Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мадина шпор макро.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
455.79 Кб
Скачать

  1. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы. Экономикалық модельдерді пайдалану (айналым үлгісі).

Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні – үй шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол «берілген» шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру б.т. Микро талдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өдшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макро талдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын,қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с.,ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады.Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады.

Үй шаруашылықтары, жұмыс күшін ұсынады, игіліктерге сұранысты білдіреді, алатын табысын тұтыну мен жинақтар арасында бөледі. Өз әрекеттері мен үй шаруашылықтары әл ауқатын жақсарта алады.

Кәсіпкерлік секторды ел ішіндегі барлық фирмалар құрайды. Фирмалар өндіріс процесінде қолданылатын ресурстарға сұраныс тудырады, тауарлар мен қызметтерді ұсынады. Инвистициялар жасайды. Фирмалардың мақсаты пайданы арттыру. Мемлекеттік секторға, қоғамдық игіліктерді өндіріп шығаратын барлық мемлекеттік ұжымдар кіреді. Мысалы қоғамдық тәртіп , қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және білім аясындағы жетістіктер.

Сыртқы сектор дегеніміз шетелдегі экономикалық субъектілердің жиынтығы, мемлекеттік институттар.

Макроэкономикалық модел дегеніміз экономикалық құбылыстар мен процестердің оңайлатылған абстрактілі көрінісі, экономикалық

Айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды. Макроэкономикалық модельде экзогенді және эндогенді айнымалылар ажыратылады. Экзогенді айнымалылар модельден тыс анықталады. Олар алдын ала берілген статистикалық деректер, мысалы ЖҰӨ, мемлекеттік шығындар, салық мөлшері т.б. Эндогенді айнымалылар- модель ішінде құрылатын, яғни модель нәтижесі болатын айнымалылар. Мысалы тұтыну көлемі, инвестициялар, нақты пайыз мөлшерлемесі және т.б.

2.Макроэкономиканың  мақсаттары мен әдістері.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері.

Макроэкономикалық деңгейде әрбір еддің қызмет етуінің негізгі экономикалық мақсаттары анықталады.

  • Тұрақты экономикалық өсу

  • Ресурстардың толық жұмыстылығы

  • Инфляция деңгейін барынша төмендету

  • Төлем балансының тепе – теңдігіне жету

Экономикалық өсу нақты ЖІӨ көлемі ұлғайған кездегі ұлттық экономиканың дамуы болып есептеледі.Экономикалық өсу мақсатына жету үшін макроэкономикалық саясаттың негізгі 2 құралы:

  • Бюджет салық саясаты, ол мемлекет тарапы тарапынан жүзеге асырылады

  • Ақша несие саясат, оны орталық банк жүзеге асырады

Ресурстардың толық жұмыстылығы. Ресурстардың түрлері: материалдық, табиғи, адами т.б. Ресурстар толығымен қолданылмауы мүмкін. Барлық табиғи ресурстардың тиімді қолданылуы әлуетті деп аталады.

Инфляция – ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуі.

Төлем балансының негізгі 2 шоты бар.

  1. Капитал қозғалысының шоты-ел ішіндегі инвистициялар мен жинақтардың ағындары.

  2. Ағымдағы операциялар шоты арқылы елдегі экспорт пен импортты қадағалайды.

Экономикалық процестерді танып білудің бірнеше зерттеу әдістері бар, олар:

Макроэкономикалық модел - экономикалық құбылыстар мен процестердің оңайлатылған абстрактілі көрінісі, экономикалық

Айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды. Макроэкономикалық модельде экзогенді және эндогенді айнымалылар ажыратылады. Экзогенді айнымалылар модельден тыс анықталады. Олар алдын ала берілген статистикалық деректер, мысалы ЖҰӨ, мемлекеттік шығындар, салық мөлшері т.б. Эндогенді айнымалылар- модель ішінде құрылатын, яғни модель нәтижесі болатын айнымалылар. Мысалы тұтыну көлемі, инвестициялар, нақты пайыз мөлшерлемесі және т.б.

Ғылыми абстракция-зерттеу пәнін жеке , кездейсоқ, қысұа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, құбылыстар мен процестердің өзіндік, дербес ерекшеліктері анықталады. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі бір заңдылықтармен тұжырымдалып, жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді. Талдау- экономикалық құбылыстарды жеке элементтерге жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастың қажетті, құрамдас бөлігі ретінде зерттеу.

Жинақтау-бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп, біртұтас зерттеу.

Индукция- жеке оқиғадан, құбылыстардан логикалық пайымдау арқылы жалпы ортақ қағидалар шығару.

Дедукция, керісінше жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің, процестердің кейбір жеке көріністері мен ерекшеліктері сипатталады.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

Ел ішіндегі барлық субъектердің экономикалық қызметінің жиынтық нәтижелерін өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны. Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді. Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді. ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әріқарай біз осы екі шаманың біреуін қана қарастырамыз.Жалпы ішкі өнімді өлшеуінің үш тәсілі белгілі. Шығыстар бойынша есептегенде ЖІӨ экономикадағы барлық түпкілікті сатып алулар сомасы түрінде анықталады: ЖІӨ = С + I + G + NX, мұндағы С – үй шаруашылықтарының жеке тұтынушылық шығыстары, I – жалпы инвестициялар, G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу, NX – экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.Бұл теңдік сонымен қатар негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.ЖІӨ кірістер (табыстар) бойынша есептеу. ЖІӨ барлық факторлық табыстардың, сонымен бірге амортизациялық аударымдар мен таза жанама салықтардың сомасы ретінде анықталады. Таза салықтар дегеніміз субсидияларды есептемегендегі салықтар.ЖІӨ = Ұлттық табыс+Таза жанама салықтар + Амортизация Ұлттық табыс (NI) келесі компонентерден құрылады:

  • Еңбек ақы(жалақы, сыйақы),

  • Меншік иелерінің(шағын фирмалар, дүкендер)табыстары,

  • Рента (қозғалымсыздықтан түсетін табыс),

  • Корпорациялардың пайдасы (жұмысшылар мен несиегерлерге төлегеннен кейін қалған),

  • Таза пайыздар.

Корпорациялардың пайдасы үш бөлікке бөлінеді: корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, дивидендтер, бөлінбеген пайда. ЖҰӨ мен амортизацияның айырмасы таза ұлттық өнім (ТҰӨ) деп аталады, ал ТҰӨ мен жанама салықтардың айырмасы ұлттық табысқа (NI) тең.Қосылған құн тәсілі бойынша ЖҰӨ есептеу барысында өндірістің әрбір кезеңіндегі қосылған құндар қосылады, яғни қос есепті болдырмау мақсатында өндірістің белгілі кезеңінде қолданылған шикізат, дүмбіл, электрэнергия құны есептелмейді. Сондықтан бұл тәсіл өндірістік тәсіл деп де аталады.

Ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері

Сонымен қатар ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері белгілі. Жеке табыс дегеніміз үй шаруашылықтары және шағын, корпорацияланбаған, кәсіпорындардың алатын табысы. Оны келесідей есептеуге болады:Жеке табыс(PI)= Ұлттық табыс (NI) – Корпорациялардың пайдасы + Дивидендтер - Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар + Трансферттік төлемдер - Таза пайыздар + Пайыз түріндегі жеке табыс Жеке табыстың негізінде басқа маңызды көрсеткіш анықталады.Қолдағы жеке табыс (DI) = Жеке табыс (PI) – Жеке салықтық және салықтық емес төлемдер Бұл салықтар мен салықтық емес төлемдерді төлегеннен кейін үй шаруашылықтары мен ұсақ меншік иелерінің қолында қалатын табыс. Жеке қолдағы табыс(DI) = Тұтыну + Жинақтар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]