Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EIT_rettelgen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
255.22 Кб
Скачать

10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».

Франсуа Кенэ кейбір нақты сәттер мен қатынастарды дерексіздендіре отырып, ұдайы өндірістің жалпы нобайын (үлгісін) ұсынды. Оның жасаған кестесінде кірістердің барлығы жұмсалады, жинақтау жоқ, таптар мен сыртқы сауда байланыстары арасындағы айырбас ескерілмеген.

Франсуа Кенэ «қыйсығының» күрделі жүйесін түсінуді жеңілдету үшін оның кестесінің нобайын беруге болады. (1 үлгіге қараңыз). Кестеден көрініп тұрғандай, айналым қозғалысы 2 млрд. ливрді фермерлер, жер рентасы ретінде, жер иеленуші табына төлеуден басталады, (тауар айналымы әлі жоқ), бұл 1 акт. Ал, жалпы айналымға фермерлердің ауыл шаруашылық өнімдерінің 5 млрд. ливр мен жеміс бермейтін таптар, қолөнершілердің 2 млрд. ливр, тұрақты өндіріс тауарлары яғни барлығы 7 млрд. ливр тауарлар кіреді. 5 млрд. ливр ауылшаруашылық тауарларынан фермерлер, 2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын тұқымдық қор қалдырады. Сонымен айналымға 3 млрд. ливр ауыл шаруашылық тауарлары мен 2 млрд. ливр қолөнершілердің өндіріс тауарлары кіреді.

  • 2 акт, жер иеленушілер табы фермерлерден алған 1 млрд. ливрге ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алып, 1 млрд. ливрді фермерлерге қайтарады;

  • 3 акт, жер иеленушілер табы қалған 1 млрд. ливрге қол өнеркәсіпшілерден керекті киім -кешек және сән - салтанат заттарын сатып алады, қол өнер кәсіпшілер табы 1 млрд. ливр «тірі ақшаға ие болады»;

  • 4 акт, қолөнер кәсіпшілері қолма қол 1 млрд. ливрге ауыл шаруашылық тамақ өнімдерін сатып алып, 1 млрд. ливерді фермерлерге қайтарады;

  • 5 акт, фермерлер табы қолөнер кәсіпшілер табынан өндіріс құрал жабдықтары мен еңбек құралдарын, саймандарды сатып алады;

  • 6 акт, қолөнер кәсіпшілері табы 1 млрд. ливрге фермерлер табынан келесі жылы өндіріске керекті шикізат түрінде ауыл шаруашылық өнімдерін, қосымша материалдарды сатып алады.

Қоғамдық өнімді өткізу осылайша аяқталады. Фермерлер келесі жылы жер иеленушілерге рента түрінде төлейтін 2 млрд. ливр алды, және 2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын тұқымдық қоры бар.

Тұтастай алғанда, Кенэ үлгісі қарапайым ұдайы өндірістің, жыл ішіндегі ұлттық шаруашылық деңгейіндегі өндірілген тауар және ақша ағындарын сипаттайды. Осы арқылы ол ұдайы өндірістің барлық жағдайлары мен сәйкестіктерін көрсетіп, тарихта бірінші рет экономика ғылымының макроэкономикалық үлгісін жасады.

Ең бастысы, Кенэ кестесінде өнімдер мен ақша ағындарының қозғалысын кескіндейтін арифметикалық есептер емес, өндіріс пен айырбастың кейбір актілері зигзаг үлгісінің, кестелері беріліп, өндірістің жалпы қозғалу жағдайының кескінді түрлеріне талдау берілгендігінде. («зигзагтар» - бір таптан (кластан) екінші тапқа тауарлар мен ақшалардың ағылуы).

Кестеде, кірістер қайдан пайда болады, жиынтық және таза өнім қалай жасалады, олар қалай бөлінеді, өндіріс шығындарының орны қалай толтырылады, осылардың бәрі көрсетілген. Кенэнің еңбегі мынада: бүкіл қоғам ауқымында жылдық айналым түрінде өнімдер қозғалысының кестесін бере отырып, үш негізгі таптың (кластың) өзара байланысының алғашқы макроэкономикалық сынын жасады. Оның идеясы қоғамдық ұдайы даму өнімді есептеуде, халық шаруашылығы балансының үлгілерінде пайдаланылады.

Ф.Кенэ кестесі (“қисығы”)

1.Бірінші сызық ақша (ливрдің) айналымы

Екінші сызық тауар айналымы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]