- •1.Экономикалық теорияның даму кезңдері. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны:
- •2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні. Экономикалық теорияның функциялары.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері:
- •5.Экономикалық заңдылықтар,түрлері. Экономикалық категориялар
- •7.Экономикалық қажеттілік, игіліктер.
- •9.Экономикалық ресурстар, түрлері. Ресурстар шектеулілігі.
- •10.Өндіріс, ұдайы өндіріс.Қоғамдық өнім сатылары, мәні,нәтижелері.
- •11.Қоғамдық өндіріс құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндіріс.
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •12.Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •14.. Меншік.
- •15.Жекешелендіру. Мемлекет иелігінен алу. Жекешелендірудің тәсілдері
- •16.Жекешелендірудің түрлері,мақсаты.
- •17.Қазақстан республикасындағы жекешелендіру кезеңдері.
- •18.Экономикалық жүйелерді жіктеу негіздері. Экономиканың негізгі проблемалары
- •19.Экономикалық жүйелер турлері, мәні, артықшылықтары, кемшіліктері
- •20.Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: Натуралды және тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері. Тауар, қасиеттері.
- •21.Құн заңы. Ақшаның концепциясы металдық, номиналдық, сандық
- •23.Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның атқаратын қызметі,мысалдар
- •24.Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың пайда болуы.
- •25.Нарық инфрақұрылымы.Нарық,нарық түрлері.
- •27. Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері .
- •28.Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңдері.
- •29. Қазақстан-2030 Стратегиясының басымдықтары
- •30.Нарықтың мәні, элементтері
- •31. Бәсеке түрлері
- •2. Монополистік бәсеке нарығы.
- •Шоғырланудың бағыттары
- •36. Кәсіпкерліктің ұжымдық – құқықтық формалары , артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Бухгалтерлік шығындар Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •41. Кәсіпорын табысы мен пайдасы,түрлері.Экономикалық тиімділік.
- •42. Сұраныс. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы. Субститут, комплементар тауарлар.
- •43. Ұсыныс. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы.
- •44. Тепе-теңдік баға. Тепетеңдіктің бұзылуы.
- •45. Икемділік. Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
- •46. Тұтынушы мінезқұлқының негізгі теориялары. Пайданы максималдандырудың кардиналистік және ординалистік теориялары.
46. Тұтынушы мінезқұлқының негізгі теориялары. Пайданы максималдандырудың кардиналистік және ординалистік теориялары.
Тұтынушылардың мінез–құлқы дегеніміз қызметтерді, идеяларды және тауарларды сатып алуға, тұтынуға және олардан құтылуға, сондай–ақ шешім процестеріне тікелей бағытталған іс-әрекет.Тұтынушылардың мінез–іс әрекеті саласы білімнің салыстырмалы түрде жаңа сала болып табылады. Бұл сала алғаш рет 1960–шы жылдары зерттеліне бастады. Алайда оның теоретикалық алғышарттары ерте қалыптасты. 19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында тұтынуда және жарнамада психологиялық принциптерді пайдалану мүмкіндіктеріне зерттеулер жүргізілді.Тұтынушылар мінез–құлқының мазмұндық негізін тұтынушылардың шешім қабылдау поцесі және оны 6 анықтайтын факторлар құрайды. Тұтынушылардың шешім қабылдау процесі әдетте мына сатылардан тұрады: проблеманы сезіну, ақпараттық ізденіс, вариантты бағалау және таңдау, сатып алу, пайдалану(тұтыну) және бағалау (қанағаттанарлық сезімін сезіну). Сатып алушыға қатысты тұтынушылық мінез–құлық факторларын немесе сатып алу туралы шешімдерді шартты түрде сыртқы және ішкі деп бөледі.
47.Өндіріс факторларының табыстары .Акция дегеніміз не ,түрлері.Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:
Жалпы табыс – ТR = PxQ
Орташа табыс – АR = TR = P
Q
Шекті табыс – MR = ТR
Q
Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім. Жалпы өнім (Q) – өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін қолданғандағы өндірілген өнімнің саны.
Орташа өнім (АР) – көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
АР
=
мұнда Ғ1-өзгермелі факторлар
Шекті өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады:
Масштаб эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа шығындар мен өндірістің қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіріскенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:
Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделенген сайын, жоғары деңгейлі кәсіптік жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.
Басқару аппаратының мамандандырылуы.
Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.
Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізу қаржыландырудың артықшылығы.
Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.
Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.
Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіншілік береді. Бірақ та өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шаққандағы шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді қарқынының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңдегі өндірістің өсуі шығынға әкеледі де өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.
Фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).
Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:
Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы шектеулі деп атайды. Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана шаруашылығын жүргізеді.
Баға төмендеген жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АVС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.
Егерде баға жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС<Р), онда фирма әдеттегіден тыс артық пайда алады. Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.
Баға өскен жағдайда фирма ағымдағы шығындармен қатар барлық шығындарын жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирмадеп аталады.
Ұзақ мерзім кезінде фирма орташа шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.
Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.Акционерлік қоғамдар – бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.
Ашық акционерлік қоғам – бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы құралған кәсіпорын.
Жабық акционерлік қоғам – акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын-ала белгіленген адамдар арасында ғана бөледі.
Корпорацияның артықшылықтарына мыналар жатады:
-акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;
-басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
-корпорация қызметінің тұрақтылығы, өйткені акционерлердің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Кемшіліктері: корпорация табысының акция ұстаушыларға дивидент түрінде төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S корпорациялары (small business corporation) статусын алуға болады. Бұл кезде корпорация табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады.
48. Еңбек нарығы.Жалақы. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс.Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.
Еңбек нарығына тән қасиеттер:
жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;
жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.
Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.
Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номиналды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.
Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.
Нақты жалақы екі факторға тәуелді:
Номиналды жалақыға.
Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.
Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.
Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.
Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады, демек өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады. Қосымша жұмысшыны жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді. Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімінен түскен шектік табыс деп аталады. Шектік өнім әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандағы өнім шығару көлемінің өзгеруін көрсетеді.
Шектік өнімнен түскен табыс төленетін еңбек ақыдан жоғары болғанда ғана қосымша жұмысшыны жалдауға болады. Сондықтан жетілген бәсекелестік нарықта еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады; жалақы және шектік өнім құны. Жалақы мөлшері мен жұмыс күшіне сұраныс мөлшері арасындағы тәуелділік еңбекке сұраныс қисығын береді (график 1.1). Егер шектік өнім басқа өндіріс факторларын қолданғанға қарағанда еңбекті қолдануда жоғары болса, онда еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше.
Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты жалақы мөлшеріне байланысты, бірақ байланысы басқаша. Ұсыныс қисығы еңбек ақы өскенде еңбек ұсынысы көбейгенін көрсетеді. Ал жалақы түссе, еңбек ұсынысы да түседі (график 1.2).
Жалақы ставкасы Жалақы ставкасы
Жұмысбастылық көлемі Жұмысбастылық көлемі
график 1.1 график 1.2
Еңбекке жинақталған ұсыныс халық санымен анықталады, ондағы халықтың еңбекке жарамды бөлігі орта сағат санымен, бір жылдық істеген жұмысшы жұмысы, жұмысшының еңбек сапасы жақтарын қамтиды.
Еңбек ұсынысына әсер ететіндер:
1 Еңбекке қабілетті елдегі халықтың саны.
2 Жұмыс күшінің ұзақтығы.
3 Халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы.
Ұсыныс пен сұраныстың қиылысқан жері жалақының теңестірілген деңгейін көрсетеді. Берілген жалақы деңгейі экономикада толық жұмысбастылықты тұрақтандырады. Еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең (график 1.3).
Жалақы ставкасы
Жұмысбастылық деңгейі
график 1.3
Егер жалақы деңгейі төмен және W1 тең болса, бұл жағдай ұсыныстан көп болғаны және кәсіпорында жұмысшылар жетіспейді. Кәсіпорын жұмыс күшін ұстау мақсаты мен жалақыны көбейтеді. Сол кезде адамның көбі жұмыс алуға ұмтылады (ұсыныстың жоғарғы қозғалысы) кейде жалақының өсуі жұмыс берушілерді аз жұмысшы жалдауға мәжбүр етеді (сұраныстың төмен қозғалысы). Егер жалақы W3 деңгейіне жетсе, онда ұсыныс сұраныстан артады. Бұл жағдайда кәсіпкерлер мүмкіндігінше төменгі жалақы ұсынып, бос орынды толтырады. Төменгі жалақы кезінде жұмыс істеуге деген ынта төмендейді, демек ұсыныс азаяды. Сонымен қатар кәсіпкерлер аз жалақы мөлшерімен көп жұмысшы санын жалдай алады. Сол кезде жалақы деңгейі W2 тіреледі. Жалақының бұл деңгейі жұмысшылар тарапынан да, жұмыс берушілер тарапынан да қолдау тауып, еңбектің ұсынысы мен сұранысы 0 нүктесінде теңеседі.
П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:
халықтың жалпы саны;
жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;
белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);
халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.
Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).
Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.
Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.
Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:
мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді;
келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді.
Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады
49. Лоренц қисығы.Джинни коэффициенті.Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсе
тілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады.
АВС - табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды
бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни
коэффициентімен” есептеледі. Коэффициен
өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі.
Кдж= АВС ауданы
АДС ауданы
50. Капиталдың мәні,түрлері.Амортизация.Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. . Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік. Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар капиталдың заттық түрі болады көрсетті – машина, шикізат, құрал-жабдықтар. Кәсіпкерік сфераның қандайда болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы керек. Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:
капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы,
капитал деген ақша сомасы.
Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал- бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.Материалдық тозу:негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:
жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;
құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.
Моралдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:
еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.
Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).
Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.
Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақстаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.
Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек. амортизация қоры өңдірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың косымша көзі ретінде қызмет етеді.
51.Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.
Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.
52.Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті. Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді. Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.
53. Негізгі капитал — бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың кұны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады. Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғаңдай) ақшалай формада тұтас қайтады. Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады. Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан кызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларда орын алады:
Моралдық тозу — бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмеңдеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:
Аталған екі жағдайда да негізгі капиталдың құны жойылады, төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді). 54. Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер: - ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау; - жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері; - инфляция мен инфляция қарсы саясат; - экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу; - экономикалық дамудың циклдары; - ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; - мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері. 55. Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. 56. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.). Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады. ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны. Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады. ҰТ = ТҰӨ - ж.с. Мұнда: ж.с. – жанама салықтар. Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады. ЖТ = ҰТ – С+Т мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі; Т - трансферттік төлемдер. Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс. 57. Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады. Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ баға индексі Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды. ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ = С+G+І+Х; Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар, Х – таза экспорт.
ЖҰӨ =W+R+I+P; Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы. ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек. 58.Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды. 1.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы.
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі. 1.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.
Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады. 59.Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар:
Экономикалық өсуді есептеу проценттік жылдық өсу қарқынымен анықталады:
ЖҰӨ1 ЖҰӨ өсу қарқыны = ----------------- 100% ЖҰӨ0 мұндағы: ЖҰӨ1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ0 - базистік жылғы жалпы ұлттық өнім Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары. Ұсыныс факторына мыналар жатады: - табиғи ресурстардың саны мен сапасы; - халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы; - негізгі капиталдың болуы; - өндіріске қолданылатын технология деңгейі. Осы факторлар өндіріс көлемінің өсуін физикалық мүмкін етеді. Тек ғана сапасы бойынша жақсы ресурстардың көп саны технологиялық потенциалды қоса нақты өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда өсуге ықпал ету мен өсудің өзін айыра білу керек. Біріншіден, өсу сұраныс факторларына тәуелді. Өспелі өндірістік потенциалды жүзеге асыру үшін экономика кеңеймелі ресурстар көлемінің толық қолданылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жиынтық шығындар деңгейінің артуы талап етіледі. Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары да ықпал етеді. Өндірістік потенциалды мақсатқа сай пайдалану үшін тек ғана экономикалық айналымға ресурстардың толық тартылуы қамтамасыз етіліп қоймай, сондай-ақ олардың тиімді қолданылуы қажет. Өндірісті өсіруге қабілеттілік жалпы өнім шығару көлемін кеңейту үшін жеткіліксіз. Ресурстардың нақты көлемін қолдану мен оларды пайдалы өнімнің максимальды санын беретіндей бөлу қажет. Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады: - еңбек ақы мөлшері; - мемлекеттің фискалдық саясаты; - халықтың қор жинау бейімділігі. Факторлардың өсуі әсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады: олар көп факторлы және екі факторлы модельдер. Көп факторлы модель – барлық аталған факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы факторлардың бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Әртүрлі факторлардың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына әсерін тигізеді. Екі факторлы модельге еңбек және капитал жатады. Екі факторлы модельді екі вариантпен құруға болады: біріншісінде ҒТП есептелмейді, екіншісінде ҒТП есептеледі. Егер ҒТП болмаса, онда капитал қорлануы баяулап, ақтық өнім төмендеуіне алып келеді және экономикалық өсуді азайтады. ҒТП-тің орындалу шартында капитал және еңбек өнімділігі артады, инвестицияны өсіреді. Экономикалық өсуге ықпал ететін сұраныс және ұсыныс факторлары өзара байланысты екендігін айта кету қажет. Мысалы, жұмыссыздық әдетте капиталдың қорлану қарқынын, сондай-ақ зерттеулерге кететін шығындар өсімін бәсеңдетеді. Және керісінше, жаңалықтарды енгізу мен капитал салымдарының төменгі қарқыны жұмыссыздықтың басты себебі болуы мүмкін. Барлық осы факторлардың өзара әрекетін өндірістік мүмкіндіктер қисығы береді. Бұл қисық аталған технологиялық потенциал негізінде негізгі капитал мен табиғи, еңбек ресурстарының аталған саны мен сапасы жағдайында өндіріле алатын әртүрлі өнім варианттарының максимальды санын көрсетеді. Кез-келген ұсыныс факторлары тарапынан позитивті ықпалдың күшеюі өндірістік мүмкіндіктер қисығын оңға жылжытады (график 1.1).
График 1.1. Экономикалық өсу және өндірістік мүмкіндіктер қисығы Экономикалық өсудің көрсеткіштік өлшемдері ЖҰӨ және ЖІӨ болып табылады. Халықаралық деңгейде салыстыру үшін ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіштері пайдаланылады. Қазақстан 2030 стратегиясында көрсетілгендей, еліміздің гүлденуін қамтамасыз етуде ұзақ мерзімдегі басымдықтардың арасында жоғарғы деңгейдегі шетел инвестициялары мен ішкі жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу ерекше маңызды болып саналады. 61.Қазіргі кезде экономикалық өсудің үш моделі бөліп көрсетіледі. Біріншіден, кейнсиандық модель, екіншіден, Харрод-Домар моделі және үшіншіден, неоклассикалық модель. Кейнсиандық модель макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сұраныстың басты роліне негізделеді. Сұраныстың шешуші элементі – мультипликатор арқылы пайданы ұлғайтатын инвестиция. Кейнсиандық модельден айырмашылығы Домар моделінде инвестиция тек табыс емес, сондай-ақ жаңа қуаттылықтарды құру факторы. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі Домар бойынша жаңа қуаттылықтар мен жаңа табыс құратын капитал салымдарының динамикасымен анықталады. Демек, міндет инвестиция көлемі мен динамикасын анықтаудан тұрады. Домар моделінің дамуын Харрод моделі көрсетеді. Егер Домар моделі мультипликаторды пайдалануға негізделсе, Харрод моделінің негізінде акселератор теориясы жатыр, демек, ол капитал салымдары байланысты табыстың балансыланған өсу нормасын анықтайды. Харрод моделі акселератор базасы теориясында кәсіпкерлердің инвестициялық шешімдерін зерттеуге мүмкіндік береді. Неоклассикалық модель бір емес, екі өндірістік факторды ескереді және олардың өзара алмастырылуын көздейді. ЖҰӨ-нің өндірістік факторлардың әртүрлі комбинациялары есебінен мүмкін болады. Неоклассикалық модельдің аналитикалық құралдарының ішінде басты орынды өндірістік функция алады. Бұл модель экономист П.Дуглас пен математик Х. Коббтың есімімен байланысты аталады. Сонымен экономикалық өсу модельдерін келесі кесте түрінде көрсетуге болады:
62.Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады. Цикл төрт фазадан тұрады. Ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды. Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағамы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті қатаң сезінеді. Сондықтан банктік сауда пайызының нормасы өседі. Құлдыраудан кейінгі фаза – тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банктік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе-теңдік қалыптасады (тауар шығымының тоқтауы сұраныс деңгейіне дейін олардың ұсынысын азайтады). Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын, жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Келесі фаза – жандану – дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар запастарының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның азғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды. Келесі фаза - өрлеу. Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады. Несие құралдарына сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі.
63. Өндірістің циклдық дамуының себептері неде? Артық өндіру дағдарысы тұтынушылық сұраныс пен тауарлар ұсынысы арасындағы арақатынастың бұзылу нәтижесінде пайда болады. Экономикалық теорияда циклдың себептері әртүрлі түсіндіріледі: - неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарастырған; - толық тұтынбайтын концепция – экономикалық дағдарысты жұмысшылар массасының кедейлігімен түсіндіреді; - ақша-несие концепциясы дағдарысты ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың бұзылу нәтижесі деп түсіндіреді; - маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылықтарымен байланыстырады; - кейнс теориясы дағдарысты нарық механизмінің әлсіздігімен түсіндіреді. Қазіргі экономистер циклдың себептерін үш жағдаймен байланыстырады: 1. Сыртқы факторлар: халық санының өзгеруі, инновациялар, соғыс және басқа саяси жағдайлар. Халықтың өсуі өндіріс өсуіне, жұмысбастылық деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруі іскерлік белсенділікті шақырады, инвестициялауға ынталандырады. Саяси жағдай іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді. 2. Ішкі факторлар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Тұтыну әсері: фирма тұтынушыны барлық тауарлармен қамтығысы келеді, нәтижесінде тұтыну шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сондықтан өндіріс көлемі, жұмысбастылық пен сату көлемі өсіп, экономика өрлеу фазасына өтеді. Тұтыну шығыны қысқарғанда керісінше жағдай пайда болады және құлдырау кезеңі басталады. Инвестицияның әсері: негізгі қорға салынған салым жаңа жұмыс орнын ашады, тұтынушының сатып алу қабілетін жоғарылатады – бұл экономикалық өсуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялау деңгейі төмендегенде экономикалық жағдай нашарлай түседі. Үкіметтің ықпалы фискалдық және монетарлық саясатпен жүзеге асырылады. 3. Ішкі және сыртқы факторлардың синтезі. Авторлардың пікірінше сыртқы факторлар циклды қозғаушы, ал ішкі факторлар фазалық ауытқуларға алып келеді. Қазіргі теория Самуэльсон мен Хикстің іскерлік модель циклімен байланысты. Мұнда цикл ұлттық табыстың (ЖҰӨ), капиталдың қорлануымен, тұтынумен арақатынасының нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл байланыс мультипликатор және акселератор арқылы қарастырылады. 64. Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
65.Орта және қысқа мерзімде ауытқу басқаша болады, тепе-теңдік жағдайдан маңызды түрде ауытқиды. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтану бұзылады, экономикалық өсу уақытша дағдарысқа ауысады. Жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды, жеке дағдарыстар белгілі бір сфераға немесе экономикалық салаға тән. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар:
Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады. 66.Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Инфляцияға ықпал етуші факторлар мыналар:
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады: - ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы; - өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғарғы мөлшерде жұмсалуы; - өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі; - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады; - мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғарғы деңгейі; - басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы. Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Инфляция ашық және басыңқы инфляция деп бөлінеді. Ашық инфляция- еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңділік сұраныс жағына қарай өзгерсе және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция деп атаймыз. Ашық инфляция бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеледі: 1.Бағаның өсу қарқыны 2.Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы 3. Инфляцияның күтілуі және алдын-ала болжануы Бірінші белгі, яғни бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция 3 түрге бөлінеді:
Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі (жылына 10%-ке дейін). Инфляция 2-3 % болған жағдайда нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Мысалы, 1992 жылы инфляция Францияда –2,7%, Германия мен АҚШ-та –3,8% құрады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи өседі (жылына 20%-тен 200%-ке дейін). Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшыратады (тұрғындардың өмір сүру деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды). Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен 1000% және одан да жоғары өседі. Екінші белгі бойынша инфляция балансталған және баланстанбаған инфляция болып бөлінеді. Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауарлар мен қызметтер көрсетудің бір-біріне қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі пропорцияда өзгереді. Ол шағын және орта бизнестің дамуына кедергілер келтіреді. Үшінші белгі бойынша күтілетін және күтілмейтін инфляция болып бөлінеді. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляцияда бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды нашарлатады. Басыңқы инфляция оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың дамуы мен бартерлік іс -әрекетте көрінеді. Басыңқы инфляция мемлекеттің бағаны сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады. КР-да 1992 жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болды. Сосын ұшқыр инфляцияға ұласты. 1993 жылы инфляция 2260 % құраса, 1994 жылы 1258 %, ал 1995 жыл аяғында теңге тұрақтана бастады, бұл кезде инфляция төмендеп, 56-58 %-ке қысқарды. Инфляция 1996 жылы 30 %-тің маңайында болса, 1997 жылы 20 %, ал 2000 жыл аяғында 7 %-ке тұрақтады. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 жылы-11,2 %, 1998 жылы – 1,9, 2000жылы - 9,8, 2001жылы – 6,4 % құрады. Шетел экономистері сұраныс пен ұсынысқа байланысты инфляцияны екі типке жіктейді:
Сұраныс инфляциясы- бағаның жоғарлауы артық сұраныспен түсіндірілуі мүмкін. Барлық қолда бар ресурстар іске қосылғанда сқраныстың өсуі тауар көлемінің ұлғаюына алып келмейді, бірақ өндірілген тауарларға бағаның өсуіне алып келеді. Ұсыныс инфляциясы- бұл кезде өнім бірлігіне келетін шығындардың көлемі өседі. Шығынның артуы қалыптасқан баға деңгейінде фирмалар ұсынуға дайын өнім көлемін қысқартады. Нәтижесінде өзгеріссіз сұраныс жағдайында тауарлардың ұсынысы қысқарады да баға өседі. Инфляцияның өлшенуі:
ТБИ а.ж.-ТБИ б.ж. Инфляция деңгейі (баға индексі)= ------------------------- 100% ТБИ б.ж. Инфляцияның табысқа тигізетін ықпалын түсіну үшін ақшалай немесе номиналды және нақты табыс арасындағы айырмашылықты білу қажет. Номиналды табыс – бұл жалақы, рента, процент немесе пайда түрінде алатын ақша саны. Нақты табыс – номиналды табысқа алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны. Егер номиналды табыс баға деңгейіне қарағанда жоғарғы қарқынмен өсетін болса, онда нақты табыс көтеріледі. Инфляция – жалпы бағаның өсуімен болатын тұрақты тенденция. Инфляция жағдайында бағаның әртүрлі типі бірдей өзгермейді. Кейбір бағалар тез өседі, екіншілері жай өседі, ал енді біреулері өзгеріссіз қалады. Дефляция – жалпы бағаның түсуінен болатын тұрақты тенденция. Дезинфляция – инфляция деңгейінің төмендеуі, сұраныс инфляциясы артық жиынтық шығындарының салдары сияқты пайда болады. Шығын инфляциясы өнім бірлігіне орта шығындардың өсуімен жиынтық ұсыныстың өсуі негізінде пайда болады. 67. Мемлекеттің араласуы жиынтық сұранысты көбейтіп отырып, жұмыссыздықтың дәрежесін төмендете алады. Осы жағдайда пайда болатын еңбек нарығындағы күйзеліс жалақыны, бағаның инфляциялық өсуіне жағдай жасайды. Инфляцияны төмендету үшін сұранысты шектейтін саясат жүргізу керек. Ал ол өндірістің қысқаруына және жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдай тек қысқа мерзімге тән. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздықтың өте төмен дәрежесі инфляцияның өсуінен сақтайды. Статистика көрсеткіштері көрсеткендей, инфляцияны 1% төмендету үшін жыл бойы жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі 2% жоғары болуы керек. Еңбекке деген сұраныс жоғары болған жағдайда өзіне қажетті жұмысшыларды тарту үшін жұмыс берушілер жалақының жоғарғы ставкасын ұсынады. Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі. Бірақ бұл жағдай қысқа мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5-10жыл ) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды. Инфляцияны 1%-ке түсіру үшін жыл бойына жұмыссыздық 2% табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Бірақ бұл жағдай да бір шешімге келген емес. Өндірістің терең құлдырауы, яғни экономикалық өсімнің тоқтауы стагнация деп аталады. Инфляцияның стагнациямен қатар жүруі стагфляция деп аталады. 5. Д.Кейнс айтқандай және тәжірибе көрсеткендей, баяу инфляция экономика үшін пайдалы, өйткені ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті ынталандырады, экономикалық өсуге жағдай жасайды және инвестиция процесін тездетеді. Ақшаны шектен тыс шығару қолайсыз жағдайларға алып келеді. Олар: 1. Байлық пен табысты қайта бөлу; 2. Мемлекеттік кәсіпорындардың бағасы нарықтық бағадан төмен болады; 3. Салық арқылы ақша құралдарын жасырын түрде мемлекеттің тәркілеуі; 4. Ақша құралдарын тездетіп материзациялануы; 5. Экономикалық ақпараттың тұрақсыздануы; 6. Нақты проценттің төмендеп кетуі; 7. Жұмыссыздық дәрежесімен инфляция дәрежесінің қарама-қарсы пропорцияда өзгеруі. 1. Инфляция жағдайында несие беру тиімсіз болады. Сондықтан адамдар қарыз бермейді, берсе, өте жоғары процентпен береді. 2. Нарықтық экономиканың мемлекеттік секторында жеке секторға қарағанда өндіріс шығындары мен тауарлардың бағасы өте сирек қарастырылады. Әрбір инфляция темпінің өсуінде бағаны өзгертуге, мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік органдарынан рұқсат алуы керек. ¦шқыр инфляция жағдайында мұндай механизм техникасы тиімсіз болады. Осының нәтижесінде мемлекеттік сектор мен жеке сектордың дисбалансы артады. Мемлекет нарыққа әсер ететін потенциалдарын жоғалтады. 3. Салық жүйесі арқылы мемлекет тұтынушылардың табыстарын жинақтайды. Инфляцияның өсу жағдайында прогрессивтік салық жүйесі арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар мен бизнесті қосып, номиналды және нақты табыстың өсуін мемлекет тәркілейді. Бұл мемлекетке жаңа салық заңын алмай-ақ, өскен салық соммасын жинауға мүмкіндік береді. Дамыған елдерде инфляцияның темпіне қарай салықтың индексациясы жасалады. 4. Фирмалар ақша ресурстарын белсендендіру жоспарын өңдейді. Ақша құралдарын тездетіп затқа айналдырады. Бұл жағдай тауардың тапшылығын тудырады. 5. Баға нарықтық экономиканың негізгі индикаторы. Баға ақпараты бизнес үшін өте маңызды. Инфляция жағдайында баға үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан өндірушілер мен тұтынушылар оптималды бағаны таңдауда жаңылысуы мүмкін. Халықтың экономикалық ынтасы төмендейді. Ақша құралдары инфляция салдарынан қымбаттайды. Бөлек кәсіпорындар, фирмалар инфляциямен күресе алмайды. Сондықтан бұл проблема мемлекеттің макроэкономикалық проблемаларының бірі. Мемлекеттің алдында екі негізгі сұрақ тұрады: 1. радикалды шаралармен инфляцияны жою; 2. инфляцияға бейімделу. Инфляцияны жою ол экономикалық құлдыраумен, жұмыссыздықтың өсуімен және инфляциямен күресу. Бұл жолдың экономикалық және әлеуметтік шығындары жоғары, бірақ нәтижесі тиімді. Тәжірибеде көп елдер бейімделу жолын таңдайды. 68.Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Бірақ толық жұмысбастылық деген не? Толық жұмысбастылық түсінігіне анықтама беру қиын. Бір қарағанда оны барлық жұмысқа қабілеті бар тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, яғни 100% жұмыс күші жұмыс істейді деп түсінуге болады. Бірақ бұл олай емес. Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі қалыпты саналады. Толық жұмысбастылықты түсіну үшін жұмыссыздықтың типтері мен жұмыссыздықтың табиғи нормасы түсінігімен танысу керек. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық және жасырын. Фрикциондық жұмыссыздық - жұмыс іздеу және оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздық тұлғалар үшін олардың сәйкес біліктілік және индивидуальдық талабына жұмыс іздеудің белгілі бір уақытын қажет етеді. Кейбір адамдар өздерін күрделі және жоғары төленетін жұмыстарды орындауға қабілеттілігін сезінеді және сондай жұмыс орындарын іздейді. Ал кейбіреулері жұмыс орындарындағы талаптарға сәйкес келмей ақысы төмен жұмыс іздеуге мәжбүр болады. Еркін нарықтық қоғамда әртүрлі себептер бойынша өзіне ыңғайлы жұмыс іздейтін әрқашанда адамдардың белгілі бір саны болады. Бұл процестер еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды және олардың тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді. Құрылымдық жұмыссыздық. Өндіріс құрылымы өзгеріссіз қала алмайды. ҒТП және технологиялық өзгерістер нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс құрылымы да өзгереді. Кейбір мамандық түрлеріне қажеттілік қысқарады, ал кейбіреулері мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұрын болмаған жаңа мамандықтарға сұраныс пайда болады. Жұмыс күшінің құрылымы баяу өзгереді және өндірістің жаңа құрылымына сәйкес келмейді. Осының салдарынан пайда болатын жұмыссыздық құрылымдық жұмыссыздық деп аталады. Циклдық жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейінің шынайы деңгейден айырмашылығымен түсіндіріледі. Экономиканың циклдық құлдырау жағдайында капитал және тұтыну тауарларына сұраныстың жеткіліксіздігі өндірістің қысқаруына алып келеді. Бұл циклдық жұмыссыздықтың пайда болуына негіз болады. Толық жұмысбастылықтың анықталуы. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық экономикада сөзсіз кездесетін жағдай, сондықтан да олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды. Егер циклдық жұмыссыздық жоқ болса жұмысбастылық толық болады. Сонымен жұмыссыздық- еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі. Еңбекке қабілетті адамдар (жұмыс күші) – жұмыс істейтін және істемейтін жұмысшылардың жалпы саны. Жұмыс күші= жұмыс істейтіндер саны+жұмыссыздар Жұмыс күшіне жатпайтындар: 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құрамынан шыққандар. Жұмыссыздықты сандық сипаттау үшін оның деңгейінің көрсеткіші қолданылады: Жұмыссыздар саны Жұмыссыздық деңгейі = -----------------------------------*100% Жұмыс күші 70.Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді? Эконом белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байланысты белгілеген Оукен заңы. Бұл заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейден 1%-ке өсу ЖҰӨ көлемін 2.5%-ке азайтады. Осы 2,5 Оукен коэффициенті деп аталады. Бұл 1: 2,5 қатынасы жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздық пен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Мысалы, құлдырау жылдарында жұмыссыздық деңгейі – 9,5% немесе 6% табиғи деңгейден 3,5% -ке жоғары. Осы 3,5%×2,5 Оукен коэффициентіне көбейтіп ЖҰӨ -нің арта қалу көлемі 8,75% құрағанын көреміз. Басқаша айтқанда толық жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздық деңгейі болатын болса ЖҰӨ 8,75% көп болған болар еді . Оукен заңы 2 бөліктен тұрады.
Айталық, жұмыссыздық үлесі 8%, ал үкіметтің міндеті оны 6%-ке төмендету. Бұл салықтық ынталандыру ақша саясаты арқылы экономикалық өсудің жоғарғы темпіне қол жеткізуді білдіреді. Бірақ экономикалық өсу қандай болуы тиіс? Жұмыссыздық жыл ағымында 2%-ке түсуі тиіс. Бұл үкімет алдағы жылы нақты ЖҰӨ өсу қарқынын шамамен 6,5% деңгейінде қамтамасыз етуі тиіс екендігін білдіреді. Оның 2,5% жұмыссыздық деңгейін өткен жыл деңгейінде сақтау үшін қажет, ал тағы да 4% жұмыссыздық деңгейін 2%-ке қысқарту үшін қажет. 73.Салық қызметтері:
Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.
74. Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:
75. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады. Салық жүйесінің элементтері:
Салық қызметтері:
Салық жүйесінің принциптері:
Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне байланысты салықтық бірнеше түрлері бар.
76. Салық сипаты тұрғысынан:
Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:
Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:
Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды. Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді. 77. Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі. Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады, демек өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады. Қосымша жұмысшыны жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді. Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімінен түскен шектік табыс деп аталады. Шектік өнім әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандағы өнім шығару көлемінің өзгеруін көрсетеді. Шектік өнімнен түскен табыс төленетін еңбек ақыдан жоғары болғанда ғана қосымша жұмысшыны жалдауға болады. Сондықтан жетілген бәсекелестік нарықта еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады; жалақы және шектік өнім құны. Жалақы мөлшері мен жұмыс күшіне сұраныс мөлшері арасындағы тәуелділік еңбекке сұраныс қисығын береді (график 1.1). Егер шектік өнім басқа өндіріс факторларын қолданғанға қарағанда еңбекті қолдануда жоғары болса, онда еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше. Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты жалақы мөлшеріне байланысты, бірақ байланысы басқаша. Ұсыныс қисығы еңбек ақы өскенде еңбек ұсынысы көбейгенін көрсетеді. Ал жалақы түссе, еңбек ұсынысы да түседі (график 1.2). Ж
Жұмысбастылық көлемі Жұмысбастылық көлемі график 1.1 график 1.2
Еңбекке жинақталған ұсыныс халық санымен анықталады, ондағы халықтың еңбекке жарамды бөлігі орта сағат санымен, бір жылдық істеген жұмысшы жұмысы, жұмысшының еңбек сапасы жақтарын қамтиды. Еңбек ұсынысына әсер ететіндер: 1 Еңбекке қабілетті елдегі халықтың саны. 2 Жұмыс күшінің ұзақтығы. 3 Халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы. Ұсыныс пен сұраныстың қиылысқан жері жалақының теңестірілген деңгейін көрсетеді. Берілген жалақы деңгейі экономикада толық жұмысбастылықты тұрақтандырады. Еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең (график 1.3). Жалақы ставкасы
W2---------------------------------------
0 W0----------------------------------------
W1---------------------------------------
Жұмысбастылық деңгейі
график 1.3
Егер жалақы деңгейі төмен және W1 тең болса, бұл жағдай ұсыныстан көп болғаны және кәсіпорында жұмысшылар жетіспейді. Кәсіпорын жұмыс күшін ұстау мақсаты мен жалақыны көбейтеді. Сол кезде адамның көбі жұмыс алуға ұмтылады (ұсыныстың жоғарғы қозғалысы) кейде жалақының өсуі жұмыс берушілерді аз жұмысшы жалдауға мәжбүр етеді (сұраныстың төмен қозғалысы). Егер жалақы W3 деңгейіне жетсе, онда ұсыныс сұраныстан артады. Бұл жағдайда кәсіпкерлер мүмкіндігінше төменгі жалақы ұсынып, бос орынды толтырады. Төменгі жалақы кезінде жұмыс істеуге деген ынта төмендейді, демек ұсыныс азаяды. Сонымен қатар кәсіпкерлер аз жалақы мөлшерімен көп жұмысшы санын жалдай алады. Сол кезде жалақы деңгейі W2 тіреледі. Жалақының бұл деңгейі жұмысшылар тарапынан да, жұмыс берушілер тарапынан да қолдау тауып, еңбектің ұсынысы мен сұранысы 0 нүктесінде теңеседі. 78. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Ең төменгі бюджет мөлшерінің құны тұтыну құны индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамға қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету.
Осы келтірілген негізгі бағыттармен қатар, мемлекетке дейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта даярлауды, тұрғындардың жеке топтарын әлеуметтік қорғау механизмн жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады. 79. Жұмысбастылық пен инфляция арасында байланыс бар. Бұл байланыс экономист Филлипспен көрсетілген. Қисық инфляция деңгейі аз болған жағдайда жұмыссыздық жоғары, ал инфляция өскенде жұмыссыздық азаятындығын көрсетеді. 1958 ж. Филлипс номиналды жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастырды. Ол келесі шешімге келді: жұмыссыздық дәрежесінің төмендеуі, бағаның және жалақының өсуімен бірге болады (Филипс қисығы).
Қаншаға инфляция дәрежесі жоғары болса, соншаға жұмыссыздар үлесі төмен. Мемлекеттің араласуы жиынтық сұранысты көбейтіп отырып, жұмыссыздықтың дәрежесін төмендете алады. Осы жағдайда пайда болатын еңбек нарығындағы күйзеліс жалақыны, бағаның инфляциялық өсуіне жағдай жасайды. Инфляцияны төмендету үшін сұранысты шектейтін саясат жүргізу керек. Ал ол өндірістің қысқаруына және жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдай тек қысқа мерзімге тән. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздықтың өте төмен дәрежесі инфляцияның өсуінен сақтайды. 80. Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады. Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:
81. Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. 82.Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады: M · V = P · Q мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны; V – ақшаның айналыс жылдамжығы; Р – бағаның орташа деңгейі; Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны. Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі. Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:
83. . Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:
Несие функциялары:
Несиенің түрлері
Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады. Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады. Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады. Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады. 84.Банктердің функциялары:
Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:
Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:
Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:
Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:
Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
85. Несиелік белсенділікті басқару
86.Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
87.Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді. Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары. Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді. Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды. Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады. Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:
Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды. 88.Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары. Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:
Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:
Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді. Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады. Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді. 90. Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады. Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды. Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:
Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:
91. Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі. 1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:
2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі. Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.
92. Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:
93. Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.
1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады 94.451 бет көк кітап 95. 96. Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады. Банктердің функциялары:
Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:
Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:
Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:
Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:
Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
97. Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы. Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету. Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
98. 99. Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады. ЕЭА-ның негізгі мақсаттары: Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу. Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін: еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар. 100.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

алақы
ставкасы
Жалақы ставкасы