
- •1.«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
- •2.Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
- •4.Классикалық политэкономияның қалыптасуы.
- •Xviiі ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.
- •5.У.Петтидің экономикалық көзқарастары.
- •6. П.Буагильбердің экономикалық көзқарастары.
- •7. Физиократтардың экономикалық ілімі.
- •8. Меркантилизм дамуының екі кезеңі.
- •9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
- •10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».
- •2.2 Млрд. Ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры
- •12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
- •13. А.Смит: құн туралы көзқарастары.
- •14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
- •15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері.
- •16. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
- •17. Т.Мальтус: халық қоныстану заңы және "үшінші тұлғалар" ілімі.
- •18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.
- •19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.
- •20. К.Маркстің экономикалық көзқарастары.
- •31. В. Парето оптимумы.
- •43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
- •48. Л.Мизес және ф.Хайектің экоиомикалык көзқарастары
- •50.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.
- •52. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы.
- •54. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.
- •54.Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері
- •57. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы
48. Л.Мизес және ф.Хайектің экоиомикалык көзқарастары
Людвиг эдлер Мизис (1883-1973) оның шәкірті Фридрих Август фон Хайек неоавстриялық мектептің экономикалық ілімге қосқан үлес айтарлықтай жеткілікті осы мектептің тұсында экономикалық либерализм концепциясы қалыптасты.Мизестің негізгі еңбектері «Саяси экономия ; сауда және шаруашылық (40ж) Адам іс-әрекеті; экономикалық теория іс-әрекеті (49ж) жарық көрді. Бұл шығармаларында маңызды орынды экономикалық құбылыстарды тану теориясын проблемаларына арналады. Онда еркін кәсіпкерліктің құрақтылығын бейнелеп үгіттіуімен қоса социализмді сынауымен жалғасын тапты. 1962 жылы экономикалық ілім еңбегінде адамның мінез-құлқы жөніндегі ілімі немесе адамды таңдау қағидасы туралы ілімге арнады. Онда Мизестің ойық социализм, өкіметтің рынокты реттеуімен, орталықтан басқару жүйесі жайында талдап ұзақ өмір сүру мүмкін еместігін атап өтті. Себебі баға сұраныспен ұсынысқа байланысты айқындалмайтын және өндірістің қай бағытта даму қажеттілігі жайында өмірдің тұрмысын даму динамикасын экономикалық заңдылықтарын дәл көрсетпейтіндігін айтады. Реттелген экономика социализмі орталығынан жоспардың нәтижесі немқұрайлы жауапсыздыққа және бейберекетсіздікке алып келеді. Бірден бір саналы экономикалық саясат тек либерализмдік екендгі және де өркениеттің абсолютті еңбек бөлінісі жеке меншік және еркін айырбас белгілерін атап еркін кәсіпкерлік концепциясын қолданды.
Экономикалық мемлекеттің араласу социалистік жүйеге сыни көз-қарасын қолдап оның жалғастырушы із-басары нобель сыйлығының иегері Хайек болды. Оның 1974 жылы «Нобель сыйлығының иегері оның жетістіктерінің ішіндегі ерекше еңбегі: « құлдыққы жол» 44 еңбегінде кез-келген экономикадағы мемлекеттің араласу формасын тоталитаризмнің бір түрі деп атайды «Индивидуализм және экономикалық тәртіп» 1948 жылы онда индивидтердің экономикалық мүддесі және субьективтік бағалау экономикалық тәртіп негізінде қарастырады. Келесі еңбегі конституция еңбегі еркіндігі 1960 жылы Либерализм идеясына негізделген қоғамдық құқықтық қағидаларын түсіндіреді. Хайектің соңғы маңызды еңбегі «өзімшілдік қауым», «социализм қателігі» 1988жылы жарты ғасырлы еңбектің түйіні ретінде сипатталады, оның тек экономикалық сұрақтар ғана емес қоғамның әлеуметтік, саяси құқықтық және этикалық аспектілерімен тығыз байланысты. Экономикалық құбылыстарды әлеуметтік экономикалық жүйенің ажырамайтынбөлігі ретінде көретіледі. Алдымен олардың әлеуметтік орнымен қасиетін анықтайды. Және рыноктық жүйедегі еркін бәсеке жағдайда шаруашылық субъектілердің индивидуализмі олардың субъективті бағасы еркін экономика жағдайында, бәсекелестік табиғатын және т.б тән қатынастар жүйесін сипаттайды. Бізге белгілі мұндай тәсілді австриялық мектеп қарастырды бұлар бұл мәселе жайында кеңінен алғы шарттарымен көздеріне және олардың маңызды рөлін атап көрсетті. Хайектің айтуынша экономикалық құбылыстардағы әлеуметтік тәсілі жоғарыды айтылған методологиясы индивидуализмге байлаысты. Индивидуализм мен субьектиализмнің методологиясы микроэкономикалық бағыттағы концепциясын ол макроэкономикалық концепциясын теріске шығарды. Басқа ілімнің жетістіктерін макроэкономикалық байланыстылыққа қарастыра отырып сәйкес келмейтінін айтады. Шаруашылық өмірде индивидуализмді психологиялық бағалау және шаруашылық субъектілердің себептері жатыр. Бұл ешқандай жалпы заңдылықтармен сәйкес келмейтіндігін айтады. Неоаврикалық мектеп осы тұрғыдан ерекшеленеді және неоклассикалық тепе-теңдік теориясына маңызды орынды сыртқы әсерінен байланыссыз ішкі себептермен пайда болады. Қатынастар негізін талдайды.
49. Монетаризм: экономикалық саясаттың мақсаттары және құралдары. Экономикалық ойлардың тарихында неоконсерватизмнің монетаризм және ұсыныс экономикасы сияқты екі аса көрнекті теориялық мектебі ерекшеленеді.
Монетаризм – бұл кейнсиандыққа қарсы шыққан бағыт, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпау» идеяларын қорғаушы, мұнда ақша теориясы басты мәселе ретінде қарастырылады. Монетарлық мектеп шеңберінде ақша және ақша процестері талданады. Осы заманғы монетаризм орталығы Милтон Фридмен (1912 ж.т.) бастаған АҚШ-тың Чикаго мектебі.
Монетаризмнің басқа да ықпалды фигураларына Р. Барро, И. Фишер, К. Брунер, А. Мельтцер және т.б. жатқызуға болады. Олар Фридменның көз қарастарын дамытып түрлендірді.
Өзінің қалыптасуында, М.Фридменның монетарлық коцепциясы бірнеше кезеңнен өтті: 50-ші жылдар – перманентті табыс теориясын жасау; 60-шы жылдар – шаруашылық циклдің монетарлық теориясын жасау; 70-ші жылдар – номиналды табыстың монетарлық концепциясын жасау және ақшаның негізгі экономикалық параметрлерге әсерін түсіндіру.
Монетаристер кейнсиандық талдаудың негізгі қағидаларына қарсы тұрады. Мәселен, М Фридмен сұрансты мемлекеттің экономикаға араласу шараларымен реттеу бағдарламасына қарсы шықты. Ол бюджеттік дефицит саясатын жиынтық сұранысты жандандыру құралы ретінде жоққа шығарады. Монетаристер кірістің пайда болу көз өндірісті емес , барлық көріністегі байлықты есептеді. Байлықтың негізгі бес түріне М.Фридман ақшаны, облигацияларды, акцияларды, физикалық игіліктерді, адам капиталын жатқызады.
Монетарлық теорияға сәйкес инфляцияның негізгі себебі ақша массасының артылуына байланысты – «ақша көп-тауар аз».
Осы артылу әдетте жиынтық сұранысты ақшамен ынталандыру саясатын жүргізгенде пайда болады. Нәтижесінде ақша нарықтың реттеуші құралы рөлін атқармай қалады.
Инфляцияны тудыратын арналарды бітеу үшін монетаристер мыналарды ұсынады:
Ақша айналысының өсімін қатаң қадағалау;
Қатаң ақша - несие саясатын жүргізу, ақша массасының біртектілік өсу ережесін пайдалану;
Тұрақты фискалды саясат жүргізу;
Бюджеттің тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджет дефицтын жою, өйткені ол инфляцияның пайда болу көзі және мемлекеттің нарықтық мехнизмге ақталмайтындай араласуын көзі болып қызмет етеді;
Кейбір жағдайларда экономиканың күтпеген әсер ету әдістерін пайдалану (мәселен «шок-терапиясы» әдісі).
Монетаристік саясаттың негізгі принципі – ақша массасының өсімінің тұрақты қарқынына қол жеткізу, бұл нарықтың өзін-өзі реттеу негізінде өндірістің өсіміне және жұмыспен қамтудың жоғарғы дәрежесін сақтайды. Монетаризмді жақтаушылар инфляцияның жалғыз көзі ақша массасының өсімі, ал нөлдік инфляция шартсыз және экономикалық саясаттың анықтаушы мақсаты болып табылады деп есептеді.