Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EIT_rettelgen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
255.22 Кб
Скачать

54. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.

Қазақ даласында қанат жойып, әлеуметтік экономикалық дамуды зерттеп, патриархалды – феодалдық қалдыққа қарсы тұрған халық ағартушылары, ел үшін патшалық колониалдық саясатқа қарсы күресті. Көптеген демократ – зиягерлер саяси және қоғам қайраткерлері, бүкіл өмірлерін өз халқын отаршылықтың құлдық қамытынан босатуға, ел жұртына білім беруге жұмсады.

Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының үркердей жарқыраған жарқын шоғырының келбетті өкілдерінің бірі. Оның өмірі өз халқына деген, ел жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген айнымас махаббаттың айқын үлгісі.

Ә. Бөкейханұлы Торғай облыстық комиссары болып тағайындалып, кадет партиясынан шығып “Алаш” партиясының атқару комитетіне кіріп “Алаш” партиясының бағдарламасының авторларының бірі болды. “Алаш” партиясының екінші съезінде Бөкейханұлы “Алашорда” үкіметінің төрағасы болып сайланып аумақтық автономия жариялап, Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес бастады. Бірақ бұл әрекет екі жылдан кейін “Алашорда” үкіметін таратуы мен түйінделді.

«Алаш» қозғалысы басшыларының эк. Көзқарастары А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Жұмабаев және басқа да «Алаш» қозғалысының жетекшілері патша үкіметінің отарлау саясатын сынап, қазақ халқының тәуелсіз мемлекетін құруды ұсынады. Ф.Листтің ұлттық экономика теориясына сүйене отырып, «Алаш» жетекшілері жаңа әлеуметтік реформалар мен қатынастарды күшпен жүзеге асыруға қарсы шықты, көшпелі мал шаруашылығын сақтауға шақырды. Шаруашылық жүргізудің жаңа нысандарына бірте бірте көшу қажет екендігін негіздейді. 30-шы жылдарда қазақ даласында орын алған аштықтың себептерiн де экономикалық факторларға жүгiне отыра негiздеп, олардың бастыларына ерекше тоқталады. Оның пiкiрiнше, бiрiншiден, мақта дақылының жасанды түрде, орасан зор көлемде артуы; екiншiден, суғармалы жерлердiң басым бөлiгiнде мақта өсiрiлуi салдарынан нан дақылдарына арналған жерлердiң жаппай қысқаруы; үшiншiден, жергiлiктi қолөнер кәсiбiнiң толықтай жойылуы; төртiншiден, шөптiң шығымсыздығы, осыдан мал басының азаюы және мал шаруашылығының күйзелiсi, демек, көшпендiлердiң қайыршылануы аштыққа әкелген экономикалық жағдайлар.

54.Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері

Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ халқының шаруашылық өмірінде,оның қоғамдық ой пікірлерінде ,экономикалық көзқарастарында басты ғылыми ілімдердің белгілерін ,яғни сауданы жақтаған меркантелистердің табиғатпен байланысты ауыл шаруашылығын ондағы ұдайы өндірісті негіздеген физиократ классиктердің,ұлттық шаруашылықты ұлғайтуды көздеген неміс тарихи мектебінің,рынок қатынастарына батыл көшуді ұсынғаннеоклассиктердің иидеясының елестерін байқадық.Шын мәніндегі экономикалық ғылымның тарихы Қазақстанда Кеңес одағы кезінде болды.Өйткені бұл дәуірде бұған дейінгі экномикалық теориялар елес емес,қоғамдық әлеуметтік көзқарас,өмірлік қағида ретінде таптық сипат алды.Басқа дүние жүзі утопистері арман еткен,қазақтың Асан қайғысы армандаған “Бозторғай қой үстінде жұмыртқалаған заман”социализм,коммунистік қоғам орнап,ол 70жылдан астам уақыт өмір сүрді.Экономикалық тарих сахнасына шығу кезінде марксизм-ленинизм теориясына арқа сүйеп,тап тартысының нәтижесінде төңкеріс арқылы барлық ұлттарға теңдік беріледі,халықтың әл ауқаты жақсарады деген ұрандармен жұмысшы шаруа бұқарасының сеніміне енген Коммунистік партия билікті қолына алып ,қоғамдық меншік,жоспарлы экономика құруды бастады.Ұлт аймақтарында билікке қол қолы жеткен коммунистер жоспарлы шаруашылық құруға кірісті.Ұлттық экономика ғылымының методолгиялық,теориялық нақты проблемаларын зерттеуде мына ғалымдардың еңбектері зор:П.М Алампиев,С.А Нейштадт,Г.Чуланов,С.Байшев,С.Толыбеков,А.Қошанов,Д.Қабдиев,Н.Мамыров,Е.Жатқанбаев.Қазақстан ғалымдарының интеллект білім қуаттары жоспарлы экономиканы теориялық негіздеуге,мемлекеттік социализмнің методологиясын айқындауға жұмсалды.Ғылым академиясының экономика институтындағы С.Баишев,Т.Әшімбаев,А.Қошанов,М.Исаева-экономика салаларын,өндіргіш күштерді орналастыру,өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы,ғылыми техникалық прогресс және өндіріс тиімділігі проблемаларын зерттеді.

56. Әбу Насыр әл-Фараби(870-950), Бируни(973-1048), Ибин Сина (980-1037) экономикалық көзқарастары Шығыстың оқымысты ғұламасы, аса көрнекті философы - Әбу Насыр Мухаммед Әл – Фарабидің (870-950 жж) ғылыми қызметі ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдени дамуына айқын дәлел бола алады. Сондықтан да, халық арасында ол “Елдің мұғалімі”, “Шығыстың Аристотелі” деген құрметті атаққа ие болды. Әл – Фараби бірсыпыра материалистік идеялардың авторы, адамзаттың ақыл – ойы мен тұрмысының тұтастық диалектикасын ашып көрсетті. Өзінің ғылыми көзқарастарымен, уақыттан озып туған Әл – Фараби ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика т.б.) және практикалық этика, (политика, философия) деп екіге бөлді. Әл – Фараби өзінің ғылыми трактаттарында дүние мен оның мән – маңызы, сезім мен ақыл – ой органдары арқылы танылады деп дәлелдеді. Көне Қазақстан ғылымына Әл – Фарабидің қосқан үлесі аса зор және жемісті болды. Логика, медицина, анатомия, философия және юриспруденция, математика – ұлы ойшыл өзінің терең ақыл – ойымен қамтыған, оның білім салаларының шеңбері болып саналады. Оның негізгі шығармалары: “Кемеңгерлік гаммалары”, “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттары”, “Ғалымды саралау туралы трактат”, оның оқымыстылығының, кең таным шеңберлігін және қазақ малшыларының көшпелі өмір салтын салыстыру ойлары тағы да бір дәлел.Мысалы Әбу Насыр Әл-Фарабидің “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы тракттары” ғылыми тұжырымдар ретінде қазақстанның экономикалық теориясының негізі. Мұнда бір адамның қажетін екіншінің қанағаттандыруы, қоғамдық тұтастыққа әкеліп, өзара қарым қатынастар туғызып, адамзат қоғамын құру жолдары көрсетілген. Әл-Фарабидің экономикалық категориясында қала тұрғындары жай ғана адамдар тобы ғана емес, өндіргіш күш және адамзат қоғамын құрушы фактордың негізі, олар бірлікке, қайрымдылыққа шақырған. Әл-Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де актуалды, оны талдау, зерттеу, қазіргі экономистердің міндеті. Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Әли ибн Сина  -ғалым, пәлсапашы, астроном, дәрігер, фармацепт. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна, ал Шығыста Аш-Шайх-ар-Раис деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геологияжәне астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты өкілдерінің бірі Ибн - Сина (Авиценна). Ол Әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея т.б. Ибн-Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия - игілікке жетуге ұмтылады. Теориялықфилософияғафизиканы, математиканы, ал практикалықфилософияғасаясатты, экономиканыжатқызады. Ал логика ғылымдардыңбарлығынпысықтайды, оләлемдітануқұралы. Барлықғылымдардыңшыңы метафизика депаталынады, ал метафизика депкейдетеологияны, кейдефилософияныатайды. Ибн-Сина өзжауаптарындамынадайидеяларғакеледі: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелгенегізделгеншындықтуралыбілім берсе, ал теологиялықбілімсенімгесүйенеді

Осы сұрақ келсе өздерін бірдеме құрастырып жазыңдар! Нақты мәлімет жоқ экономикалыө көзқарастары туралы...

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]