
- •1.«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
- •2.Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
- •4.Классикалық политэкономияның қалыптасуы.
- •Xviiі ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы Англиядағы экономикалық жағдай.
- •5.У.Петтидің экономикалық көзқарастары.
- •6. П.Буагильбердің экономикалық көзқарастары.
- •7. Физиократтардың экономикалық ілімі.
- •8. Меркантилизм дамуының екі кезеңі.
- •9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
- •10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».
- •2.2 Млрд. Ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын фермерлердің тұқымдық қоры
- •12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
- •13. А.Смит: құн туралы көзқарастары.
- •14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
- •15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері.
- •16. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
- •17. Т.Мальтус: халық қоныстану заңы және "үшінші тұлғалар" ілімі.
- •18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.
- •19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.
- •20. К.Маркстің экономикалық көзқарастары.
- •31. В. Парето оптимумы.
- •43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
- •48. Л.Мизес және ф.Хайектің экоиомикалык көзқарастары
- •50.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері.
- •52. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы.
- •54. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.
- •54.Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері
- •57. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы
«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
Меркантилизмнің пайда болуы және эволюциясы.
Классикалық политэкономияның қалыптасуы.
У.Петтидің экономикалық көзқарастары.
П.Буагильбердің экономикалық көзқарастары.
Физиократтардың экономикалық ілімі. 8.Меркантилизм дамуының екі кезеңі.
9. Ф.Кенэ: таза өнім, өнімді және өнімсіз еңбек, таптар, капитал ілімі.
10. Ф. Кенэ: «экономикалық кесте».
11.Физиократтық ілімнің А.Тюрго еңбектерінде дамытылуы.
12. А.Смиттің экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі.
13.А.Смит: құн туралы көзқарастары.
14. Д.Рикардоның экономикалық көзқарастары және зерттеу әдістемесі
15. Д.Рикардоның пайда, жер рентасы, жалақы туралы ілімдері
16. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теорияс.
17. Т.Мальтус: халық қоныстану заңы және "үшінші тұлғалар" ілімі.
18. Дж.С. Милльдің экономикалық көзқарастары.
19. Ж.Б.Сэй: үш факторлы өндіріс және рынок заңы ілімі.
20.К.Маркстің экономикалық көзқарастары.
21. К. Маркстің «Капитал» еңбегінің құрылымы.
22. Ф.Лист және «ұлттық экономика».
23. Тарихи мектеп: әдістемесі және даму кезеңдері.
24. Маржинализмнің пайда болуы және мәні.
25. Шекті талдау мектебінің негіздері.
26. Австриялык мектептің теориялық негіздері және зерттеу әдістері.
27. К. Менгердің шекті пайдалылық теориясы.
28. Бем-Баверктің құндылық, капитал және пайыз теориясы.
29. Шекті пайдалылық концепциясының ағылшындық үлгісі. У.Джевонстың зерттеу әдістемесі.
30. Л.Вальрастың жалпы экономикалық тепе-теңдік концепциясы.
31. В. Парето оптимумы.
32. А.Маршалл: сұраныс пен ұсыныс теориясы.
33. Дж.Б.Кларк: статистика мен динамика концепциясы.
34. А.Пигу- «экономикалық әл-ауқаттылық теориясы»
35. Т.Вебленнің әлеуметтік-психологиялық мектебі.
36.Дж.Коммонс әлеуметтік-құқықтық институционализм негіздері. 37.У.Митчеллдің нарықтық-статистикалық институционализмі.
38. Дж. Гэлбрейттің экономикалық теориясы.
39. Қазіргі неоинституционализмнің әдістемелік ерекшеліктері.
40. П.Прудонның экономикалық ілімі.
41. Р. Коуз теоремасы.
42. Адам капиталы концепциясы: пайда болуы, дамуы.
43. Дж.М.Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясы.
44. Дж.М. Кейнс экономиканы мемлекеттік реттеу туралы.
45. Э.Хансеннің экономикалық циклдар теориясы.
46. Р.Харродтың экономикалық өсу теориясы.
47. Германиядағы неолиберализм: В.Ойкен, В. Репке, Л.Эрхард.
48. Л.Мизес және Ф.Хайектің экономикалык көзқарастары
49. Монетаризм: экономикалық саясаттың мақсаттары және құралдары.
50.Америкалық институционализм: зерттеу пәні және методологиялық ерекшеліктері
51.П.Самуэльсон: «неоклассикалық синтез»
53. Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы
54. Дж.Робинсонның жетілмеген бәсеке туралы экономикалық теориясы
54. «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің экономикалық ой-пікірлері.
55. Кеңестік дәуірдегі қазақстандық экономика ғылымының ерекшеліктері.
56. Әбу Насыр әл-Фараби(870-950), Бируни(973-1048), Ибин Сина (980-1037) экономикалық көзқарастары
57. Қазақстанның нарық қатынастарына өту кезіндегі экономикалық ілімнің дамуы
58. Қазақстанда нарықтық қатынастарды дамыту туралы ( ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары негізінде)
59. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиясы
60. Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариннің экономикалық ой-пікірлері.
1.«Экономикалық ілімдер тарихы» зерттеу пәні және әдісі.
Қоғамдық өндірістің қалыптасуы мен даму тарихын, сондай ақ адамзат қоғамының даму эволюциясының барысындағы экономикалық тұжырымдамалардың (идеялар мен ой, пікірі, көзқарастар) пайда болу, даму кезеңі мен алмасуының тарихи процесін зерттеу экономикалық ілімдер тарихының пәні болып саналады. Экономикалық ілімдер тарихы экономикалық процестерге деген көзқарастар эволюциясын, экономикалық теориялар мен мектептердің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді, оларға талдау жасайды, аса көрнекті экономистердің көзқарастарын жүйеге келтіріп және оны ашып береді.
Экономикалық ілімдер тарихы экономика ғылымының даму эволюциясының жалпы бағыттаушылығын, оның басты бағыттарының трансформациялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен, экономикалық саясаттың өзара байланусын түсінуге көмектеседі. Экономика ғылымдарының күрделі жүйесінде “Экономикалық ілімдер тарихы”оның әрбір түрінің жетістіктерін теориялық түрде ой елегінен өткізіп, оны қорытуда үлкен маңызды орын алды. “Экономикалық ілімдер тарихы” әдістері:
1)Жинақталған және өзара байланысты факторлар байланысы қоғамның ішкі логикасының экономикалық дамуының негізгі қарама-қайшылықтарын анықтайды және топтар мен таптар мүдделерінің қақтығысу бағыттарын зерттейді. Күрделігіне және қымбаттығына қарамастан, тұтастай экономикалық жүйенің және оның жекелей алғанда құрамды бөліктерінің тәртібін салыстырып және эксперименттік әдісті пайдалану экономикалық ілімдер тарихының зерттеу тәсілінің бірінші негізгі әдісі болып саналады.
2)Болжамның (гипотетиканың) екінші әдісі – микро және макроэкономикадағы жекелеген экономикалық процестер мен құбылыстардың талдауымен болжамдардың үйлесімдігін тексеру және оны алға жылжытуға негізделген дидуктивті әдіс.
3)Үшінші статистикалық – уақытша талдау әдісі – кейбір түбегейлі, ережелері бірыңғай, жаппай экономикалық құбылыстар мен объектілерді жиынтық түрде зерттеу.
4)Төртінші, тарихи – моралдық келіс – тарихи контексте қызметтік (функционалдық) тұрғыда қайталанатын, зерттелетін, үлгілер (моделдер) түріндегі экономикалық процесстермен танысу.
5)Бесінші, математикалық белгілер мен символдардың (айшықты белгілердің) көмегі мен экономкакалық құбылыстарды математикалық сипаттаудың әдісі.
6)Алтыншы, абстракциялау әдісі – экономикалық құбылыстарды зерттеу негізінде кездейсоқ құбылыстарды жоққа шығару.
2.Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлер эволюциясы.
Ежелгі әлемде экономикалық пайымдаулар ойшылардың еңбектерінде айтылды, ал жазбаларда, трактаттарда шаруашылықты жүргізу әдістері мен ұйымдастыру бойынша тәжиребелік ұсыныстар мен кеңестер жазылды. Алғашқы экономикалық трактаттардан Ертедегі Шығыста натуралды өндіріспен қатар тауарлы және ақша – несие қатынастарының жеткілікті түрде дамығандығын көруге болады. Моисейдің Библиясының өзінде – ақ Т-А-Т формасы бойынша қалыпты тауар - ақша қатынастары сипатталады. Ақша түрінде күміс қатысты, оған құлдарды, жерді, нанды және басқа тауарларды сатып алды.
Жаңа Вавилон патшалығындағы (VII-VI б.д.д. жылдар) құжаттарда жалгерлік контрактылар, көпес қол хаттары, жүк құжаттары, сонымен бірге сол уақыттағы бухгалтерлік есептер, векселдер кездеседі. Сол дәуірде монеттер болмаса да құндылығын салмағымен өлшенетін, олардың рөлін күміс құймалар атқарды. Отты, дөңгелекті және банкті бейнелеуде айтылған үш жаңалық – адамзаттың ұлы жасампаздығы болып саналады.
Жаңа Вавилон – патшалығының өзінде, барлық банк операциялары жүргізілген; салымдар қабылдаған, несиелер берген, вексельдердің есебін, чектерді төлеуді жүзеге асырылған, аударымдар арқылы есеп айрысуды жүргізген, яғни нағыз банктер, “іскер үйлер” өмір сүрген.
Ертедегі Қытайдың (конфуциализм, легизм, даосизм) негізгі қоғамдық ойлары біздің дәуірімізге дейінгі VI-III ғасырларда ресімделеді. Конфуций немесе Кун-Цзы (біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 497 ж.) конфуциандық бағыттың негізін қалады. Оның басты еңбегі “Лунь-юй” – “Әңгімелесулер мен пайымдаулар” жинағы. Қытайдың әлеуметтік – экономикалық құрылысын тұрақтандыру үшін, Конфуций адамды моральдық жетілдіру бағдарламасын ұсынды. Үлкендерге құрмет көрсету, оларға еш уақытта қарсы шықпау, Ұлы ойшының басты моральдық (адамгершілік) қасиеттері еді. Ол перзенттік парызын өтеу және ағайындармен дос болу – мемлекетті басқару дегеніміз осы деп үйретті, Мемлекетті үлкен үй, ал басқарушыны “халық әкесі” ретінде санады Байлықты неғұрлым теңдеп бөлуді, салықтарды жеңілдетуді ұсынды жалпы аграрлық реформаны жүргізді, қоғамдық мүдделерге шешу жолын, қауымдық жерге жеке белгілер жоспарын ұсынды.
Аса ірі конфуцианистер Мэн – Цзы мен, Сюнь – Цзы дің негізгі пікірлері- мемлекетті экономикалық күшейту саясаты: шығыстарды үнемдеу принципі; халықтың бәрін жеткілікті түрде қамтамасыз ету мен қор жинау саясаты болды.
“Артхашастра” трактаты – Ертедегі Индияның (сөзбе- сөз айтқанда – “өмірге іс жүзінде пайда келтіру туралы ғылым”) қоғамдық ойларының аса ірі ескерткіші, бұл мемлекетті басқару мәселелері бойынша өсиеттердің жинағы. Патша Чандрагунттың кеңесшісі - Кауталье, трактаттың авторы болып саналады. “Артхашастра” – елдің шаруашылық өмірінде ертедегі Индия мемлекетінің рөлін көрсетеді. Трактатта, айқын салық және саяси жүйесі бар ең жақсы мемлекет сипатталады. Материалдық өндірістің жетекші аясы – ауыл шаруашылығы, әсіресе егіншілік, мемлекеттің қарауындағы суландыру (арық) құрылыстары ерекше көрсетілген. Мемлекет, өнеркәсіптің дамуын, сауданы, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға тиісті болды. Трактат авторының пікір бойынша шығыстар мен кірістердің қатаң құжаттық есебін жүргізу, тіпті, шиновниктердің қазынаға қолсұғушылығын тоқтату мәселері қаралған.
Ежелгі Грецияның қоғамдық экономикалық өмірінің бүкіл аясын қамтылған, өндірістің құлиеленушілік тәсілінің генезисі, гүлденуі және дағдарысы кезеңіндегі экономикалық проблемалар Грецияның ұлы ойшыларының экономикалық еңбектерінде көрініс тапты.
Ежелгі Грецияның экономикалық ойларының негізгі өкілдері болып саналады.
Ксенофонт – Афина аристократиясының өкілі, аграрлық Спартаның саясы және экономикалық құрылысын идеяландырды. Ірі құлиеленушілік ауыл шаруашылығының өкілі ретінде, ол “Экономикос” (“Домосторой”) деп аталатын өзінің трактатында егіншіліктің артықшылығын мадақтап қолөнершілікпен және саудамен айналысушылықты айыптайды. Дегенмен, ол оған қарамай, ақшаны ссудалық растовщиктік капитал түрінде мойындап айырбас құралы және қазына құрау құралы ретінде ақшаға құрметпен қарады.
Тауардың тұтыну құнын, сол сияқты айырбас (меновая) құнның қарау, Ксенофонттың айрықша еңбегі, яғни ол тауардың қосарлы қасиеті туралы мәселені алғашқы қоюшылардың бірі болды. Соған қарамастан, ол нарықтық қатынастарға қарсы болды, бірақ еңбек қатынастарының бөлініс маңызын жақсы түсінді (ақылмен де, денемен де, сезіммен де), сондықтан нарыққа қатысушы адамдарды, ол құлдар және еркін азаматтар деп бөлді. Ксенофонттың сол кезде айтқан жалпы идеялары 2200 жылдан кейін капитализм дәуірінде ұсақ түйегінде дейін әзер қаралып дамыды деп айтуға болады.
Тауар айналымын қарастыра отырып, Платон нарықтық адамдардың еріксіз бөлнетінін (еңбек бөлінісінің күшімен) көрсетті, дегенмен бір мезгілде олар, біртұтас қоғаммен байланысты үш сословия дан: философтардан – қоғамды басқарушылардан; сақшы - әскерлер – қорғаушылардан және дихандардан, қолөнершілерден, саудагерлерден тұратынын көрсетті. Алғашқы екеуі жоғарғы сословия, ал үшінші – жоғарғы сословия – элитаны құлдармен бірге асырағандар. Ал құлдар ешқандай сословияға жатпаған.
Платонның ойынша ең жақсы қоғамда, элиталық қауымдастыққа бірікпеген, тек қана еркін азаматтар ғана мемлекеттен алған үйге, жерге ие бола алады. Осыған орай мемлекет азаматтарының біреуінің байлығы екіншісінің байлығынан 4 еседен асып кетпеу үшін оларың мүлік теңділігін сақтауды қатаң қадағалаулықты ұсынды.
Платонның негізгі идеясы бойынша ең жақсы қоғам: әділеттілікті сақтау; қайырымды іс жасау, кемеңгерлік батылдық, элита үшін жеке меншікті жою, некелесуді мемлекеттік реттеу, ата – анасын білмейтіндей етіп балаларды қоғамдық тәрбиелеу және т.б.
Ежелгі Грециядағы экономикалық ойлардың дамуы ұлы оқымысты Аристотельдің “Никомахова” және “Саясат” т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Ол өзінің экономикалық ілімдерінде құлдық табиғи заң деп және ол әрқашанда өндірістің алғы шарты, негізі деді. Адамдарды еркін және құлдарға бөлінуін ол табиғат заңдарымен түсіндірді, яғни “құлдар тірі құралдар”- деді.
Ірі жериенушілер, Рим ғалымдары, агрономдар Варрон.) және Коллумелла “Ауыл шаруашылығы туралы” деген өздерінің еңбектерінде (олардың шығармалары осылай деп аталды) құлиеленуші ауыл шаруашылығының артықшылығының негізі деді. Варрон өзінің трактаттында құлиеленушілік шаруашылықтың құлдыраған дағдыры туралы дабыл қақты.
Ол бай құлиеленуші римдіктер “қалаларға қоныстап”, қолдары мен далбаларында жүзбақшаларын өсірудің орнына театрларға барып, еңбектен қашып, шаруашылықты басқару жұмыстарын меңгерушілерге беретіндігін, сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығын теңеуге қарсылығын білдірді. Өйткені, оның сөзі бойынша “қандай бір жағдайда іргетас – мал болып саналды”. Ол құлдарды ауылшаруашылық құралдарының үш түрінің біріне жатқызды – сөйлеушіге, ал құралдардың қалған екі түрі – бұл мылқаулар (қару сайман) және дыбыс шығарушылар (жұмыс малы).
3.Меркантилизмнің пайда болуы және эволюциясы. “Меркантилизм” ұғымы латын сөзінен mercari (сату)дегеннен шыққан. Оның пайда болуы Ұлы географиялық ашылумен, “алғашқы капитал жинақтау” шарттарын жылдамдату, жаңа типті шаруашылық субъект-кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлердің пайда болумен тығыз байланысты.Европалық меркантилистер өкілдері негізінен көпестер, өндірушілер, әскерилер, авантюристер болды. Дегенмен олар алғашқы ірі буржуазиялық жағдайдың негізі-сауда, несие және соғыстар арқылы пайдаға ие болу сияқты әдістерін нақты анықтады. Байлықтың абстрактілі формасы-ақша шықты. Сол кезде экономикалық әрекет мақсатын ақшадан, алтыннан, күмістен көре білді. Адамдар “металл үшін құрбан” болды. Сол уақыттың трактаттары мен памфлеттері мемлекетте және жеке қолда ақшаны жинақтау әдістерін іздеуге арналды. Осылайша, меркантилизм, нарықтық қатынастың туу кезеңіндегі экономикалық ойлардың алғашқы мектебі ретінде теориялық-әдістемелік ерекшеліктерінің тұтас қатарын құрады. Меркантилизмнің негізгі жолдары:
үйрену пәні ретінде өндіріс аумағынан қол үзген жағдайда қарым-қатынас айналасындағы мәселелерді қарастыруды ескереді;
экономиканың барлық аясында керексіз жүйелі талдау мүмкіндігін болдырмауды және экономикалық болмыстардың сыртқы көріністерін бейнелеуге әкелетін оқып үйрену әдісі ретінде эмпиризмді қолданды;
ақшаның пайда болуын адамзаттың жасында ойлап шығаруының нәтижесі деп есептейді, ақшаны байлықпен байланыстырады;
құнның шығуын алтын мен күмістің “табиғи жаратылысына” байланысты және олардың әлемдегі мөлшерімен сипаттады;
еңбек ұсынысының көтерілуін еңбекақының жоғары емес төменгі қажетімен, байланыстырды;
экономикалық өсуді елдің ақшалай байлығының көбеюі ретінде, сыртқы сауданың мемлекеттік реттелуі және сыртқы сауданың сальдосына дұрыс қол жеткізу арқылы байланыстыра қарастырды.
Осыған орай, осы және басқа да ұстанымдар экономикалық әдебиеттегі меркантилистік мектептердің дамуының “ертедегі және кейінгі” екі кезеңін дәстүрін сипаттайды