Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EIT_rettelgen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
255.22 Кб
Скачать

18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.

Милль Джон Стюарт (1806 - 1873 жылдары) - ағылшын экономисі, философ, тарихшы және ойшыл, саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі. Англияда Конт позитивизмінің әдіснамалық идеясын насихаттады, оны сынады, қайтадан ой елегінен өткізді. Милль Джон Стюартдің эмпирикалық психологизмі - әлеуметтанудың да, логиканың да басты мәселелерінің бірі, ол психологияның ойлау техникасын зерттейтін тармағы ретінде ғана танылады. Өзінің "Огюст Конт және позитивизм" атты мақаласында ол француз философиясының зерттеу әдісін ойлап тауып, нәтижелерге ие болса да, осы әдістің шынайылығын дәлелдеу шартына назар аудармағанын атап көрсетеді. Өйткені, тәжірибеден біз дәйекті жүйелілікті және бір қатарға қоюды ғана табамыз. Алайда тәжірибе себеп-салдарлық байланыс пен жағдайлардың бір-бірімен сәйкес келуі арасындағы айырмашылықты айтпайды. Бұл, әсіресе, қоғамды зерттеу барысында заңдылықтарды, әсіресе прогресс заңдарын анықтауды қиындататын көптеген факторлар қолданылған кезде айқын байқалады. Нақ осында заңдарды орнықтыру әдістерінің және тиісінше фактілерді тұжырымдау рөлінің мәселелері неғұрлым өткір қойылады. М. Конттың осы жөніндегі көзқарастарын жинақтайды. Әңгіме адам психикасының құрылымынан алынған немесе дәуір терминімен айтқанда адам табиғатының заңдарынан алынған әлеуметтік заңдар дедукциясының мүмкіндіктері туралы болып отыр. Милльдің әлеуметтану үшін аса маңызды болған еңбегі "Силлогистік және индукциялық логиканың жүйесі" деп аталады. Бұл еңбекте әлеуметтану үшін маңызды төрт әдіс берілген:

Ұқсастық әдісі: егер қайсыбір құбылысты зерттеу барысындағы бірнеше жағдайларда бір ғана ортақ мән-жай табылатын болса, онда ол осы құбылыстың себебі (немесе салдары) болып табылады.

Өзгешелік әдісі: егер осы құбылыс болған және болмаған жағдайларда біреуінен басқасының бәрі бірдей болса, онда соңғысы осы құбылыстың себебі (не салдары) болып табылады.

Қалдықтар әдісі: құбылыстан бұрынғы индукцияларда белгілі болған себептер алынып тасталады. Сонда қалған факті қалған себептің салдары болып табылады.

ілеспе өзгерістер әдісі: құбылыс әрдайым басқа құбылыстың белгілі бір өзгеруі барысында осы соңғы құбылыспен себептік байланыспен сабақтасқан кезде өзгеріп отырады.

Халықаралық құн теориясы. Стюарт Милль өзінің «Саяси экономияның принциптері» (1848 ж) атты еңбегінде айырбас қандай баға арқылы жүзеге асырылатынын анықтады.

С.Милльдің пікірінше, айырбас бағасы әрбір елдің экспортының жиынтығы оның импортының жиынтығын төлеуге мүмкіндік беретін деңгейдегі сұраныс пен ұсыныс заңы бойынша белгіленеді.

Әрбір елдің экспорты мен импорты нақты және құндық көрсеткіштер бойынша есептеледі. Құндық көрсеткіштер ұлттық валютамен есептеледі және халықаралық салыстырулар үшін АҚШ долларына айналдырылады. Халқықаралық салыстырулар жүргізу мақсатында экспорт FOB бағасымен, ал импорт CIF бағасымен есептеледі.

Халықаралық сауда-саттықтың құрылымы негізінен екі түрлі бағытта қарастырылады:

географиялық бөлінуі тұрғысынан (географиялық құрылым);

тауарлық толығулар тұрғысынан (тауарлық құрылым).

Қазіргі кезде әлемдік сауданың құрылымында сауданың классикалық теориялары шеңберінде түсіндірілмейтін өзгерістер болуда. Бұл құбылыстар классикалық теорияларды жетілдіруге немесе жаңа теориялар жасақтауға ықпал етті.

Дж.С. Милльдің индуктивті ой қорыту теориясы ықтималдық теориясы мен Логика алгебрасының қалыптасуына байланысты 19 — 20 ғ-ларда Логиканың зерттеу саласына айналды. Бұл кезеңде индуктивтік Логикамен дедуктивтік-математика Логика дамыды. Дж.Буль, О де Морган және неміс математиктері Э.Шредер,П.С. Порец, т.б. математика әдістерді Логикаға қолданудың нәтижесінде осы заманғы Логика алгебрасы қалыптасты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]