Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом жауаптары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

16.Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметі француздың ұлы ғалымы Ж.Б.Сәйдің еңбегінде сипатталған, ол адам өзінің шоты үшін күреседі және белгілі бір өнімді өндіру оның айтуынша, кәсіпкерліктің белсенділік ролін арттырады, ол үшін өндіріс факторларын қиыстыру арқылы білімі мен тәжірибелік қабілетін көрсетеді. Ж.Б.Сәй кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты бейнеледі, оның табысының бір бөлігі ерекше дарыны үшін беріледі. Кәсіпкерлік теорияны дамытуға неміс экономисі В.Зомбарт, кәсіпкер және австриялық экономист И.Шумпетер үлкен үлес қосты (В.Зомбарттың айтуы бойынша ол «жаулап алушы» (тәуекелге дайын, рухани ойы бай, жігерлі және табанды) «ұйымдастырушы» (көп адамдар біріктіріп жұмысқа жұмылдыру) және «сатушы» (шеберлік тек өз тауарын өткізу емес, тұтынушыларды қызықтыру негізгі мақсаттары). Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - істің өркендеуіне жағдай жасау деп анықтама берді Зомберт. Зерттеуші И.Шумпетер кәсіпкердің өндірістік меншігі болуы міндетті емес, жеке адам капиталист – болуы мүмкін, банк басқарушы не акционерлік қоғамның мүшесі және т.б. Құралдар түрлерінің пайдалы қызмет ету уақыты көп жағдайда пайдаланған мезгілінен артық болуы мүмкін. Ұсыныс пен сұраныстың жоғары болуына байланысты, кейбір құрал-жабдықтарға, үкіметтің рұқсаты арқылы амортизациялық пайызды өсіруге болады. Өз құнын жаңадан өндірген тауарларға толық аударлған құрал-жабдықтар табиғат байлығы ретінде қызмет етеді. Фирмаға, қоғам үшін де пайдалы. Қазақстан заңында кәсіпкер азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі. Барлық шаруашылық қызметі емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпкерлік белгілері болып саналады. Кәсіпкерлікте тұлға және оның нысаны бөліп қаралады. Жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, жалгерлік ұжым кооперативтері және мемлекет кәсіпкер тұлғалар бола алады.

17.Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдар

Нарықтық инфрақұрылым (орыс. Рыночная инфраструктура) – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі.

Оның құрамы:

ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;

материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;

несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.

Нарықтық Экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.