
- •1.«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
- •2.Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
- •4.Классикалық политэкономияның қалыптасуы.
- •Xviiі ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.
- •5.У.Петтидің экономикалық көзқарастары.
- •6. П.Буагильбердің экономикалық көзқарастары.
- •7. Физиократтардың экономикалық ілімі.
- •8. Меркантилизм дамуының екі кезеңі.
- •9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
- •10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».
- •2.2 Млрд. Ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры
- •12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
- •13. А.Смит: құн туралы көзқарастары.
- •14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
- •15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері.
- •16. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
- •17. Т.Мальтус: халық қоныстану заңы және "үшінші тұлғалар" ілімі.
- •18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.
- •19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.
- •20. К.Маркстің экономикалық көзқарастары.
- •31. В. Парето оптимумы.
- •43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
- •48. Л.Мизес және ф.Хайектің экоиомикалык көзқарастары
- •50.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.
- •52. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы.
- •54. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.
- •54.Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері
- •57. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы
14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
Давид Рикардо (1772-1823 жж) - өнеркәсіп төңкерісі дәуірінің экономисі, Англиядағы классикалық саяси экономияны жасауды аяқтаушы А. Смиттің экономикалық теориясын жалғастырып, оның кейбір кемістіктерін түзетуші.
Д. Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның зерттеу методологиясында.
Оның бірінші еңбегі ақша айналымы мен валютаға арналды. Оның басты еңбегі – «Саяси экономияның бастаулары және салық салу» (1817 ж), 32- тараудан тұрады, онда экономия теориясын зерттеудің негізгі методологиялық үлгілері берілген. Экономист – саясаткер ретінде оның Ұлыбританияға астық әкелуге тыйым салу заңына қарсы шығуы, бұл заңнан соң жер рентасы бағасының өсуіне және өнеркәсіп пайдасың төмендеуіне әкеліп соққан болатын.
Рикардо, саяси экономия пәні деп, қоғамдағы таптарды құрайтын, адамдардың экономикалық қатынастары деді. Оның алға қойған басты міндеті – еңбекақы, пайда және жер рентасы формасындағы негізгі таптар арасындағы ұлттық табысты бөлу негізіне жататын заңдарды зерттеу болып саналды. Абстракциялы ғылыми әдісті қолдана отырып Рикардо, капиталистік шаруашылықты ең ортақ реттеуші принципі ретінде еңбек құны заңын жасады және ол саяси экономияның бастапқы ережелерінің бірі болып саналды.
Давид Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның экономия теориясын зерттеудегі үлгілік (моделдік) методологиясынан тұрады.
Д. Рикардо идеясына сәйкес саяси экономияның басты міндеті
Рикардо экономикада объективті және стихиялы, бірақ танымдық заңдар әрекет етеді деп санады. Олардың танымдық әрекеттерімен қатар ол қоғамдағы өндіріс күштерінің өсуіне әсер етуші экономикалық саясатты жасау саяси экономияның міндеті деп санады (3 үлгіні қараңыз).
Рикардоның экономикалық көзқарастары
Еңбек құны теориясында Д. Рикардо мынандай анықтамалар берді;
тұтыну және айырбас құндарында айырбас құны жұмсалған еңбекпен, сондай-ақ жұмсалған капиталдың көлемі және уақытының ұзақтығымен анықталады;
қысқа мерзімдік кезеңдегі тауар бағасы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады, ал ұзақ мерзімдік кезеңде – өндіріс шығындарымен анықталады;
жұмысшылардың еңбекақысының өсуі тауарға деген бағаның өзгеруіне емес, кәсіпкердің пайдасының өзгеруіне әкеледі;
тауар ретінде ақша құнының төмендеуі еңбекақының және тауарлар бағасының өсуіне әкеледі.
15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері.
Д. Рикардо еңбекақы туралы ілімінде, жалдамалы жұмыскердің табысы, оның еңбегі үшін төленген ақы деп анықтады:
жұмыс қолының ұсынысы неғұрлым көп болса, солғұрлым жұмысшының еңбек ақысы төмен яғни керісінше;
еңбекақының «темір заңы» бойынша, енбекақыны ең төменгі күн көру деңгейінде ұстау халық санының табиғат заңымен негізделген, яғни еңбекақыны көтерген жағдайда туу көрсеткішті өсіп, еңбек рыногында ұсыныс өседі.
Экономиканың жалпы өсуіне қарамастан, ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуімен байланысты жұмысшы табының жағдайы нашарлай түседі. Еңбекақының төмендеу үрдісі тек қана мемлекет тарапынан бақылау орнатылған кезде ғана тоқтауы мүмкін.
Рикардо пайданы былайша белгіледі:
еңбек ақыдан құнның артық болуы;
жұмысшыға төленбеген еңбегінің бөлімі;
пайданың көбею тәсілі – еңбек өнімділігінің өсуі;
ауылшаруашылық өндірісіндегі еңбек өнімділігінің төмендеуі тамақ өнімдері бағасының өсуіне және еңбекақының ең төменгі мөлшеріне әкеледі, одан әрі, пайда нормасы төмендеп, «пайда нормасының төмендеу» заңы әрекетін бастайды.
Рента алуды негізі етіп Рикардо жерге деген меншікті анықтады. Жердің құнарлылығы, ондағы өнімдерді өткізу үшін рынокқа жақын орналасуы, рентаны құрушы факторлар деді. Дифференциалды рентаны ең жақсы және ең нашар жерлердегі ауылшаруашылық өнімдері құнының арасындағы айырмашылығы деді. «Жердің құнарлылығынан айырылу» заңын мойындап, рентаны «жердің әр түрлі құнарлылығы мен орналасу есебінен құралатын орта пайдадан жоғары артық құн»деп анықтады.
Д. Рикардо рента (таза өнім) табиғаттың сыйы деген физиократтардың заңсыз (қисық) көзқарастарын, сондай – ақ егіншіліктен алынатын табыс табиғатқа байланысты деген Смиттің қателігін көрсетті. Табиғат рентаны жасауға қатыспайды және баға деңгейін анықтамайды деп дәлелдеді Рикардо. Рентаның көзі жердің құнарлылығы емес, ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі деді. Ауылшаруашылық өнімдерінің құны нашар жерге жұмсалған еңбек шығындарымен анықталады. Бұл - реттеуші баға. Жақсы және нашар жерлерден алынатын бірдей сападағы өнімдер осы баға бойынша сатылады. Тек қана өте құнарлы жерлерде ғана артық өнімдер пайда болып жер иелерінің нарықтық пайдасының көзін құрайды.
Нашар жерлердің иелері рента ала алмайды, бұл жерлердегі өндіріс бағасы шығындармен сәйкес келеді. Рента – өндіріс факторынын ақысы (бұл тегін өзіндік еңбексіз алынған табыс). Жердің меншік иесі болмаса, онда рентаны фермер алады.