Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

26.Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары ҚРң Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны-кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар ж/е басқа да кәсіпорындармен қатынастарда болады. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады, оның ішінде: жеке капитал мен оны тұтыну мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы ж/е т.б.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқық нысандары: 1. серіктестік: толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер. 2. акционерлік қоғам. 3. м емлекеттік кәсіпорын.

Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:

-мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;

-шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;

-Келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату;

-еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;

-шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;

-жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;

-бағалар мен тарифтерді белгілеу;

-таза пайданы пайдалану;

-сыртқы экономикалық қатынастарда болу, т.б

27.Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.

Осы заманда батыс эк/да кіші бизнес шаруаш/ң ең ірі секторын құрайды.Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік нормасына франчайзинг мен венчурлік кәсіпкерлігі жатады. Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтердінде ірі фирмалардың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контранкт жасайды. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылу жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардын сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді ж/е қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып отырады. Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен ж/е оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады ж/е консультация жүргізеді. Олар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Венчурлік кәсіпкерлік 2-ші дүнжүз. Соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-да п.б. Венчурлік фирма Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселені шешеші:1.Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;2.халықтың материалдық ж/е қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;т.б.Орташа бизнестің рөлі аз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, н/е мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін. Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан ж/е мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.