Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен эконом теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
216.85 Кб
Скачать

27. Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері .

Өтпелі экономика типтерін өту процесстерінің сипаты мен ауқымы бойынша айырады. Өтпелі экономиканың ғаламдық және локалды типтерін бөліп қараймыз.Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екінші дәуірге өтуімен байланысты:индустриалдық дәуірге дейінгі индустриалдық

Постиндустриалдық; осылардың арасында локалдық өтпелі процестер жүзеге асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі нарықтық экономикаға өту.Өтпелі экономиканың сипаттық белгілері:

1.инерциялы экономика;Қоғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде өзінің сипатын,түрін және жағдайын өзгерте алмайды.

2. Өтпелі экономиканың тұрақсыздығы;кез келген ең жаңа экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады.

3. Өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементтер,түрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы;мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болаып,ол әртүрде байқалады.Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады.

4. Өтпелі экономиканың тарихилығы;өту белгілі бір тарихи мерзім кезінде және белгілі мемлекетте болады.

5. Өтпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы,тіршілігі,ерекшелігі бар;Себебі барлық әледік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму баспалдағында болып,экономикалық жүйенің әртүрлі моделін қолдануда.

28.Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңдері.

Қазақстан қазіргі кезде нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған құрылымдық реформаны қамтитын бағдарламаны жүзеге асыруда. Қазақстандағы экономиканы реформалау процесі 1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздікті жариялағаннан кейін күшейе түсті. Сол сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін бірнеше реформалар іске асырылды:

  1. 1992 жылы қаңтарда-бағаны ырықтандыру;

  2. 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституция;

  3. 1993 жылы сәуірде-Ұлттық жекешелендіру бағдарламасы;

  4. 1993 жылы қарашада – ұлттық валюта-теңге;

  5. 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарлама;

  6. 1995 жылы ҚР Конституциясында жеке меншікті мойындау;

  7. 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясатын жүргізу, индикативті жоспарлар;

  8. 1997 жылы қазан – Қазақстанды дамытудың 2030жылға арналған даму стратегиясы;

Еліміздің 2030 жылға дейінгі мерзімге белгілеген басты жеті бағыты мыналар:

ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік

  1. ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамды нығайту

  2. инвестицияның жоғарғы деңгейінен және ішкі қаражатпен нарықтық экономика негізінде экономиканы көтеру

  3. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жақсы тұрмысы

  4. Энергетикалық ресурстар және инфрақұрылым

  5. Кәсіпқой үкімет

  6. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес.

Өз экономикасын қайта құрудағы өте күрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол жеке меншік сектордың жоқтығы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап сауда ауқымындағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бөлісуге дейін ескі құрылымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі. Мұның сыртында экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік нарықпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың нарықтық қатынастарға барабар ойлау жүйесі болмаған.