Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен эконом теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
216.85 Кб
Скачать

24.Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың пайда болуы.

Нарық, айырбас, айналым категориялары өте тығыз байланысты және күнделікті тұрмыста көп кездеседі. Қоғамдық еңбек бөлінісі қызмет пен еңбек өнімдерінің айырбасталуына мүмкіндік туғызады. Бұған байланысты айырбас барлық экономикалық дәуірге кіретін экономикалық категория болып табылады. Айырбастың ең көп тараған формасы - бартер.

Бартер - бір тауардың екінші тауарға ақшасыз айырбасталуы (Т-Т). "Айырбас" пен "тауар айналымы" арасында айырмашылық бар. Тауар айналымы - жанама түрде ақша мен тауар айырбасы (Т-А-Т). Олай болса тауар айналымы ақша айналымымен байланыста болады.

Алайда көптеген жыл көлемінде тауар айналымы кездейсоқ құбылыс деп ұйғарылды. Тек ол қазіргі жалпылық сипатқа ие болған кезде ғана нарық жүйесінің дәлелін қарастыруға болады. Бұл 6-7 мың жыл бұрын болған. Алғашқы кезеңдері нарық деп - адамдар тауарлар мен қызметтердің айырбасын жүргізетін жерді атаған.

Тауар өндірісі қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңінен дамуына байланысты. Нарық әркелкі, сондықтан оны әртүрлі жақтарынан оқьп үйренуге болады. Нарықты сату - сатып алу көзқарасы жағынан қарастырсақ, ол ұсыныс пен сұраныс және өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара арақатынас сферасы деуге болады. Ал экономиканы ұйымдастыру жағынан қарастырсақ, ол экономиканы қалыптастырудың қоғамдық формасы болып табылады. Нарық қатысушылардың позициясы жағынан оны шаруашылық субъектілері арасындағы қоғамдық байланыс деп айтуға болады.

Нарық - экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады:

Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі;

Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді, немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады;

Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады;

Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі сұранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті кеңейтеді.Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді;

Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді.