
- •1.«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
- •2.Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
- •4.Классикалық политэкономияның қалыптасуы.
- •Xviiі ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.
- •5.У.Петтидің экономикалық көзқарастары.
- •6. П.Буагильбердің экономикалық көзқарастары.
- •7. Физиократтардың экономикалық ілімі.
- •8. Меркантилизм дамуының екі кезеңі.
- •9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
- •10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».
- •2.2 Млрд. Ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры
- •12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
- •13. А.Смит: құн туралы көзқарастары.
- •14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
- •15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері.
- •16. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
- •17. Т.Мальтус: халық қоныстану заңы және "үшінші тұлғалар" ілімі.
- •18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.
- •19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.
- •20. К.Маркстің экономикалық көзқарастары.
- •31. В. Парето оптимумы.
- •43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
- •48. Л.Мизес және ф.Хайектің экоиомикалык көзқарастары
- •50.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.
- •52. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы.
- •54. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.
- •54.Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері
- •57. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы
31. В. Парето оптимумы.
Парето оптимумында басты мәселе ең үлкен тиiмдiлікке жету үшін экономикалық ресурстар және шығарылған игiлiктердiң ұтымды үлестiрiлуiнде болады.Осы мәселені шешуде үлкен үлус қосқан Вильфредо Парето болды. Оның қорытындылары келесi жағдайларды қамтиды:
1. Ұтымдылықтың белгiсі болып жиынтық масимация емес,әрбір жеке адам үшін ақшалай қорлар мен экономикалық мүмкіндіктерге сәйкес максимум пайда болып табылады.
2. Экономикалық тепе-теңдiктi қамтамасыз ету – ұтымдылыққа жетудің басты шарты. Ұтымдылық дегеніміз одан ауытқуы болған жағдайда біреулер үшін пайданың көбейеді ал екіншілері үшін азаяды дегенді білдіреді. Экономикалық жүйенiң ең болмағанда бiр қатысушысының экономикалық жағдайы нашарласа қоғамдағы ресурстарды бөлу ұтымды болып қалыптасады.
3. Басқа бір игіліктің өндірісін төмендетпей отырып белігілі бір игiлiктiң өндірісінің жоғарылауы Парето оптимумы (ұтымдылығы) деп аталады.
Оны келесі мысалмен түсіндіруге болады:
Мысалы, қисықтағы кез келген нүкте (А немесе В) Парето бойынша тиiмдi. Қисық бойынша қозғалыс бiр тұтынушының (қорлар, шығындар) жағдайының нашарлауы басқа бір тұтынушының жағдайының жақсаруын білдіреді. OMN фигураның iшiндегі нүктелер MN қисығының төмен жағында орналасқан. Қисық ішіндегі барлық нүктелер ресурстарды тиімсіз бөлуді білдіреді. Мысалы, I-шi нүктеден қисыққа қарай қозғалыс – ILP фигурасының ішінде - Парето бойынша жақсаруды бiлдiредi. Басты мәселе мында,яғнижеке тұлғаның емес бүкіл қоғамның әл-ауқаттық жағдайын анықтау.Парето бойынша ұтымдылық барлық нарықта,барлық экономиикалық секторларда тепе-теңдік орнағанда пайда болады.Осы ұтымдылыққа нарықтық бәсекелес механизм ұмтылады.
32. А.Маршалл: сұраныс пен ұсыныс теориясы. Кембридж мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Альфред Маршалл (1842-1924 жж.). Ол өзінің «Экономика принциптері» еңбегінде «Саяси экономия немесе экономикалық ғылым адамзат қоғамының тіршілігін зерттеумен айналысады, ол игі жағдайдың материалдық негіздерін құрумен байланысты болып, қоғамдық іс-әрекеттерінің жеке салаларын тексереді», деген ойын айтты.
А.Маршалл нарықтық баға теориясын әзірлейді, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттерінің проблемаларын зерттеп, «сұраныс икемділігі» деген ұғымды енгізді.
Оның зерттеулерінде маңызды орынды нарықта еркін баға белгілеу мәселелері алды. Ғалымның ойынша , баға екі фактормен анықталады: шекті пайдалылықпен және өндіріс шығындарымен.
Маршалл бойынша нарықтық баға - бұл шекті пайдалылықпен анықталатын сұраныс бағасы мен шекті шығындармен анықталатын ұсыныс бағасының қосылу нәтижесі. А.Маршалдың маңызды еңбектерінің бірі, оның баға, сұраныс және ұсыныс сияқты нарық механизімін құраушылар өзара әсерлерін көрсете білуі болды.Жекелей алғанда, ол бағаның төмендеуімен сұраныстың өсуін, ал бағаның жоғарлауымен сұраныстың төмендеуін көрсетті. А.Маршалл тұрақты немесе тепе-тең баға деп сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік нүктесін белгілеген бағаны есептеді. Маршалдың болжамы бойынша, егер нарықта баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда ұсыныс сұраныстан артады, баға төмендей бастайды, және керісінше.Осылармен қатар А.Маршалл «сұраныс икемділігі» туралы тұжырымдаманы ұсынды. А.Маршалл сұраныс пен ұсыныс әрекеттеріне үлкен әсерді уақытша факторлар беретіндігін көрсетті. Экономикалық талдауды А.Маршалл графиктер,формулалар көмегімен іске асырды. Осымен қатар А.Маршалл «өндірістің шекті шығындары»мен «репрезентативті фирма» тұжырымдамаларын жасады.«Өндірістің шекті шығындары» теориясының дамуына А.Маршалл орташа фирманың көп түрлігі ретінде «репрезентативті фирма» түсінігін енгізді.Соңғысы үшін өндірістің жиынтық көлемі ұлғаюы жағдайында көп табыс алу тән. Осыдан ғалым екі экономиаклық заңдардың әрекет ету қорытындысына келді: ұлғаймалы қайтарым және тұрақты қайтарым.
33. Дж.Б.Кларк: статистика мен динамика концепциясы. Маржинализмнің американдық мектебінің негізін салушы Джон Бейтс Кларк (1847-1938 жж.) болды. Оның көрнекті еңбектері: «Байлықтың философиясы» (1886), «Байлықты бөлу» (1899). Оның ғылыми жетістіктерінің бірі өндіріс факторларының шекті өніділік теориясы болып табылады.
Кларктың зерттеу негізі үш принципке негізделген.
Пайдалылықтың кему принципі: қордағы әрбір қосымша зат аз тиімділікке ие.
Шекті өнімділік принципі : өндірістің әр факторы ерекше өнімділікке ие. Бірақ факторладың әр түрі әр түрлі өнімділікке ие.
Еркін бәсекелестік принципі : егерде баға үкіметпен реттелмесе, монополиямен кемітілмесе, онда баға әділ, ол баға шындыққа жақын.
Кларктың ойынша, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы өнім мөлшеріне сәйкес келеді. Жұмысшыларды жалдағанда кәсіпкер қосымша табыс әкелмейтін жұмысшы санын өсірмейді Яғни шекті өнім шекті табысқа тең болады. Еңбек ақы қоры жұмысшылар санына көбейтілген шекті өнімді түсіндіреді. Кәсіпкердің кірісі - еңбек ақы қоры мен жасалған өнім шамасы арасындағы айырмашылық. Егерде еңбек ақы шекті еңбек өнімділігімен анықталса, онда кәсіпкердің кірісі – капиталдың шекті өнімділігімен анықталады. Кларктың концепциясы бойынша, кәсіпкерлердің кірісі, өндіріс құралдарына жұмсалған капиталдың проценті.
Пайда - капитал иесінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі. Кларктың бөлу концепциясының ерекшелігі мынада: ол шығындар принципіне сүйенбейді, ол өндіріс факторларының нәтижелік принципіне негізделеді.
34. А.Пигу- «экономикалық әл-ауқаттылық теориясы» Артур Пигу (1877-1959 жж.) – А.Маршаллдың оқушысы.Оның ойы бойынша ұлттық дивидент, бұл «адамдар ақшалай табыстарына сатып алатын байлық», бұл қоғамдық игі жағдайдың көрсеткішісі. Қоғамның игі жағдайының өсуі мүмкін, егер табыстар қоғам мүшелерінің арасында тең бөлінсе. Табыстарды қайта бөлу кемімелі пайдаллылық приципіне сәйкес келеді.Қайта бөлуден қоғам мүшелерінің табыстары, байлардың шығындарынан көбірек болады.
А.Пигу, ойынша қоғамдық игіні нарық қамтамасыздандыра алмайды сондықтан қай жағдайларда бағаны реттеу пайдалы? Аса төмен льготалық бағалар өндірістің кеңеюіне, яғни игі жағдайдың өсуіне жағдай жасайды. Басқа жағдайларда субсидияны, салық салудың прогрессивтік жүйесін қолдануды ұсынды. «Сыртқы эффектіні» өтеу үшін мемлекет бюджеттік механизмді қолдануы керек, яғни «эффекттен» зардап шеккендерге субсидия төлеуі қажет. А.Пигу ұлттық табысты бөлу теориясында негізін салды, жеке меншіктің фирманың, қоғамның экономикалық проблемаларымен санасуды тіледі..
35.Вебленнің әлеуметтік-психологиялық мектебі. Әлеуметтік-психологиялық институционализм ағымын тұрған Торетейн. Б. Веблен (1857-1929 жж.), американың экономисті және социологы. Ол экономикалық дамудың психологиялық теориясын қалыптастырды.Оның ең маңызды еңбектері: «Теория праздного класса» (1899), «Қазіргі заманға сай өркендеудегі ғылымның орны және басқа очерктер» (1919), «Қазіргі заманға өзгеретін жүйелердің очерктері» (1934). Веблен экономикалық құбылыстарды бекітілген дәстүр ретінде қарастырған. Ғалым ойынша, адамның еңбекке деген уәжін (мотив) қоздырушы мыналар: «аналық» инстинкті, ата-аналарды балаларын асырауына мәжбүр етеді және «білуге құмарлық» инстинкті, яғни адамдардың қоршаған ортаны және әлемді білуге ұмтылады.
Вебленнің айтуынша, қоғамдық-экономикалық құрылымының эволюциясы биологиялық процеспен табиғи таңдаумен заңдалынған.
Веблен барлық қазіргі заманға сай индустриялық Технологиялық тұжырымдамалардың негізін салушы болған.
Ол «бизнес» және «индустрия» әлемін бөліп көрсеткен. Біріншісі – қатынас сферасымен, ал екіншісі – өндіріс сферасымен айналысады.
Ғалымның айтуынша, менеджер, басқарушы, финансистер бизнес сферасын көрсетеді. Бизнес Вебленнің айтуынша, өзіне кері әсер тигізе отырып ұлттылықты діни дөрекілікті және меншікті тудырады. Веблен былай ойлаған, индустрия әлемі бизнес әлеміне басым жағдай жасауы керек. Оның айтуынша саяси билік инженерлер мен техниктердің «генералдық штабына» берілуі қажет. Вебленнің техникалық идеялары оның ізбасарларының еңбектерінде дамыды.
36.Дж.Коммонс әлеуметтік-құқықтық институционализм негіздері. Институтционализмде әлеуметтік-құқықтық бағыттардың негізін қалаушы болып Дж. Д. Коммонс (1862-1945 жж.) табылады. Оның басты еңбектері – «Құқықтық капитализмнің негіздері» (1924). «Институционалдық экономика. Оның саяси экономикадағы орны» (1934). «Еңбек экономикалық теориясы әрекеттерінің» (1950). Коммонстың методологиясы өзімен шекті пайдалылық мектебінің ережесімен экономикадағы юридикалық концепциясының синтезін білдіреді.
Экономикалық талдауда Коммонстың басты көңілі жан-ұя мемлекеттік профсоюздық корпорацияларды, сауда ұйымдары сияқты институттарды зерттеуге бағытталған Коммонс бойынша экономикалық категориялар және институттар заңды ресімдеу арқылы көрінеді. Коммонстың айтуынша, нарықтық жағдай қазіргі заманға сай капиталистік қоғамда «рас емес» және «әділсіз» болуы мүмкін. Барлық минустарды жою үшін заңдылықтарды бекітіп және заңды дұрыс қолдану керек. Барлық тойтарыстар заңды негізде шешілулері керек.
37.У.Митчеллдің нарықтық-статистикалық институционализмі. Эмперистік немесе коньюнктуралық статистикалық институционализмнің басты шеңінде У. Митчелл (1874-1948 жж.). Т. Вебленнің оқытушысы тұрған автордың «Экономикалық теорияның түрлері туралы дәріс» (1935).
Митчелдың зерттеуіндегі басты орын адамдардың қоғамдағы жүріс – тұрыстарына жүгінген. Ғалымның айтуынша, адамдардың психологиясы, олардың әдеп-ғұрыптары экономикалық дамудың ең басты факторы болып табылады. Соған қарамастан Митчелл индивидке емес қоғамдық психологияға артықшылық берген.
Митчелл басты көңілді экономикадағы құбылыстарға ақша айналысының мәселелеріне аударған.Оны ойландырар жағдай: қай фактор экономикаға ең көп әсер етеді, ал оның ішінде әсіресе – қаржы, ақша және несиеге.Митчелдің айтуынша, осы сфералар басты болып саналып осыларды дұрыс реттеу дағдарысты болдырмауына әкеледі. Митчелдің методолиялық тәсілінің ерекшелігі мынада: үлкен статистикалық материалдарға сандық талдау әдістерін белсенді қолданды.
У.Митчелл экономикадағы циклдік құбылысты экономикалық зерттеудің Ұлттық бюросын қалыптастырды. Ол «үлкен» және «кішігірім» циклдің ұзақтығын есептеді, экономикалық дамудын дағдарыссыз моделін құрастырды.
Митчелл арнайы мемлекеттік жоспарлау органдарын дамытуды жақтады. Жоспарлау бұл жерде директивті емес, ұсынысты түрінде болуға тиіс.
38. Дж. Гэлбрейттің экономикалық теориясы. Қазіргі институционализмнің лидерлері Дж. К. Гелбрейт. Оның еңбектері – «Американдық капитализм» (1925), «Жаңа индустриялдық қоғам» (1967), «Экономикалық теория және оның мақсаттары» (1973).
Дж. Гелбрейт индустриялдық жүйені, корпорацияларды, басқару мәселелерін монополия ішіндегі басқарумен қоғамды басқаруды, мемлекеттің рөлін, экономикалық саясаттың сұрақтарымен капиталистік жүйенің шаруашылық механизмін зерттеді.
Капиталистік мемлекеттердің барлық экономикалық жүйесін Дж. Гелбрейт екі сектордың-жоспарлық және нарықтық жиынтығы ретінде қарастырды. Біріншісіне ол «жетілген корпорацияларды» кіргізді. Олар жаңа технологияны пайдаланып бағаны белгілейді, қоғаммен үкімет алдында әкімділік жүргізеді. Мұндай корпорация ұйымы индустриалды қоғамның негізі(стержні).
Гелбрейдтің ойынша жетілген корпорацияларда билік және басқару меншік иесінен техноқұрылымға (инженрелер, менеджерге) ауысады.
Екінші жүйеде – нарықта – қоғамның әлеуметтік, рухтық және экономикалық мақсаттары біріктірілген. Оған шағын бизнес қол өнері қызметін көрсету сферасы жатады.
Дж. Гелбрейттің кейбір көз қарастары өзгерді. 70-шы жылдарда дағдарыс Дж. Гелбрейтке оның жоспарлау жүйесін мемлекеттің реттеуінсіз жеткілікті және тұрақты еместігіне көрсетті. Оның ойынша жетілген корпорациялар мен техноқұрылымының билігін шектеу қажет деді. Нақты күш, оның ойынша – бұл мемлекет. Дж. Гелбрейт «үлкен» корпорациялар мен басқару революциясы капиталистік өндірістің көп бөлігін бюрократизацияға әкелгенін көрсетті. Осының нәтижесінде әлеуметтік теңсіздік және қоғамның жіктелуі «артероксерозі» пайда болды. Бұл жағдайдан шығу үшін Дж. Гелбрейт мемлекеттің реттеу рөлін күшейту керек дейді. Осыған орай ол монитористердің көз қарастарынан бас тартты «қаржы –ақша» саясатының орнына финансы – бюджеттік саясатты қолдады.
39. Қазіргі неоинституционализмнің әдістемелік ерекшеліктері. «Ескі» институтционалистермен (Т. Веблен, Дж. Коммионс және У. Мичелл) неоинститутционалистердің (Дж. Гелбрейт, Дж. Бьюкенен, Р. Коуз, Д. Норт және т.б.) көз қарастарының арасында кем дегенде үш ерекшеліктер бар:
«Ескі» институтционалистер құқық пен саясаттан экономикаға жүрген, басқа қоғамдық ғылым әдістерінің көмегімен, экономикалық процесті талдауға ауысты. Неоинститутционалистер, керісінше, саяси, құқықтық және көптеген басқа проблемаларды қоғамдық ғылымдардың неокласикалық экономикалық теория тәсілдерінің көмегімен әсіресе қазіргі микорэкономика аппаратары және ойымен теорияны қолданып талдауға кірісіті.
«Ескі» институционализм индуктивті жекешеліктен қоғамдық тәсілдерді қолданды, сондықтан ортақ институционалды теория сол бетімен қолданылмай қалды. Осы институттар ортақ теориясыз талданған, неоинституционализм дедуктивті тәсілдерді қолданып: институттарды бірыңғай теория негізінде талдаған.
«Ескі» институтционализм ең басты көңілді үйымның мүддесін қорғау мақсатында басты орынға тәуелсіз индивидті қояды. Неоинституционалистер бірінші орынға еркін мүшесін сайлайды ол қай ұжымға мүше болуды өзі шешеді. Қазіргі инстиционализм немесе неоинституционализм өзінің алғашқы түрінен көп ерекшеленеді яғни, ерте немесе ескі институционалзммен салыстырғанда.
Неоинституционализмнің ең жарқын өкілдері болып Дж. Гелбрейт, Г. Мюрдаль, Я. Хейлбронер, Д. Белл, О. Тоффлеп, және т.б саналынады.
Бұл ағымның ең жоғары өсуі ХХ ғасырдың 50-60ж. сәйкес келеді. Соғыстан кейін институционализм 30-шы жылдарғы институционализмнен методология жағынан да, теория аумағында жағынан да ерекше. Институционализмнің эволюциясы жаңа этаптарда индустриялдық технократтық тәсілді игеруден белгілі. Индустриялдық тұжырымдамалардың тамырлары Т. Вебленнің еңбектерінде көрінді. Бірақ 50-60-шы жылдардағы институционалистер ҒТР-ны «бизнес» әлемімен байланыстырды. Қазіргі институционализмнің лидерлері Дж. К. Гелбрейт. Оның еңбектері – «Американдық капитализм» (1925), «Жаңа индустриялдық қоғам» (1967), «Экономикалық теория және оның мақсаттары» (1973).
Дж. Гелбрейт индустриялдық жүйені, корпорацияларды, басқару мәселелерін монополия ішіндегі басқарумен қоғамды басқаруды, мемлекеттің рөлін, экономикалық саясаттың сұрақтарымен капиталистік жүйенің шаруашылық механизмін зерттеді.
Капиталистік мемлекеттердің барлық экономикалық жүйесін Дж. Гелбрейт екі сектордың-жоспарлық және нарықтық жиынтығы ретінде қарастырды. Біріншісіне ол «жетілген корпорацияларды» кіргізді. Олар жаңа технологияны пайдаланып бағаны белгілейді, қоғаммен үкімет алдында әкімділік жүргізеді. Мұндай корпорация ұйымы индустриалды қоғамның негізі(стержні).
Гелбрейдтің ойынша жетілген корпорацияларда билік және басқару меншік иесінен техноқұрылымға (инженрелер, менеджерге) ауысады.
Екінші жүйеде – нарықта – қоғамның әлеуметтік, рухтық және экономикалық мақсаттары біріктірілген. Оған шағын бизнес қол өнері қызметін көрсету сферасы жатады.
Дж. Гелбрейттің кейбір көз қарастары өзгерді. 70-шы жылдарда дағдарыс Дж. Гелбрейтке оның жоспарлау жүйесін мемлекеттің реттеуінсіз жеткілікті және тұрақты еместігіне көрсетті. Оның ойынша жетілген корпорациялар мен техноқұрылымының билігін шектеу қажет деді. Нақты күш, оның ойынша – бұл мемлекет. Дж. Гелбрейт «үлкен» корпорациялар мен басқару революциясы капиталистік өндірістің көп бөлігін бюрократизацияға әкелгенін көрсетті. Осының нәтижесінде әлеуметтік теңсіздік және қоғамның жіктелуі «артероксерозі» пайда болды. Бұл жағдайдан шығу үшін Дж. Гелбрейт мемлекеттің реттеу рөлін күшейту керек дейді. Осыған орай ол монитористердің көз қарастарынан бас тартты «қаржы –ақша» саясатының орнына финансы – бюджеттік саясатты қолдады.
40. П.Прудонның экономикалық ілімі. Пьер – Жозеф Прудон (1809-1865 жж) капитализм қалыптасу кезеңіндегі ұсақ буржуазиялық саяси экономияның идеологы. «Меншікті теріс мақсатта пайдалану қоғамдағы кәсіпкерлер арасындағы теңдіктің бұзылуының басты себебі болып саналады» – деді ол. Сондықтан да ол «Меншік дегеніміз не?», «Экономикалық қарама қайшылықтар жүйесі немесе кедейлік философиясы» деген еңбектерінде жеке меншікке қарсы шықпастан, ірі өнеркәсіп орындары, темір жол көліктері жұмысшылар мен қызметкерлер ассоциацияларының қолына өтуін ұсынды.
Прудон, ұсақ меншік иелерінің акционерлік кәсіпорындарын құру мақсатымен тауар өндірушілерге «жұмыс квитанцияларын» беретін халық банкесін құру жолымен айырбасты қайта құру жобасын алға жылжытты. Прудонның жоспары бойынша «жұмыс ақшасын» енгізу арқылы нақты ақшаны жойып еңбексіз табыстарды, капитал мен қанауды жою мүмкіндіктерін көрсетті. Прудоның мұндай қате пікірлері оның капиталдың негізі пайдамен және пайызды түсінбеуінен болды.
Прудон өнеркәсіп капиталистерінің пайдасын олардың еңбекақысының өзіндік түрі деп, ал капиталды ақшаның бір түр деп түсіндірді. Ол қосымша құнды сіңірудің бірден бір формасы пайыз деп санады, ал қанаудың экономикалық негізін пайыздың өмір сүруінен деп санады. Осы жерде оның идеясы – айырбас (халық) банкесін ұйымдастыру арқылы, ұсақ тауар өндірушілер мен жұмыскерлерге «несиені сыйға беру» деген ұсыныс шығарды. Осылай Прудон ақшасыз, капиталсыз және пайызсыз тауарлы-ақша шаруашылығын сақтауды ұсынды.
Прудонның әдістерінің (методтарын) қателігі мынада: ол экономикалық құбылыстарды заңдық көзқарас тұрғымен түсіндірді, ал мемлекет заңдарынан туындайтын «бұйрықтарды» кез келген өзгерте алады деді. Прудон ұсақ жеке меншікті мәңгілік етуді армандады.
41. Р. Коуз теоремасы. 1986 жылы институционалдық зерттеулердің танудың ерекше жылы болды. Осы жылы американдық экономист Дж. Бьюкеннен, «Қоғамдық таңдау теориясын» қалаушы, Нобель сыйлығына ие болды. Сонан кейін 1991 жылы, Р. Коуз, 1993 жылы Д. Корт Нобель лауреаттары атанды.
Рональд Коуз, институционалистік әдістемені пайдалана отырып, фирмалардың пайда болу себебін анықтауды мақсат етті. Фирманың ішкі қызметі, нарықтық негіздерде өтпейді – мұнда тікелей басқару шеңбері бойынша берілетін бұйрықтар мен олардың орындалуыың рөлі орасаң зор. Сонымен бірге фирманың тыс қызметі еркін нарықтық бағаны ескере отырып, нарықтық принциптерді жүзеге асырады. Неліктен фирманың ішкі түрлі буындары арасында нарықтың қатынастар қалыптаса алмайды. Коуздың зерттеулері мынаны көрсетеді, егер барлық қарым-қатынастар нарықтық негіздерде құралса, онда трансакциялық шығындар күрт көтеріледі. Егер тікелей директивалық басқару трансакциялық шығындарды үнемдейтін болса, онда жаңа фирма пайда болады. Бірақ бүкіл ұлттық экономиканы бір фирма түрінде ұсыну мүмкін емес, өйткені ірі ұтымды бір орталықтан басқару да шығындардың өсуіне әкеліп соғады, басқаруды қыйындатады. Сондықта кәсіпорынның едәуір өсуіне оның оптималды көлемін анықтаудың қажеттігі туындайды, мұнда нарықтық үйлестіру шығындары орталықтандырылған бақылау шығындарына тең болуы керек.
42. Адам капиталы концепциясы: пайда болуы, даму. Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар басымдықтарға адам капиталын дамыту мәселесі жатады. Адам капиталы - инвестициялар нəтижесінде қалыптасқан жəне адамның жинақтаған денсаулығының, білімінің, еңбек дағдысының, қабілеттер, ынталарының запасы. Бұлар саналы түрде қоғамдық ұдайы өндірістің белгілі саласында қолданылады, еңбек өнімділігі мен өдіріс тиімділігінің өсуіне көмек береді, сөйтіп адамның жалақысының өсуіне жол ашады. Адам капиталы теориясының пайда болуы жəне дамуы қоғамдағы ғылыми-техникалық жəне информациялық революция кезінде орын алып отырған күрделі өзгерістермен байланысты. Осы кезеңде адам, оның ғылыми-білімдік әлеуеті əлеуметтік жəне экономикалық дамуда шешуші факторға айналып отыр . Осы замандағы əлемдік экономикалық ғылымда кең пайдаланылады жəне ол нарықтың шаруашылық теориясы мен практикасында өзекті орын алады. Адам капиталы теориясының кейбір (еңбекті бағалау жəне адамның өндірушілік қабілеттері) мəселелері осыдан көп бұрын саяси-экономия классиктері еңбектерінде шешілген еді. Бүгінгі түріндегі адам капиталы теориясының қалыптасуына ат салысқан экономисттер мыналар: Г.Беккер, У.Боуэн, Б.Вейзброд, Э.Денисон, Дж.Кендрик, Дж.Миндсер, Г.Псахаропулос, Л.Туроу, Н.Фишер, Т.Шульц жəне т.б. 1992 жылы адам капиталы туралы еңбектері үшін американдық экономист Г.Беккер экономика бағытынан Нобель сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Адам капиталы деп əдетте адамның еңбек өнімділігінің өсуіне жəне табыстарының көбеюіне ат салысатын, адамға тəн денсаулық, білімдер,дағдылар, қабілеттер, мотивациялар запасы түсіндіріледі. Мақсатты түрде жасалатын жəне адамның болошақ ақшалай табысын белгілейтін шығындардың барлық түрі «Адам капиталына жасалынған инвестициялар» деп аталады. Осыған жататындар: денсаулықты сақтауға,білім алуға жұмсалған шығындар, жұмыс іздеумен, өндірісте мамандық дайындықпен, баланың тууы жəне оның тəрбиелеумен байланысты шығындар. Пайда болашақта күтілітін жоғары табыстар, беделді жұмысқа тұру, əлеуметтік статустың жоғарылау бейнесінде болады. Республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы сипатына тоқталып, талдау кезінде пайда болған пікір соңғы жылдары Республикада жалпы экономикалық өсу үрдісі пайда болғандығын дәлелдейді. және экономикалық өсу еңбек әлеуетіне, кәсіпорындағы басқаруға, жоспарлауға деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін арттыра түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы [2]. Нарықтық экономика жағдайында ең бір ауыр және жауапты шаралардың бірі тұрғын халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық экономикаға жолына баяғыда түскен, экономикасы озық дамыған елдерде әлеуметтік қорғау қағидалары және әдістері 19-20 ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасты. Жеке адамның экономикалық тұрғыдан қажетті жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға тиіс, бұл өз кезегінде қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету тетіктерін жасауды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, корпорациялардың қаражылары тартылады. Жалпы, адам капиталын пайдаланғанда үш факторға айрықша мән беріледі. Оның біріншісі – жұмыс істеуі, екіншісі – өнімді іс атқаруы, үшінші – бәсекеге қабілеттілігі. Адам капиталы – жеке бір адамның ғана емес, қоғамның азығы. Адам капиталының бірнеше өлшемдері бар екендігі ақиқат. Олардың қатарына демографиялық, әлеуметтік, құқықтық, отбасылық жағдайларды жатқызуға болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кейiнгi Жолдауы бойынша, Қазақстандағы адами капиталдың сапалы өсуiне әсер ететiн екi негiзгi фактор бар. Олар: бiлiм беру және денсаулық.