
- •1.Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орны, атқаратын қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •4.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •5.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •6.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.
- •7.Ресурстардың сиректігі мәселесі.
- •8.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.
- •9.Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
- •10.Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
- •11.Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні өзіндік белгілері.
- •12.Тауар және оның қасиеттері.
- •13.Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.
- •14.Құн теориялары.
- •15.Рыноктың (нарықтың) мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктері
- •16.Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •17.Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдар
- •18.Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.
- •19.Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •20.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •21.Бәсеке рыноктық (нарықтық)механизмінің негізгі элементтері.
- •22.Бәсеке, оның типтері.
- •23.Баға, оның өндірістегі орны.
- •24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.
- •25.Жеке кәсіпкерлік, оның түрлері.
- •26.Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •27.Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •28.Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндірістік шығындар жіктемесі.
- •30.Табыс: мәні және оның түрлері
- •31.Фирма пайдасы.Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32.Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
- •33.Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы.
- •34.Капитал нарығы, пайыздық табыс.
- •35.Еңбек ақы формалары, мәні.
- •36.Ұдайы өндіріс, оның өсу факторлары.
- •37.Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері.
- •38.Ұлттық есеп жүйесі.Макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •39.Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер.
- •40.Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс.
- •41.Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсу типтері мен факторлары.
- •43.Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері.
- •44.Инфляция, оның түрлері.
- •45.Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат.
- •46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясат
- •47.Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.
- •48.Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері (үлгілері).
- •49.Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері
- •50.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •51.Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығыны.
- •52.Ақша жүйесі мен оның элементтері.
- •53.Несие жүйесі мен оның қызметтері.
- •54.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері.
- •55.Қр Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауы
- •56.Қр индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •57.Қр ауылшаруашылығын дамыту мәселелері
- •58.Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •60.Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру
23.Баға, оның өндірістегі орны.
БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.
Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан Баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Алайда Баға туралы экономика ғылымында әлі күнге дейін ортақ тұжырым жасалмаған. Еңбек құны теориясын жасаушылар (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) пікірі бойынша, “баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі”. Барынша пайдалылық теориясын (австриялық мектеп) жақаушылар Маркстің бұл пікірін біржақты, тек тауар құнын (еңбек шығынын) ғана есепке алған деп сынай отырып, Баға үшін тұтыну құнының да ерекше маңызды екендігін дәлелдеп берді, яғни оның екі түрлі сипатын, еңбек құны мен тұтыну құнына байланыстылығын анықтады. Бұдан Бағаға “тауар құндылығының ақшалай өлшемі” деп анықтама беруге болады. Мұнда Бағаның екі сипаты да толық қамтылады. Бірақ, бұл да Баға табиғатын толық аша алмайды. Себебі, Бағаға еңбек құны мен тұтыну құнынан басқа да факторлар (ұсыныс пен сұраныс, ақша айналымы, рынок пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы және т.б.) әсер етеді. Баға проблемасымен қоғамның экономикалық, әлеумемтік және саяси мәселелері тығыз байланысып жатыр. Мұны кезінде К. Маркс былай деп атап көрсеткен еді: “бүкіл капиталистік өндірістік процесс бағаның өніммен ара қатынасы арқылы реттеліп отырады” (Маркс К., Капитал, 3-т., М., 1982, 445-б.). Нарықтық экономика дамыған қоғамдағы экономикалық процестерді реттеуде Бағаның рөлі артады.
Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес Бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік (кесімді және реттелген) Баға және еркін (нарықтық) Баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры Бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы); қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы Баға болып бөлінеді. *мемлекеттік баға — мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.
Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Сатушының белгілеген бағасының ішіне тауарды жеткізіп беру мен жөнелтілім стансасындағы тиеу — түсіру шығындары, т.б. кіреді. Тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталған баға. Келісім шарт бойынша сатушының міндетіне тауарды өз күшімен тиеп, белгіленген стансаға жеткізу және сондағы станса қоймасына түсіріп, жинап беру кіреді. Әлемдік баға — тауарлардың әлемдік рынокта қалыптасқан бағасы.
Аймақтық баға — реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. Базистік баға — тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға — белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда Бағасы, сатып алу Бағасы, құрылыс Бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін Баға, т.б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға — сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға — жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.