Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен эконом теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
216.85 Кб
Скачать

25.Нарық инфрақұрылымы.Нарық,нарық түрлері.

Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

  • сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

  • экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

  • рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Қазіргі нарық инфрақұрылымсыз, яғни көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы - бұл нарық қатынастарының сәтті жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммерциялық және мемлекеттік фирмалар мен мекемелердің жиынтығы. Нарық инфрақұрылымының үш түрін ажырату қабылданған: тауар, қаржы және еңбек нарығы.

Тауар нарығының инфрақұрылымы биржалық емес сипаттағы делдал фирмалары, жәрмеңкелермен, аукциондармен, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарымен, тауар биржаларымен ұсынылған.

Қаржы нарығының инфрақұрылымы өзіне валюта және қор биржаларын, банктерді, сақтандыру компанияларын және қорлады қосады.

Еңбек нарығының инфрақұрылымы өзіне еңбек биржасын еңбекпен қамту қызметі мен кадрларды даярлау мен жұмыс күшінің миграциясын реттеуді және т.б. қосады.

26.Нарықтың атқаратын қызметтері.Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері Нарық- экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады:біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі;Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді, немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады;Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады;Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі сұранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті кеңейтеді.Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді;Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді.