- •1.Экономикалық теорияның даму кезңдері. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны:
- •2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні. Экономикалық теорияның функциялары.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері:
- •5.Экономикалық заңдылықтар,түрлері. Экономикалық категориялар
- •7.Экономикалық қажеттілік, игіліктер.
- •9.Экономикалық ресурстар, түрлері. Ресурстар шектеулілігі.
- •10.Өндіріс, ұдайы өндіріс.Қоғамдық өнім сатылары, мәні,нәтижелері.
- •11.Қоғамдық өндіріс құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндіріс.
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •12.Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы
- •14.. Меншік.
- •15.Жекешелендіру. Мемлекет иелігінен алу. Жекешелендірудің тәсілдері
- •16.Жекешелендірудің түрлері,мақсаты.
- •17.Қазақстан республикасындағы жекешелендіру кезеңдері.
- •18.Экономикалық жүйелерді жіктеу негіздері. Экономиканың негізгі проблемалары
- •19.Экономикалық жүйелер турлері, мәні, артықшылықтары, кемшіліктері
- •20.Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: Натуралды және тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері. Тауар, қасиеттері.
- •21.Құн заңы. Ақшаның концепциясы металдық, номиналдық, сандық
- •23.Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның атқаратын қызметі,мысалдар
- •24.Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың пайда болуы.
- •25.Нарық инфрақұрылымы.Нарық,нарық түрлері.
- •27. Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері .
- •28.Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңдері.
- •29. Қазақстан-2030 Стратегиясының басымдықтары
- •30.Нарықтың мәні, элементтері
- •31. Бәсеке түрлері
- •2. Монополистік бәсеке нарығы.
- •Шоғырланудың бағыттары
- •36. Кәсіпкерліктің ұжымдық – құқықтық формалары , артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Бухгалтерлік шығындар Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •41. Кәсіпорын табысы мен пайдасы,түрлері.Экономикалық тиімділік.
- •42. Сұраныс. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы. Субститут, комплементар тауарлар.
- •43. Ұсыныс. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы, қисығы.
- •44. Тепе-теңдік баға. Тепетеңдіктің бұзылуы.
- •45. Икемділік. Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
- •46. Тұтынушы мінезқұлқының негізгі теориялары. Пайданы максималдандырудың кардиналистік және ординалистік теориялары.
36. Кәсіпкерліктің ұжымдық – құқықтық формалары , артықшылықтары мен кемшіліктері
Кәсіпорындардың негізгі формалары
Формалар |
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
Жеке шаруашылық -бизнем, иесі бір адам. |
- Іс әрекеттің еркінділігі, - тәуелсіздік, - барлық пайдаға ие болу |
- Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі, - несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі. |
Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма: - жауапкершілігі шектеулі, - толық жауапкершіліктегі, - жауапкершілігі аралас серіктестік. |
- Ұйымдастырудің қарапайымдылығы, - қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл, - мамандандырылу-дың деңгейі жоғары, - өндіріс көлемін кеңейту мүмкін-шілігі мол. |
- әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі, - серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі, - құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы, - бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі. |
Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық. |
- Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі, - фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қаймайды.) |
- Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі, - акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі, - кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі. |
38. Өндіріс факторларына сұраныс . Өндірістік функция. Өндіріс факторларының қандай болмасын жиынтығымен, осы жиынтық арқылы өндірілетін өнімнің барынша көп көлемінің арасындағы өзара қатынас өндірістік фунцияны сипаттайды. Өндірістік функция ресурстардың шығындары мен шығарылған өнімнің арасындағы технологиялық төуелділікті керсетеді.Осыны изокванта сипаттайды — өндіріс факторларының бір көлемді өнім шығару үшін бір бірімен ұштасуының бірнеше түрі болу мүмкіндігін сипаттайды. Тапсырылған өнім көлемін өндірудің көп варианты болатынын өндірістік функция көрсетеді. Өндірістік функция, қашан болмасын, тек белгілі технологиялық құрылым үшін жасалады. Факторлардың қандайы болса комбинациясында шығарылатын өнімнің қол жететін көлемін одан әрі өте жоғары кетере алатындай дәрежеде технологияның жақсартылуы, қашан болсын жаңа өндірістік функцияда орын алады. Өндірістік функцияны,тауарлардың көрсетілген көлемінің қайсысы болмасын соны өндіруге қажет шығындар санының төменін анықтап білу үшін қолдануға болады. Егер өңдіріс факторларының, немесе, ресурстардың барша жиынтығын енбектің, жердің және капиталдың шығыны деп санасақ, онда өндірістік функцияны былайша жазып көрсетуге болады:
Q = F(L, К, N),
бұнда Q — берілген технологияда және еңбектің L, капиталдың К, жердің N берілген сәйкестігінде өндірілетін өнімнің барынша көп көлемі. Әр түрлі өндіріс түрлерінің өндірістік функциясы өзгеше болса да, олардың барлығының ортақ қасиеттері бар.
Бірініші. Басқа жағдайлар бірдей болғанда, бір ресурстың шығынын көбейтіп. өндірістің көлемін өсірудің шегі болады. Айталық, фирмада станоктар мен өндірістік ғимараттардың саны берілген болса, онда жұмыскерлердің санын қосымша көбейту арқылы өндірістің шамасын өсірудің шегі болады. Жұмысшылардың саны өскендіктен болған арту бірте-бірте нольге жақындай бастайды.
Екішші. Өндіріс факторларының өзара алмасуы, немесе, бірінің орнына бірі жүре алатындығы болады. Бұл жағдайда өндіріс факторларының бірінін, орнына бірі жүргенде өндірістің көлемі төмендейді.
39. Жалпы ,орташа ж\е шекті өнім факторлардың тиімділігінің көрсеткіші ретінде.Шекті пайдалылықтың кему заңдылығыКәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.
ҒС+VС =ТС
ТС-жалпы шығындар
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.
Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:
Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:
орташа тұрақты шығындар;
орташа өзгермелі шығындар;
орташа жалпы шығындар.
Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:
Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.
Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.
Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.
Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.
Шекті пайдалылықтың кему заңы тұтынылған товарлар саны өскен сайын шекті пайдалылық азаяды. Бұл Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Госсеннің екінші заңы бойынша жалпы пайдалылықты максимизациялау кезінде барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары біркелкі болуы керек.
40.Шығындар.Шығындардың түрлері,олардың мәндері және оларға не жатады.Формулалары. Шығындар- нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Ш
ығындарды
есепке алу тәсілдері бойынша:
Айқын шығындар - шикізат, материалдарға, жолдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар.
Айқынсыз шығындар - кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларынпайдаланғандағы шығындар.
