
- •1.Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орны, атқаратын қызметтері.
- •3.Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •4.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- •5.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •6.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.
- •7.Ресурстардың сиректігі мәселесі.
- •8.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.
- •9.Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
- •10.Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
- •11.Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні өзіндік белгілері.
- •12.Тауар және оның қасиеттері.
- •13.Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.
- •14.Құн теориялары.
- •15.Рыноктың (нарықтың) мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктері
- •16.Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •17.Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдар
- •18.Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.
- •19.Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •20.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторлар.
- •21.Бәсеке рыноктық (нарықтық)механизмінің негізгі элементтері.
- •22.Бәсеке, оның типтері.
- •23.Баға, оның өндірістегі орны.
- •24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде.
- •25.Жеке кәсіпкерлік, оның түрлері.
- •26.Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары.
- •27.Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі.
- •28.Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндірістік шығындар жіктемесі.
- •30.Табыс: мәні және оның түрлері
- •31.Фирма пайдасы.Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32.Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
- •33.Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы.
- •34.Капитал нарығы, пайыздық табыс.
- •35.Еңбек ақы формалары, мәні.
- •36.Ұдайы өндіріс, оның өсу факторлары.
- •37.Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері.
- •38.Ұлттық есеп жүйесі.Макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •39.Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер.
- •40.Экономикалық цикл, оның фазалары және экономикалық дағдарыс.
- •41.Экономиканы мемлекттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсу типтері мен факторлары.
- •43.Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері.
- •44.Инфляция, оның түрлері.
- •45.Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат.
- •46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және оған қарсы саясат
- •47.Меншіктің экономикалық мазмұны, түрлері, объектілері мен субъектілері.
- •48.Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері (үлгілері).
- •49.Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері
- •50.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •51.Мемлекеттік бюджет, бюджеттің пайдасы мен шығыны.
- •52.Ақша жүйесі мен оның элементтері.
- •53.Несие жүйесі мен оның қызметтері.
- •54.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері.
- •55.Қр Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауы
- •56.Қр индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •57.Қр ауылшаруашылығын дамыту мәселелері
- •58.Қр шағын және орта бизнесті қолдау шаралары
- •60.Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру
18.Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементі Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші элементі Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Нарық экономикасының төртінші элементі Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
маржиналдық (шекті) талдауға;
балама тандау шығындарына;
экономикалық рационалдыққа.
19.Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруне әсер ететін факторлар.
Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыным капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты.
Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған. Бұл тәуелділікті график арқылы көрсетеміз:
D қисығы сұраныс қисығы деп аталады. P1 бағада сұраныс көлемі Q1-ге тең. Бағаның Р2-ге дейін төмендеуі сұраныс көлемін Q2-ге дейін арттырады.
Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі:
Qd=a-b*Р
Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.
а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.
Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.
Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.