
- •1.«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
- •2.Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
- •4.Классикалық политэкономияның қалыптасуы.
- •Xviiі ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.
- •5.У.Петтидің экономикалық көзқарастары.
- •6. П.Буагильбердің экономикалық көзқарастары.
- •7. Физиократтардың экономикалық ілімі.
- •8. Меркантилизм дамуының екі кезеңі.
- •9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
- •10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».
- •2.2 Млрд. Ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры
- •12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
- •13. А.Смит: құн туралы көзқарастары.
- •14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
- •15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері.
- •16. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
- •17. Т.Мальтус: халық қоныстану заңы және "үшінші тұлғалар" ілімі.
- •18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.
- •19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.
- •20. К.Маркстің экономикалық көзқарастары.
- •31. В. Парето оптимумы.
- •43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
- •48. Л.Мизес және ф.Хайектің экоиомикалык көзқарастары
- •50.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.
- •52. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы.
- •54. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.
- •54.Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері
- •57. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы
50.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.
19-20ғ.ғ. нақтылы тарихи жағдайлардың әсерінен АҚШ әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағынан күшті дамыған бірден-бір елге айналды. 20ғ бас кезінде АҚШ-тың ғалым-экономистері экономикадағы монополистік тенденциялардың күшейгенін талдап, өз елдеріндегі антимонополистік саясатқа іш тартып, эконоикаға әлеуметтік бақылау концепциясының лидері статусын алуға тырысты. Оны әр түрлі тәсілдермен жүргізді. Олардың теориялары бүгінде әлеуметтік институционалдық немесе жай институционалды деп аталатын экономикалық ойдың жаңа бағытының бастамасы болды. Институционализм – белгілі бір мағынада неоклассиктердің альтернативтік экономикалық теориясының бағыты. Егер неоклассиктер Смиттің жетілген рынокты шаруашылық механизмінен бастау алып, экономика өзін-өзі реттейді деп, таза экономикалық ғылымды жақтаса, институционалистер экономиканың қозғаушы күшіне - материалдық факторлармен қатар рухани моральдық, құқықтық және басқаларын жатқызып, оларды тарихи орнына қарай зерделейді. Институционалистер талдаудың пәні деп экономикалық және экономикалық емес әлкеуметтік экономикалық даму проблемаларын есептейді. Экономикалық ойдың институционалистік бағытының пайда болуының уақыты Т.Вебленнің «Теория праздного класса» деген монографиясының жарық көруімен, яғни 1899 жылдан басталады. Одан кейін Дж.Коммонс пен У.Митчеллдің еңбектері арқылы институционализм бағыты, концепциясы қалыптасты. Аталған Американ ғалымдарының еңбектері, олардың жақтаушылары антимонополдық бағытты құрайды, экономикалық өсуге жиынтық қоғамдық қатынастардың ықпалы, идеясы мен экономикаға мемлекеттің араласуы қажеттігін насихаттап дәлелдейді. Институционализмдегі көрінген 3 толқын: 1.Т.Веблен – әлеуметтік-психологиялық институционалдық зерттеуді басқарады. 2.Дж.Коммонс – әлеуметтік-құқылық бағытты қолдайды. 3.У.Митчелл – коньюнктуралық-статистикалық бағытты зерттейді. Т.Вебленнің анықтауы бойынша экономика ғылымының пәні «Институттар – өткендегі процестердің нәтижесі, олар бұрынғы жағдайларға бейімделген, демек бүгінгі күннің талабына толық сәйкес келмейді» деген. Дж.Коммонс экономикалық талдаудың пәні ретінде мынадай ұжымдық институттардың – жанұя, кәсіподақ, сауда бірлестіктері, өндірістік корпорациялар, мемлекетті, құқылық қатынастар және басқаларды зерттеу, басым бағыт деп – юристік-құқықтық институттарды есептеп, институтционализмнің құқықтық-заңдылық ағымының лидері болды. Методологиялық жағынан ол жұмысшылардың таптық күресін қабылдамады және ол бизнес жүйесінің тиімділігі – оны сақтаудың амалы дегенге сенді. У.Митчеллдің институционалдық теорияға қосқан жеке үлесі: 1.экономикалық факторлардың экономикалық емес факторларға әсерін анықтау. 2.экономикаға мемлекеттің араласуының түрлі варианттары арқылы дағдарыссыз цикл концепциясын негіздеуге тырысты.
51.П.Самуэльсон: «неоклассикалық синтез». “Неоклассикалық синтез” идеясын америка экономистерінің ішінде бірінші Нобель сыйлығының лауреаты Пол Самуэльсон (1915) ашты. “Синтездің” мәні - теориялар арасындағы алшақтықты жою, қазіргі ғылыми жетістіктер мен бұрынғы жұмыстардын бүкіл оңды істердің бәрін сәйкестңдіру болды.
Самуэльсонның теориялық өндеулеріндегі ең бастысы экономикалық процестерді талдауда әр түрлі ынталарды біріктіру. Мәселен, батыс экономистерінің басым көпшілігі тиімді ақша-несие және фискалды саясат жолымен А. Смит пен А. Маршалдың классикалық микроэкономикасын, Кейнс бойынша табыс деңгейінің қазіргі экономикалық анықтауын біріктіргілері келді.
Сонымен, Самуэльсон бойынша “синтез” – бұл еңбек құны теориясы мен шекті пайдалылық теориясының келісімі. Бұл микро - және макро деңгейлеріндегі статистиканы зерттеу оған талдау жасау және тепе – теңдік шығару динамикасын зерттеп, оны ажырату, бағдарлау және дискретті даму. Математикалық үлгілер мен есептеулерді қолдана отырып, ол логикалық негіздеулерді шығарып өзара функционалды байланыстарды анықтады.
“Неоклассикалық синтез” әртүрлі күресуші тұжырымдамалар мен мектептердің арасында өзара қолданылатын келісім жолдарын іздестіруге бағытталған. “Синтез” – бұл америкалық экономикалық ойлардың дамуындағы жалпы үрдестер мен дәстүрлер. Сонымен бірге, позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым әртүрлі жағдайларды ескере отырып ұлттық формаларда дамиды.
Самуэльсон бойынша аралас экономика, экономикалық бақылауды қоғам (мемлекет атынан) және жеке меншік институттар тарапынан жүзеге асыратын, еркін кәсіпкерлік жүйе. Еркін бәсекелестік, уақыт өте, монополияға айналып, қоғамдағы өндіріс пен бөлудің сәйкестігін анықтауда негізгі механизмі ретінде қатысады. Самуэльсон бойынша аралас үлгіде экономиканың негізі болып дамыған еңбек бөлінісі мен күрделі ақша жүйесі бар тауарлы өндіріске жатады. Осыдан ол мынадай қорытынды жасайды, еркін рынок жүйесінің кемшіліктерін түзетуде мемлекеттің экономикалық рөлі өсе түседі.
Самуэльсонның табыс деңгейі жинақтар мен инвестициялар арақатынасымен немесе жиынтық қоғамдық сұраныспен анықталатынын, сол сияқты бұл деңгейде фискалдық саясаттың әсерімен өзгеретіндігін көрсетті. Ағымдағы тұтынудан (капиталдан) өндіріске тартылатын ресурстар жұмсалады деп жазды автор, бірақ болашақта олар қайтарым береді, яғни экономика болашаққа қызмет етеді.
Ұлттық өнім мен ұлттық табыс динамикасы циклдық ауытқұларды көрсетеді, Самуэльсон оның төрт сатысын (фазасын) бөліп көрсетеді: қысу, жандану, экспансия және жоғары саты.
Самуэльсонның пікірі бойынша қазіргі даму кезеңіндегі сұраныс пен ұсыныс, мемлекет пен банктердің ақылды саясатының арқасында бір – біріне пара - пар болады. Ол ұсыныстың сұранысқа бейімделу кезеңдерінің ұзақтығына сәйкес сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігінің әртүрлі үлгілерін (типтерін) қарастырды.
Аралас экономикалық жүйе қызметінің негіздерін қарастыра келіп, Самуэльсон мынадай қорытынды жасады, рынок сұраныс пен ұсыныс арқылы қандай тауар керек және кімге, қандай көлемде өндіру қажеттігін анықтайтын жүйе. Ол былай деп атап көрсетеді, мемлекет нарықтық экономиканың шығындарының мөлшерін реттеп, елдің қорғанысқа, қоршаған ортаны қорғауға, аз қамтамасыз етілгендердің пайдасына табыстарды қайта бөлуге және т.б. жауапкерші.