
- •Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы. Экономикалық модельдерді пайдалану (айналым үлгісі).
- •3.Тұтыну функциясы. Тұтынуға шектік және орташа бейімділік. Жинақтау функциясы. Жинақтауға шектік және орташа бейімділік.
- •4.Негізгі өндіріс факторлары. Өндіріс факторларына фирманың сұранысы
- •5.Кейнс кресті: бюджеттік салық саясаты (графикалық түрде ашып көрсету).
- •6.Жиынтық сұраныстың құрылымы (ашып көрсету).
- •7.Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар, оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •8.Жиынтық ұсыныс. Жиынтық ұсыныс түрлері (графикалық түрде ашып көрсету).
- •9.Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •10.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі (ad-as үлгісі). Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері (графикалық түрде ашып көрсету).
- •11.Is қисығы; is қисығының графигін шығару.Is қисығындағы бюджеттік салық саясаты. Is қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •Is қисығындығы бюджеттік салық саясаты
- •12.Lm қисығы; lm қисығының графигін шығару.Lm қисығындағы ақша-несие саясаты. Lm қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •14.Ақша функциялары. Ақша агрегаттары. Сандық ақша теориясының теңдеуі. Ақша айналым жылдамдығы.
- •15.Ақша нарығындағы тепе-теңдік. Ақша мультипликаторы және ақша ұсынысы. Артық резервтер нормасы.
- •16.Ақша сұранысы және әсер етуші факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету). Фишер теңдеуі.Ақша сұраныс және мотивтері.
- •Табыс деңгейі
- •Ақша айналым деңгейі
- •Пайыз қойылым
- •17.Жұмыссыздық, оның түрлері әсер ететін факторлар. Оукен заңы, оның
- •18.Филипс қисығы, оның теңдеуі мен графигі. Инфляция, оның теңдеуі мен түрлері.
- •19.Экономикалық өсудің сипаты мен көздері. Р.Солоудың экономикалық өсу моделі.
- •8.2 Сурет. Өпдірістік функция графигі
- •20.Экономикалық өсудің тобтық факторлары. Экономикалық өсудің тұрпаттары және өлшенудің әдістері.
- •21.Өсудің стационарлық тәртібі мен қорланудың «алтын ережесі» (графикалық түрде ашып көрсету).
- •8.4 Сурет.Экономыкалық өсудің стспшоиарлық тәртібі
- •8.5 Сурет. Қорланудың «алты ережесі»
- •22.Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар: жинақ нормасы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •23.Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар: технология нормасы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •24.Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар: халықтың өсу нормасы (графикалық түрде ашып көрсету).
- •25.Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеуі.
- •26.Капитал қозғалыс шот және ағымдағы операциялар шоты. Капитал мен тауарлардың халықаралық ағымдары
- •27.Капитал қозғалыс шотына және ағымдағы операциялар шотына әсер етуші саясаттар
- •28Номиналды және нақты валюта айырбас бағамы. Таза экспорт және нақты айырбас бағам.
- •29,Нақты айырбас бағамды анықтайтын факторлар. Нақты айырбас бағамға әсер етуші саясаттар (графикалық түрде ашып көрсету).
- •30. Номиналды айырбас бағамды анықтайтын факторлар. Сатып алу қабілетінің паритеті.
10.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі (ad-as үлгісі). Экономикалық сілкіністердің көздері және тигізетін әсері (графикалық түрде ашып көрсету).
Үш жағдай жиынтық ұсыныстың классикалық, кейнстің қалыпты және кейнстің шектік тәсілдемелеріне сәйкес келеді.Әрбір жағдайда макро-қ тепе-теңдік AD ж/е AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады,бұл нүкте нарықтағы тепе-теңдік бағаны көр-ді.
Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижесінде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек, жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анық-ы.Графигі:
Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижесінде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді.Графигі:
Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейн өзгертпейді, ал шығарылым деңгейн арттырады нәтижесінде қысқа мерзімде экономикада өндірістің өсуі бай-ы.Графигі:
11.Is қисығы; is қисығының графигін шығару.Is қисығындағы бюджеттік салық саясаты. Is қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар оның жылжуы (графикалық түрде ашып көрсету).
IS қисығы: алгебралық шығарылым. IS қисығын тұтыну функциясы C=a+b(Y-T), инвестиция функциясы I=e-d*R, таза экспорт функциясы Xn=g-m’*Y-n*R теңдеулерді негізгі макроэкономикалық теңдікке кою арқылы алуға болады. IS қисығының теңдеуін R және У арқылы өрнектеуге болады. IS қисығын R арқылы өрнектесек:
R=
мұндағы
T=Ta+t*Y. Y арқылы өрнектелген IS қисығының
теңдеуі төмендегідей: Y=
коэффициенті
Н осімен қатысты IS қисығының бұрыштық
көлбеуін бейнелейди. Бұл коэффициент
монетерлық және қазыналық саясаттардың
салыстырмалы тиімділігін көрсететін
параметр.
. IS қисығының графигін шығару
Пайыз мөлшерлемесі өскенде табыстың қалай өзгеретінін анықтау үшін біз инвестиция функциясы мен «Кейнс кресі» графигін қолдана аламыз. Пайыз мөлшерлемесі өзгермелі деп алайық.
Сурет.А.r1 → r2 дейін пайыз мөлшерлемесінің өсуі жоспарланған инвестицияларды I(r1) → I(r2) дейін азайтады.
Сурет.В.Кейнс кресі бейнеленген. I(r1) → I(r2) дейін жоспарланған инвестицияның азаюы табысты Y1 → Y2 дейін қысқартады.
Сурет.С.IS қисығы бейнеленген. Ол пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы қарым-қатынасты анықтайды: пайыз мөлшерлемесі өскен сайын табыс деңгейі төмендей береді.
Is қисығындығы бюджеттік салық саясаты
IS қисығының әрбір нүктесі берілген пайыздық мөлшерлеме кезінде табыстың деңгейін көрсетеді.Кейнс кресі моделінен байқағанымыздай табыс деңгейі бюджет-салық саясатымен де тығыз байланысты G мен T тұрақты деп алсақ, бюджет-салық саясатының өзгеруі IS қисығын жылжытады.
Мемлекеттік шығындардың өсуінің IS қисығын оңға жылжытуы
Суретте мемлекеттік шығындардың G1 →G2 дейін өсуі IS қисығын қалай өзгертетінін көру үшін кейнс кресі бейнеленген. Кейнс кресі бюджет саясатының өзгеруі жоспарланған шығындарды өзгертетінін көрсетеді. Ол табыс деңгейін Y1 → Y2 дейін өсіреді. Сол себептен мемлекеттік шығындардың өсуі IS қисығын оңға жылжытады. Бұл суретте бейнеленген.
Салықтардың азаюы, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді, ол IS қисығын оңға жылжытады. Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы табысты азайтып, IS қисығын солға қарай жылжытады.
1. T↓ немесе G↑ → E↑ → Y↑ → IS↑
2. T↑ немесе G↓ → E↓ → Y↓ → IS↓
Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын оңға жылжытады. Ал сұранысты кемітетін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын солға жылжытады.