
- •1.Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орны, атқаратын қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •4.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •5.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •6.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.
- •7.Ресурстардың сиректігі мәселесі.
- •8.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.
- •9.Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
- •10.Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
- •11.Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні өзіндік белгілері.
- •12.Тауар және оның қасиеттері.
- •13.Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.
- •14.Құн теориялары.
- •15.Рыноктың (нарықтың) мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктері
- •16.Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •17.Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдар
- •18.Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.
- •19.Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •20.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •21.Бәсеке рыноктық (нарықтық)механизмінің негізгі элементтері.
- •22.Бәсеке, оның типтері.
- •23.Баға, оның өндірістегі орны.
- •24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.
- •25.Жеке кәсіпкерлік, оның түрлері.
- •26.Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •27.Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •28.Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндірістік шығындар жіктемесі.
- •30.Табыс: мәні және оның түрлері
- •31.Фирма пайдасы.Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32.Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
- •33.Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы.
- •34.Капитал нарығы, пайыздық табыс.
- •35.Еңбек ақы формалары, мәні.
- •36.Ұдайы өндіріс, оның өсу факторлары.
- •37.Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері.
- •38.Ұлттық есеп жүйесі.Макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •39.Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер.
- •40.Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс.
- •41.Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсу типтері мен факторлары.
- •43.Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері.
- •44.Инфляция, оның түрлері.
- •45.Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат.
- •46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясат
- •47.Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.
- •48.Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері (үлгілері).
- •49.Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері
- •50.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •51.Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығыны.
- •52.Ақша жүйесі мен оның элементтері.
- •53.Несие жүйесі мен оның қызметтері.
- •54.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері.
- •55.Қр Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауы
- •56.Қр индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •57.Қр ауылшаруашылығын дамыту мәселелері
- •58.Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •60.Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру
29.Өндірістік шығындар жіктемесі.
Өндірістік есеп - бухгалтерлік есептің басқаруға арналған бөлігі. Өндірістік есеп жуйесінде өнімнің босалқы қорларының құнын бағалау үшін өндірістік шығын анықталады. Өндірістік есептің басты мақсаты — өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын калькуляциялау. Менеджерлер сату бағасын, табысты есептеу, босалқы қорларды бағалау кезінде, т. б. оның ақпаратын пайдаланады Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін. Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі. Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі. Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.
Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, ғыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.
Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.);
ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;
2. өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.