эмиссиясы бүркемелі жолмен мемлекеттік орындар көптеп шығарады.

-кәсіпкерлік қызмет деңгейі түседі және капитал өндіріс ауқымынан шығады, шет елге және айналым ауқымына ұмтылады.

47.Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.

Меншік– жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.

Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар – мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу құқығы.

Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі.

Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі.

Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі.

Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жеке болып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды.

Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсат¬тар¬да өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:

- өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;

- өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;

- қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.

Мемлекеттік меншік – өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына мемлекеттің меншігі. Бұл термин командалық экономикада мемлекеттік меншікке қатысты қолданса да, оның басты қолданылуы-мемлекеттік меншіктегі аралас экономика секторы.[1]

Мемлекеттік меншік — мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары, кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түріндегі меншігі, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай мүлік

Жеке меншік - жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы. Мұнда меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады. Корпоративтік, акционерлік, беймемлекеттік меншіктерді де жеке меншікке жатқызу дәстүрге айналған.