Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.

Фирма (итал.firma — қойылған қол) — пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" терминікөбінесекезкелгенкомпанияныатауүшінпайдаланылады. Термин қызметтүрлерінайқындайтынтерминдерментіркестеқолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. б.[1][2][3]

Фирманарықтықэкономиканыңнегізгіэкономикалықагенті. Бірнемесебірнешекәсіпорыннантұратын, пайда табу үшінтауар мен қызметтержасапшығаруғаресурстардыпайдаланатынұйымды фирма депатайды. Фирмалардыжіктеуүшінәртүрлікөрсеткіштерқолданылады, олардыңмаңыздысынаменшіктіңформаларыжәнефирманыңкөлеміжатады. Меншіктіңформасынасәйкесфирмалардыңнемесекәсіпкерліктіңүштүрінатапкетугеболады:

• индивидуалдықнемесежекекәсіпкерлік;

• серіктестікнемесепартнерлік;

• корпорация (акционерлікқоғам).

25.Жеке кәсіпкерлік, оның түрлері.

Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.

Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.

Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа хұқықтары бар.

Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік хұқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу хұқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады. Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс. Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белші жатыр: меншің формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезітде мемдекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады. Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие: - түсімділігі жоғары қызмет жоғары сферасын таңдауға еркін; - бизнес көлемі шектелмеген; - қатаң бағамен шектелмейді. Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады: - жеке тұлғалар; - серіктестік; - корпарация. Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында. Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпарация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. Кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.