
- •1.«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
- •2.Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
- •4.Классикалық политэкономияның қалыптасуы.
- •Xviiі ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.
- •5.У.Петтидің экономикалық көзқарастары.
- •6. П.Буагильбердің экономикалық көзқарастары.
- •7. Физиократтардың экономикалық ілімі.
- •8. Меркантилизм дамуының екі кезеңі.
- •9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
- •10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».
- •2.2 Млрд. Ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры
- •12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
- •13. А.Смит: құн туралы көзқарастары.
- •14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
- •15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері.
- •16. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
- •17. Т.Мальтус: халық қоныстану заңы және "үшінші тұлғалар" ілімі.
- •18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.
- •19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.
- •20. К.Маркстің экономикалық көзқарастары.
- •31. В. Парето оптимумы.
- •43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
- •48. Л.Мизес және ф.Хайектің экоиомикалык көзқарастары
- •50.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.
- •52. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы.
- •54. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.
- •54.Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері
- •57. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы
12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
Адам Смит (1723-1790 жж.) – классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның басты еңбегі - «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» саяси экономияның ғылым ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы болды. Бұл еңбегінде автор саяси экономияның пәнін, методологиялық және жалпы негіздерін айрыша ілім саласы ретінде анықтады. Кітап 5 бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі, өндіріс процесі мен оны бөлуге арналған және негізгі таптардың табыстары мен олардың пайдасы туралы ілімнен тұрады; екінші бөлім, капитал және оның функционалды формаларын қарастырады. Үшінші бөлімде капитализмнің даму тарихының жағдайлары көрсетілген. Төртінші бөлімде бұрынғы өткен экономикалық ілімдерге (меркантилизм және физиократизм) талдаулар берілген. Бесінші бөлім мемлекеттің қаржы мәселелеріне арналған.
А. Смит ғылым ретінде саяси экономияның қос міндетін анықтады:
объективті экономикалық шындықты талдау және оның даму заңдылықтарын анықтау;
фирмалардың және мемлекеттің экономикалық саясаттарды жүргізу, ұсыныстарын әзірлеу.
Бұл экономика ғылымына қосылған маңызды үлес болды. Ол ел байлығы мен оның қуатын арттыру жолын анықтайтын ғылым ретінде саяси экономияның міндетін айқындады.
А. Смит логикалық абстаркция әдістері арқылы экономикадағы заңды, анықтаушы процестерді және кездейсоқтықтан абстаркциялауды; сыртқы көрністен ішкі заңдылықтарды анықтау әдістерін жасады.
А. Смит методологиясы экономикалық либерализм тұжырымдама негізі ретінде мына жайлардан қөрінеді:
жекелеген тұлғалардың мүдделері қоғамның мүддесімен сәйкес келеді;
«экономикалық адам», эгоизммен (менмендікпен) бөлінген және байлықты көбірек жинауға ұмтылатын тұлға.
еркін бәсекелестік экономикалық заңдардың әрекет етуінің өзгермейтін жағдайы болып саналады;
пайда үшін күрес және еркін сауда, бүкіл қоғамға пайдалы қызмет ретінде бағаланды;
рынокта, еркін бәсеке адамдардың мүдделері арқылы, олардың іс-әрекетін басқарып тұтастай алғанда бүкіл қоғамға жоғары пайдалы проблемаларды шешетін «көзге көрінбейтін қол» іс-қимыл жасайды.
А. Смиттің экономикалық ілімінің негізгі идеялары:
материалдық өндіріс өнімі, өнімді еңбекпен айналысатын халықтың үлесіне қатысты ұлттық байлық болып саналады;
еңбек өнімділігін арттырудың негізгі факторы – бұл еңбек бөлінісі (мамандану), ол жұмыс уақытын үнемдейді, еңбек дағдыларын жетілдіреді, өндіріс құралдарын дамытады, қол еңбегін жойып, оны жеңілдетеді.
А. Смит экономикалық құбылыстар өздігінен стихиялық және объективті заңдармен анықталады деп санады. Ол экономиканың табиғи еркіндігің, шаруашылық күштерінің еркін айналымын жақтады. А. Смит адамзат қоғамын қоғам дамуының кезеңдерінде тәуелсіз адамдардың айырбас (меновой) одағы деп санады, өйткені айырбасқа бейімділік-бұл тарихтан тыс процесстер. Бұл классикалық мектептің көзқарастарының негізі болды.
А. Смит еңбек бөлінісі мен айырбастық ұлғайып өсуі бірін-бірі итермелей отырып қатар жүреді және қоғамдық өндіріс процесінің нәтижесінде стихиялы (өздігінен) тауарлық әлемінен бөлініп шыққан ақшаның маңызды рөлін көрсетті. Ақша функциясының ішінен ол айналым құралдарының функциясын айрықша атап көрсетті. Ол ақшаны айналым процесін жеңілдету үшін техникалық құрал деп санауға тоқталды. Оның өлшеусіз еңбегі, ол ақша мен несиені өндірістен шығарды және бұлардың бағынышты ролін көрсетті. Дегенмен А. Смит ақша несие факторларының дербестігін және олардың өндіріске кері әсерін жете бағаламады.
А. Смит ілімінің әлемдегі экономикалық ойды дамытуға үлкен ықпалы болды. XVIII ғасырдың соңында – XIX ғасырдың басында оның идеялары Ұлыбританияда, Францияда және басқа елдерде, оның ішінде Ресейде кең таралды, крепостнойлық пен патшаға қарсы күресте пайдаланылды.