
- •Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы. Экономикалық модельдерді пайдалану (айналым үлгісі).
- •2.Макроэкономиканың мақсаттары мен әдістері.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері.
- •3.Тұтыну функциясы. Тұтынуға шектік және орташа бейімділік. Жинақтау функциясы. Жинақтауға шектік және орташа бейімділік.
- •4.Негізгі өндіріс факторлары. Өндіріс факторларына фирманың сұранысы
- •5.Кейнс кресті: бюджеттік салық саясаты (графикалық түрде ашып көрсету).
- •6.Жиынтық сұраныстың құрылымы (ашып көрсету).
- •7.Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар, оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •8.Жиынтық ұсыныс. Жиынтық ұсыныс түрлері (графикалық түрде ашып көрсету).
- •9.Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •10.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі (ad-as үлгісі). Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері (графикалық түрде ашып көрсету).
- •11.Is қисығы; is қисығының графигін шығару.Is қисығындағы бюджеттік салық саясаты. Is қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •12.Lm қисығы; lm қисығының графигін шығару.Lm қисығындағы ақша-несие саясаты. Lm қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету)
- •29.Нақты айырбас бағамды анықтайтын факторлар. Нақты айырбас бағамға әсер етуші саясаттар (графикалық түрде ашып көрсету).
- •30.Номиналды айырбас бағамды анықтайтын факторлар. Сатып алу қабілетінің паритеті.
6.Жиынтық сұраныстың құрылымы (ашып көрсету).
Жиынтық сұраныс-бұл тауарлар мен қызметтер көлемі,яғни үй шаруашылықтарының,фирманың,үкіметтің кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын нақты ұлттық өнім көлемі .Демек,сатып алушының сұранысы –өндірілген өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
AD жиынтық сұранысының элементтері:
1)тұтыну(C);
2)инвестиция(I);
3)мемлекеттік шығындар(G);
4)таза экспорт (Nx).
Тұтыну-экономикада өндірілген өнімнің көп бөлігі тұтынуға кетеді.Тұтынудың барлық формалары ЖҰӨ-нің 2/3 бөлігін құрайды,мұның өзі тұтыну жайлы шешім қабылдауды экономикадағы біршама маңызды сұрақтардың бірі етеді.C=C(Y-T)
Инвестиция-фирмалар да,үй шаруашылықтары да инвестициялық тауарларды қолданады.Фирмалар инвестициялық тауарларды капитал қорын көбейту үшін және капитал шығарылымының шамасы бойынша бас капиталдың орнын басу үшін сатып алады.I=e-dr
Мемлекеттік шығындар-қызмет көрсетулер мен тауарларға,яғни жиынтық сұраныстың үшінші компоненті болып табылады.
P
AD
Y
7.Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар, оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).
Жиынтық сұраныс қисығы төмен оңға қарай бағытталған.Әрбір берілген ақша ұсынысың деңгейіне өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді.Жиынтық сұранысқа бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді.Бағалық фактордың әсерінен P баға деңгейі көтерілсе,Y өнім шығару көлемі қысқарады,яғни P және Y арасындағы кері тәуелділік механизмін көрсетеді.Мұнда өзгеріс тек AD қисығының бойымен ғана өзгереді.Яғни,AD-ға әсер ететін баға факторының нәтижелері келесі:
1)Пайыздық мөлшерлеменің нәтижесі:P↑→r↑→AD↓;
2)Байлықтың нәтижесі:P↓→байлық↓→C↓→AD↓;
3)Импорттың нәтижесі:P↑→Xn↓→AD↓;
Жиынтық сұранысқа бағалық емес факторлар әсер еткенде AD қисығы оңға жоғары немесе солға төмен жылжиды.Бағалық емес факторларға келесілер жатады:
1)Тұтынушылардың шығындарының өзгеруі:
2)Инвестициялық шығындрдың өзгеруі;
3)Мемлкеттік шығындардың өзгеруі;
4)Нақты экспорт көлем шығындарының өзгеруінің нәтижесінде;
5)Ақша массасы және ақша айналымының жылдамдығы.
P
AD2
AD1
AD
Y
8.Жиынтық ұсыныс. Жиынтық ұсыныс түрлері (графикалық түрде ашып көрсету).
Жиынтық ұсыныс деп бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын,тауарлар санымен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетілуін айтамыз.
Жиынтық ұсыныстың түрлері:
1)классикалық модель;
2)кейнстік модель.
Классикалық модель-бұл экономиканың ұзақ мерзімдегі кезеңін зерттеуін айтамыз:LRAS-белгіленуі.
P
LRAS
P
Клас.
аралас
кейнс.
Y Y
Әсер ететін факторлар:
а)бағалық фактор:орта бағаидеңгейі жатады,өнім көлемі потенциалды.
ә)бағалық емес факторлар:капитал,еңбек,адам капиталы,табиғи ресурстар,технологиялық білім.
Y =f(K,L)=y
AS=AS(K,L,H,N,r)
Кейнсиандық модель-бұл экономикадағы іс-әрекеттерінің қысқа мерзімді өзгерістерін зерттеуін айтамыз.(SRAS)
P
SRAS
Y
Әсер ететін факторлар:
Бағалық факторлар:орташа баға деңгейі,жиынтық ұсыныс талдауында,баға өзгермейді,ал өнім көлемі деңгейі өзгеріп отырады.
Бағалық емес факторларға:ресурстардың бағасы,ресурс көлемі.ресурс өнімділігі,технологиялық процесс,бизнеске салынатын салық,трансферттер,экономиканы мемлекет тарапынан реттеу.
AS=AS(Pтауар,Pресурс,Q,n,r,Ix,Ir,G)