Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мадина шпор макро.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
455.79 Кб
Скачать

12.Lm қисығы; lm қисығының графигін шығару.Lm қисығындағы ақша-несие саясаты. Lm қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).

LM қисығы: алгебралық шығарылым. LM қисығы деген ақша нарығындағы тепе-теңдік болып табылады,яғни Орталық банктің ұсынған ақша жиын көлеміндегі ақшаға сұраныс функциясын қанағаттандыратын Y пен r барлық үлестірілімдерін тіркейді. LM қисығының барлық нүктелерінде ақшаға деген сұранысы олардың ұсынысына тең болады.

LM қисығының алгебралық шығарылымы:

r= Y- * Y= * + r

k\h коэффиецитенті LM қисығының Y осіне қатысты көлбеуін сипаттайды,ол фискалды және монетарлы саясаттарының салыстырмалы тиімділігін анықтайды. ЛМ қисығы жатықтау болады, егер: 1) ақшаға сұраныстың нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына сезімталдығы жоғары болса; 2) ақшаға сұраныстың ЖІӨ динамикасына сезімталдығы төмен болса.

LM қисығының графигін шығару. LM қисығы деген ақша нарығындағы тепе-теңдік болып табылады,яғни Орталық банктің ұсынған ақша жиын көлеміндегі ақшаға сұраныс функциясын қанағаттандыратын Y пен r барлық үлестірілімдерін тіркейді. LM қисығының барлық нүктелерінде ақшаға деген сұранысы олардың ұсынысына тең болады.

LM қисығындағы ақша-несие саясаты. Ақша ұсынысының артуы н\е бағалар деңгейінің төмендеуі . LM қисығын оңға жылжытады немесе керісінше, мысалы, Орталық банк халыққа құнды қағаз сатты,бұндайда ақша массасы азаяды да . LM қисығы солға жоғары жылжиды. Ал егер Орталық банк құнды қағаздарды сатып алса онда керісінше болады.

LM қисығының теңдеуі мен айнымалылары. LM қисығын шығару үлгісі. LM қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар.

L M қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LM қисығының графигі-ақша ұсынысының (MS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.

LM қисығының теңдеуі:

LM=M/P=L(r,y) LM қисығының жылжуы және ақша мөлшерінің өзгеруі

Ақша ұсынысының М ұлғаюы LM қисығын оңға жылжытады. Табыс Y өседі, ал пайыз мөлшерлемесі r төмендейді. Баға деңгейінің Р1-ден Р2-ге төмендеуі ақша ұсынысының нақты мәнін төмендетеді, ал графикте LM қисығының солға жылжытуымен бейнеленген.

MS↑→R↓→I↑→Y↑→YD↑→C↑.

13.IS- LM үлгісі (графикалық түрде). IS- LM моделі және жиынтық сұранысты шығару, АD өзгерісі.

. IS–LM үлгісі (графикалық түрде)

IS-LM моделінде экономикалық тепе-теңдік – ол IS және LM қисықтарының қиылысатын нүктесінде орын алады. Сол нүктеде екі қисықтың қиылысу нүктесінде нақты шығындар жоспарланған шығындарға тең және ол нақты ақша сұранысының қаражаттары ұсынысқа тең екендігін көрсетеді.

IS–LM үлгісі – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, қысқа мерзімдегі экономикалық өзгерістерді айқындайтын, экономикалық саясаттың салдарын талдайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі болып табылады. Оның теңдеулері келесідей:

  1. Y = C + I + G + Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.

  2. C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;

  3. I = ed×i – инвестиция функциясы;

  4. Xn = gm×Yn×i – таза экспорт функциясы.

  5. – ақшаға сұраныс функциясы

  • Үлгінің ішкі айнымалылары: Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.

  • Үлгінің сыртқы айнымалылары: G – мемлекеттік шығындар, MS – ақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.

  • Эмпирикалық коэффициенттер: (a, b, e, d, g m, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.

IS және LM қисықтарының қиылысуы А нүктесін белгілейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.

(Үe,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T салықтар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде

екі теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге болады.

Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS–LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS–LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айнымалылардың әсерін көрсетеді.

IS-LM моделі және жиынтық сұранысты шығару, AD өзгерісі.

IS-LM моделі AD қисығының теориялық негіздемесі болып табылады. Ал ақша теориясы – AD қисығын жылжытады. IS-LM моделі ұлттық табыс бағаның өсуімен кемитінін түсіндіріп ғана қоймай, ол тағы теріс көлбеуі бар AD қисығын шығарады. Ол бағалар деңгейі Р және тұтынушылар, фирмалар және мемлекет сатып алуға дайын өндіріс көлемі Y арасындағы ара қатынастар шкаласын көрсетеді. Бұл тәуелділіктің графигі AD жиынтық сұраныс қисығы деп аталады және ол теріс көлбеулі. М ақша ұсынысы тіркелген болсын, ал бағалар деңгейі Р1–ден Р2–ге дейін өссін. Онда ақшаның нақты қалдықтары М/Р1–ден М/Р2–ге дейін азаяды да LM қисығы солға-жоғары жылжиды. Және екі тепе-теңдік нүкте (Y1,P1) немесе (Y2,P2) п. б/ды. Оларды қалыпты сызықпен біріктіріп, AD қисығын аламыз.

Баға деңгейінің Р әсері қарастырылғанда AD жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжу байқалады, ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде, AD қисығының өзі жылжиды. Макроэкономикалық саясаттың жиынтық сұранысқа қалайша әсер ететіндігін анықтауға болады. AD қисығының жылжу бағытын анықтауға болады, егер AD жиынтық сұраныс қисығын құру тәсілін талдасақ.

Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы

G мемлекеттік шығыстардың өсуі, Т салықтардың азаюы, С тұтынушылық шығыстардың өсуі, М ақша ұсынысының артуы, болашаққа жағымды болжау AD жиынтық сұраныс қисығын оңға қарай жылжытады Ондай болмаған жағдайда AD қисығының жылжуы солға бағытталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]