
- •1.«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
- •2.Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
- •4.Классикалық политэкономияның қалыптасуы.
- •Xviiі ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.
- •5.У.Петтидің экономикалық көзқарастары.
- •6. П.Буагильбердің экономикалық көзқарастары.
- •7. Физиократтардың экономикалық ілімі.
- •8. Меркантилизм дамуының екі кезеңі.
- •9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
- •10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».
- •2.2 Млрд. Ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры
- •12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
- •13. А.Смит: құн туралы көзқарастары.
- •14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
- •15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері.
- •16. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
- •17. Т.Мальтус: халық қоныстану заңы және "үшінші тұлғалар" ілімі.
- •18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.
- •19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.
- •20. К.Маркстің экономикалық көзқарастары.
- •31. В. Парето оптимумы.
- •43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
- •48. Л.Мизес және ф.Хайектің экоиомикалык көзқарастары
- •50.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.
- •52. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы.
- •54. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.
- •54.Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері
- •57. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы
43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
Жиынтық аграгирленген (бір тұтас көрсеткішке бірігу) экономикалық параметрлерді талдау негізінде, Кейнс экономикалық ғылымға жаңа ынталардың бастауын ұсынды. Сұранысты, ұсынысты, бағаны жекелеген фирмалармен тұтынушылардың деңгейінде, яғни микродеңгейінде қараған Маршаллмен салыстырғанда, Кейнс макроденгейінде функционалдық байланысты құру қажеттілігінің тұжырымдасын ұсынды. Ол бүкіл рыноктың өзара байланысты екендігін, сол себепті оларды біртұтас бөлінбейтін жүйе ретінде зертеудің қажеттігін көрсетіп берді.
Кейнс тағы да былай деді, сұраныс моделі өз - өзінен ұсыныстың соңынан жүрмейді. Сұраныс, табыстардың деңгейімен анықталып, табыстар динамикасынан артта қалып отырды. Егер сұраныс өндірілетін өнімнен (ұсыныстан) төмен болатын болса, онда өнімдердің бір бөлігі өткізілмей қалады. Ортақ өндіру төмендейді.
Ұлттық табыс пен жұмыспен қамтудың деңгейі өзара тәуелді өзгермелі екендігі Кейнстің ілімінен туындайды. Ұлттық табыстың өсуі жұмыспен қамтудың өсе түсуіне және керісінше әсерін тигізеді. Көзделгендей, ұлттық табыс тұтынушылықтың өсу факторы ретінде қатысады және өз кезегінде, ұлттық табыстың өсуі инвестицияларға тәуелді болады. Ол бүкіл тұтыну және инвестициялық шығындардың жиынып қалыптасуының бүкіл қоғамдық (жиынтық) сұраныс – тұтынуын және инвестициялық тауарларға сұраныстың дамуын анықтау әдістерін – жасады.
Кейнсиандық теорияда “сұраныс тимділігі” деп аталған тұтыну шығындары мен инвестициялар саласы, маңызды орын алады. Яғни ұлттық табыс өндіру динамикасы мен жұмыспен қамту деңгейі, өз ресурстарын өсіруді қамтамасыз етуші сұраныс факторларымен анықталады. Тұтынудың, инвестициялар мен мемлекеттік шығындардан тұратын жиынтық сұраныстарын дамытып және жетілдірілдіре отырып, тұтынушылық бейімділігін, капитал жұмсаудаң күтілетің кіріс келтірілушілікті, және өтімділікті (ликвидтілікті) арттырады.
Кейнс теориясының басты идеясы – жиынтық сұраныс көлемінің жеткіліксіз жағдайында, экономикаға мемлекет арқылы ықпал ету болып саналады. Сондықтан ол ұлттық табыспен, жинақтармен, инвестициялармен және жиынтық сұраныстармен арадағы экономикалық сәйкестіктерге қол жеткізу міндетін алға қойды.
Экономикалық тепе - теңдік - Кейнсше сұраныс пен қорланудың тепе - теңдігі мен белгіленеді. Қазіргі экономиканың басты кемшілігі ол сұраныстың тиімділігінің жетіспеушілігі деді, оның себебі, тұтынуды прогрессивті тежелеу, капиталдың тиімділігінің шектен тыс төмендеуі. Осындай жағдайда, Кейнстің ойынша, экономикалық дағдарыстан тек-қана мемлекеттің араласуы шығарады.
Атап айтқанда, мемлекеттің инвестицияға кең қатысу, әртүрлі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы (зауыттар салу, жол қатынасын жақсарту, жаңа экономикалық аудандарды игеру т.с.с), инвестициялардың формаларын бақылау, экономикалық жағынан аз қамтылған халық топтарын қорғау (зейнет ақыны көбейту, әлеуметтік төлемдер мен стипендияны молайту т.с.с) инвестицияның көбеюіне әсер етіп, халықтың сұраныс көрсеткішінің өсуіне жағдай жасайды.
44. Дж.М. Кейнс экономиканы мемлекеттік реттеу туралы. Кейнстің ұсыныстарын іске асыру үшін ХХ ғ. 30- шы жылдары Англияда “Елді экономикалық дамытудың ұлттық кеңесі құрылды”. Мақсаты, экономикалық және әлеуметтік бағдарлама жасап, қандай өндіріс салалары мемлекеттік қолдауды керек етеді деген сұраққа жауап беру, 1944 жылы Англияда “Жұмыс пен қамту саясатының Ақ кітабы”- жарық көрді. Осы еңбек шығысы мен Батыс елдердің көп үкімет басшылары еңбекпен ұзақ, толық қамту үкіметтің міндеті деді. Мемлекеттің осындай бағытта іске араласуы экономиканың шынында дағдарыстан шығудың нағыз революциялық жолы еді.
Экономиканы мемелкеттік реттеу құралына Кейнс ивестицияны өсіру жолымен жиынтық сұранысының ұлғайуын, несие – ақша және бюджеттік саясатты жатқызды. Оның анықтауы бойынша еңбек ақыны төмендету жұмыспен қамтуды өсірмейді, қайта, нақты еңбек ақыны кеміту арқылы табыстарды кәсіпкерлердің пайдасына қайта бөлуге әкеледі, ал осыған қарай жұмыскерлер жұмыстарын тастап кетпейді және жұмыс күшін ұсыну қысқармайды.
Экономикалық теорияны дамытудағы Кейнс еңбектерінің үлесі:
бағаны талдаудан нақты өнімді (продуктыны) практикалық талдауға көшу;
өндіріс көлемімен табыс деңгейінің өзгеруіне қарағанда, пайыз нормасының, жинақтаумен инвестицияға әсерінің тіпті аздығынан пайыз нормасына жаңа көзқарас;
инвенстиция мультиплиаторының идеялары;
қазірғі капиталистік экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіндігін, әсіресе жұмыспен қамтудың жоқтық тезисін кіргізуі;
тұтыну бейімділігінің түсінігін еңгізіп және өнімділікті (ликвидтілікті) қолдауы;
экономикалық саясаттың революциялық мүмкіндігінің тууына себеп болыуы.
45.Э.Хансеннің экономикалық циклдар теориясы. Неоклассикалық мектептің бұрынғы жақтасы, Гарвард университетің болашақ профессоры, жас американ экономисі Э. Хансен өзі үшін Дж. Кейнс бейнесінде жаңа доктринамен және пайғамбар тапты. Хансен сенімді кейнсиандық және оның жаңа тұжырымдамаларына берілген қорғаушысы ретінде “америкалық Кейнс” атағын алды. Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Тобин былай деді: “АҚШ – тың макроэкономикалық саясатын қайта бағдарлауда Хансендай маңызды роль атқарған, басқа американдық экономисті табу мүмкін емес».Хансен 20 жыл бойы Гарвордта, жоғары әкімдер мен көрнекті ғалымдардың нағыз мектебі болған, аспиранттардың теориялық семинарын жүргізді. Семинарға болашақ Нобель сыйлығының лауреаттары Самуэльсон, Тобин, экономикалық динамика теоретиктері Е. Домар, Дж. Гэльбрейт қатысты. Осы семинарда П. Самуэльсон бірінші рет мультипликатор мен акселераторды біріктіру принципінің үлгісі (моделі) туралы баяндамамен, ал Домар өсудің новаторлық үлгілердің авторы ретінде қатысты.“Америкалық Кейнс” – Хансен алтыдан аса монографиясында (“Салық саясаты және экономикалық циклдар”, “Ақша теориясы және қаржы саясаты” және т.б.) Кейнстің ілімімен байланысты жаңа теориялық доктринаны кеңінен танымал етті. Оның тілі – фактілердің, кескіндердің, кестелердің тілі болды, сол арқылы оқырмандарын қажетті қорытындылар жасай білуге үйретті. Хансеннің еңбегі арқасында, Кейнс отаны Ұлыбританиға қарағанда, АҚШ-ты “неғұрлым кейнсиандық елге” айналдырды деп тұжырымдайды . Ол Рузвельт өкіметінің аса көрнекті теоретигі болды, “Толық жұмыспен қамтылушлық күресін” басқарды, соның нәтижесінде “Жұмыспен қамту туралы акт” (1946) қабылданды, сөйтіп АҚШ үкіметі жұмыссыздықа қарсы күресті бірінші кезекті міндетке айналдырды. Жалпы былай деп айтуға болады, Д. Эйзенхауер, Дж. Кеннеди, Л. Джонсон сияқты АҚШ президенттері әкімшілігінің экономикалық саясаты – кейнсианды-хансендік болды.
Хансен кейнсиандықты аса ірі таратушысы ретінде “Кейнс бойынша жолсерік” (1953) еңбегінде “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясына” толық түсінік берді. Бірмезгілде, ол аса көрнекті теоретик - экономимст ретінде, белсенді макроэкономикалық саясатты жалғаушысы болып саналды.
Самуэльсон айтқандай, Хансен табыстарды анықтау теориясы мен тұтастай макроэкономикаға бірдей үлес қосты.
Кейнсиандық циклдің тұжырымдамасының авторы ретінде, оның “Экономикалық цикл және ұлттық табыс” (1957) атты іргелі монографиясы Э. Хансенге әлемдік атақ әкелді.
Хансен циклды патологиялық жағдай ретінде қарастыруға болмайды деді, ол қазіргі динамикалық экономикаға шын берілген деді. Циклдардың ноклассикалық теориясы осыдан мынадай тұжырым жасады: қаншалықты цикл капиталистік экономиканы іштей дамытушы болмасын, бірақ енді оны реттеу үшін бір ғана рыноктың “көрінбейтін қолы” жеткіліксіз, ол үшін мемлекеттік саясаттың антициклдық бағдарламасы қажет деді.
Хансен құрған мемлекеттің экономикаға араласуының неокейнсиандық бағдарламасы меншікке тиіспей, тек қана айналым мен табыстарды бөлу алаңын қарады. Осыған дейінгі тәжиребелерді ескере отырып, Хансен өзінің антициклдық бағдарламасының үш бағытын берді:
Икемді құрылған механизмдер (құрылған тұрақтандырғыштар);
Өзіндігінен әрекет етуші, өтеу жасайтын (компенсирующие) қарсы шаралар;
Өтем жасауды басқаратын бағдарламалар;
Тұтастай алғанда Э. Хансен өзінің еңбектерінде ағымдағы реттеу бағдарламаларын ғана емес, сонымен қатар экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарына арналған бағдарламаларды да берді. Ол толық теңдікке жету мүмкін емес деп санады, сонымен бірге “әлемдегі үлкен теңсіздіктерді элементтеу аса қажетті” деп болжам жасады.
Кейнс сияқты, Хансен жеке меншік инвестициялары, экономикалық өсудің басты ынталандырушы құралы деп санады, болашақ экономикада “толық жұмыспен қамтылушылық” пән жоғары қоғамдық және жеке меншіктік тұтыну сәйкес келіп, онын әлеуметтік салада рөлін ерекше көрсетті.
46.Р.Харродтың экономикалық өсу теориясы. Құбылыстарға жаңа жол табушылық идеясын ағылшын экономисі Рой Харрод (1990 –1978 жж.) іске асырды. Оның монографиясы “Экономикалық динамика теориясы” (1948) Харродты әлемге аты белгілі оқымысты, соғыстан кейінгі кейнсиандықтардың көсемі, неокейнсиандық динамика теориясын жасаушысы етті. Харрод өзінің еңбектерінде ақша, банктер, халықаралық сауда, жетілдірілмеген бәсекелестік, шығындарының ауытқуы, сауда циклі және т.б. проблемаларды қарастырды.Харродтың методологиясы Кейнс методологиясына жақын – агрегирленген макроэкономикалық көрсеткіштер – жиынтық сұраныс пен табысты, жиынтық жинақтар, инвестициялар және тағы басқаларды зерттеді. Оның еңбектеріңде, бәрінен бұрын, капиталистік ұдайы өндірістің сандық түрлерін көрсету мен бірге олардың сапалық айқындамалары мен әлеуметтік салаларын еске алуы. Ол ұзақ мерзімдік жоспардағы динамикалық процесстерге талдау жасады. Ұзақ мерзімдік өсу проблемаларының ішінен Харрод инфляциялық бұмның қауіптілігіне назар аударды, жұмыссыздық пен өнеркәсіп цикілінің проблемаларын бөліп көрсете отырып, дағдарыс пен жұмыссыздықты бірінші орынға қойды.Харрод тәжиребелік бағдарламада шаруашылықтың екі тобын қарастырды: 1. қысқа мерзімдік жоспардағы антициклдік саясат; 2. жаппай жұмыссыздықты алдын – ала ескерту мақсатында – экономикалық даму қарқын ұзақ уақытқа ынтыландыру саясаты.
Неокейнсиандықтар Харродтың экономикалық динамика аясындағы еңбектерін, өсудің (Дж. Робинсон, Н. Калдора және басқалар), неғұрлым күрделі үлгілерінің тұтастай класын туғызған, пионерлік зерттеулер деп атады. А. Эйхердің айтуы бойынша Дж. Кейнстің “Жұмыспен қамтудың жалпы теориясы” тұжырымдасын талдаған Харродтың зерттеуі, оны алға дамытуда алғашқы талпыныс болды.Қазіргі кезенде экономикалық өсуді талдауда (Жапонияда, Оңтүстік Кореяға, Тайландта) Харродтың экономикалық категорияларын пайдалану, оның даму динамикасы мен теориясына тамаша нәтижелерін берді.Оның үлгілерін қазіргі кезеңде көптеген нарықтық мемлекеттер мен ТМД елдерінің экономикаларының даму әдістерінен кездестіруге болады.Посткейнсиандық мектептер үшін Харродтың капитализм жағдайындағы экономикалық өсу “табиғи” берік еместігі мен ішкі тұрақсыздығы туралы негізгі тезисі айрықша маңызға ие. Харрод теоретиктігі мен ғана қызықты емес, ол сонымен бірге тарихшы – экономист, Дж. М. Кейнстің өмірлік қызметі мен негізгі еңбектерін зертеуші ретінде де ынталандырмай қоймайды.
47. Германиядағы неолиберализм: В.Ойкен, В. Репке, Л.Эрхард. Неолибералдардың неоклассиктерден өзгешелігі, олар нарықтық шаруашылықтың автоматизмДІ (А. Смиттің “көрінбейтін қолы”) ережелерін пайдалануды мүмкін емес деп санады. Себебі нарық, егер оны мемлекеттің көмегімен құрса, ол өзінен - өзі сол автомотизімге келеді. Мемлекет нарыққа өзін - өзі реттеуді беру керек деді.
Неолибералдар, сондай ақ ішкі нарықтық ауытқулармен белсенді күресіп, монополияға қарсы саясатты жақтады. Олар әлеуметтік (зейнеткерлерді, мүгедектерді, оқытушыларды және т.б.) қолдау саясаты үшін күресті.
Германиалық неолиберализм “Жалпыға бірдей байлық әкелуші мемлекет”, өзіндік үлгі жобасы бойынша неоклассиктер мен кейнсиандықтар арасындағы аралық жағдайды қолдады. Кейнсиандық батыс экономика теориясы әлеуметтік мектептердің ортасында болды. Олардың пікірі бойынша капиталистік экономиканың негізгі проблемасы экономикалық сұраныстың тапшылығы, осыдан мемлекеттік бюджет шығыстары мен белсенді несие – ақша саясаты есебінен оны қолдау қажеттілігін шығарды. Әлеуметтік рыноктық шаруашылық териясы 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия үкіметінің жүргізген экономикалық саясатының негізін құрады. Осы теорияны негізгі әзірлеушілердің бірі экономика профессоры, экономика профессоры, экномика министрі, одан соң феодалдық канцлер Людвиг Эрхард(1897-1977) болды. Аденуар –Эрхард үкіметі өздерінің мемлекеттік доктринасы ретінде неолиберализмді ұстанды. Жалпы Эрхард көзқарасы бойынша мемлекеттің экономикалық процесстерге араласпауы мүмкін емес. Біріншіден, монополияны шектеу қажет. Екіншіден, «мемлекетсіз» нарықтық экономика мемлекеттік табыстарды азайтып, жекеленген қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайын нашарлатады, ол саяси және қоғамық тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады. Сондықтан мемлекет экономикаға араласып отыру қажет. Еркін рынок шаруашылығының автоматты қызметінің мүмкін еместігін мойындай отырып, В.Репке мен Л.Эрхард өндіріс анархиясына қарсы тиісті мемлекет шараларын қолдады. Бұл шаралар еркін және әлеуметті міндетті қоғамдық құрылыстың синтезін қамтамасыз етеді. Репке-Эрхард бейнелі иллюстрациясы бойынша мемлекеттің ролі футбол алаңындағы арбитр-судьяға ұқсас: өзі ойнамайды, бірақ футбол ойыншыларының әрекетін қатаң бақылайды. Басқаша айтқанда мемлекет еркін рынок шаруашылығының идеалды типі ретіндегі әлеуметтік рынок шаруашылығының өмір сүруі үшін еркін бәсеке ережесін сақтауға, баға белгілеудің шарттарын бақылауға және монопольды бағаға жол бермеуге, монополиясыз товар-ақша шаруашылығында жеке меншікті сақтау мен маңызына кепілдік береді. Ойкеннің көзқарастарына көп жағдайда зор әсерін тигізген М.Вебердің қоғамдық өмірдің идеалды түрлері туралы ілімі болды. О пікірінше адамзат қоғамына экономиканың екі түрі тән – орталықтан басқарылатын және айырбас экономикасы, нақтылы тарихи жағдайда экономиканың екі типінің біреуінің басымдылығы байқалады. Орталықтан басқарылатын экономика жүйесі бір орталықтан болатын жоспар арқылы қоғамның экономикалық өмірін реттейді. Егер қоғамның экономикасы өмірге өмірге өздерінің жоспарларын жеке-жеке жүзеге асыратын бөлек шаруашылықтардан тұрса, бұл – айырбас экономика жүйесі.